Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің этникалық құрамы
Түрік қағанаты (552-603 жж)
Отыздан аса теле (түрік) тайпасы енген: қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б.
Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж)
Негізгі этникалық-саяси ұйытқысы – «он тайпа» – бес нушеби мен бес дулу тайпалары. Олар Шу, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген
Түргеш қағанаты (704-756 жж)
Сары және қара түргештер Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді, аймақ 7 мыңнан әскер жинады
Қарлұқ қағанаты (756-940 жж)
1) Қытайдың «Таншу» (VІІғ.бас) хроникасында: бұлақ, жікіл, ташлық 2) араб тарихшысы Әл-Марвази: 9 тайпа – үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси
Оғыз мемлекеті (ІХ ғ соңы – ХІ ғ басы)
Қытай деректері: байандур, имур, қайлар Арабтар қимақ тайпаларының кейбір бөліктерінің оғыздарға қосылғанын хабарлайды
Махмуд Қашқари: 24 тайпа Әл- Марвази: 12 тайпа