1 тақырып.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҮҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
/.
Мемлекет жэне куқық теориясының анықтамасы.
2. Мемлекет жэне қуқық теориясының ерекшеліктері.
3. Мемлекет жәпе қүқық теориясынын функциялары.
1. Мемлекет жэне қүқык теориясының аныктамасы.
Мем
лекет жэне құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы
заңдылықтары туралы, олардың мәні, мақсаты және қоғамдағы
дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
2. Ғылым ретіндегі мемлекет жэне қүқық теориясынын
ерекшеліктері мынада:
Біріншіден, ол қогамдық ғылым болып табылады, оның пэнін
қоғамдық құбылыстар - мемлекет пен кұқық құрайды. Бұл ерек-
шелігі арқылы мемлекет жэне құқық теориясы бірқатар басқа
ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық және т.б.) ерекшеле-
неді.
Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекепің
биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық
құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет және
құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды тікелей
зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.
Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет
пен құқықтың негізгі жэне жалпы заңдылықтары мен сипаттарын
зерттейдІ. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан
ерекшеленеді.
Төртіншіден, ол әдістемелік сипаттағы гылым болып табы
лады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықта-
рын көрсете отырып, ол мемлекеттік-кұқықтық құбылыстарды
меңі еру эдісі мәселесін қарастырады.
3.
Достарыңызбен бөлісу: