Теологиялық және патерналистік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең ерте және кәне теорияларының қатарына жатады.
Теологиялық теориялар мемлекетгің құдайшыл мәнімен келіп шыққан, бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша, құдай адамдарды жаратты, оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді.
Патерналистік тұжырымдаманың түсінігіне сәйкес, мемлекет отбасынан шығады және өзінің құрылымында, қол астындағылармен өзара қарым-қатынаста отбасының ұйымдастыру жәнее тіршілік ету принциптерін туғызады.