Балабақша – тәрбие мен білімнің баспалдағы.Отбасы – әлеуметтік қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Кез келген ата-ана өз ұрпағының қалыпты дамып, оның көп нәрсеге қәбілетті болып өскенін қалайды. Ал оның тәрбиелеу өз алдына күрделі әрі өте жауапты дүние. Себебі, бала тәрбиесі ата-ана мейірім жылуымен ғана емес, оның ақыл кеңесімен тығыз байланысты.Қазақ тарихындағы бала тәрбиесін сөз етсек, отбасында ана мейірімі мен әкенің қатаңдығынан бастау алатынын байқацмыз. Бүгінде бұл үрдіс түбегейлі өзгеріп, өз мәнін жойды дей алмаймыз. Десек те, өзгеше сипатқа ие. Бесіктен басталған бала тәрбиесі қарыштап алға дамып келе жатқан ХХІ ғасырда балабақшада жалғасын табады. Күнкөріс қамымен жүрген жұмысбасты ата-аналар үшін баланың балабақшада тәлім-тәрбие алуы тиімді жол болып табылады. Балабақша қазіргі таңда тәлім-тәрбие алатын ортасы ғана емес, сонымен қатар мектепалды даярлық мекені десек артық айтпаймыз. Үндінің ұлы философы Махатма Ганди: «Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе – оны өндіру жолындағы еңбек қана» деген екен. Ал оны түсінген адамға бұл сөзде астары терең мәнді ұғым жатыр. Міне, осы секілді елдің белді азаматы болатын,ертеңгі тұтқасын ұстайтын тұлғаны тәрбиелеп шығару жолында да балабақшаның рөлі зор. Балабақша келешек азаматтарды тәрбиелейтін шағын институт. Балғындардың шаттық күлкісіне толы бұл мекенде тәрбиеші-педагогтар баланың тәрбиесімен қатар оның дамуына да даңғыл жол салады. Себебі, балабақшада бала бойындағы ерекше қабілеті байқалады. Баланың алғашқы қылықтары көрініс тапқан сәттен бастап оның дамуындағы ерекшеліктерді назарда ұстаған жөн. Сондай-ақ, көпшілік ортаға тез үйренісіп, адамдармен тіл табысуға да балабақшаның берері мол.Әлем бойынша 40 мыңнан астам мамандық иелері жұмыс жасайды десек, солардың ішіндегі ең ауыр әрі жауаптысы ұстаздық сала. Баланың өмірге жеке тұлға ретіндегі алғашқы қадамдарын жасап, оған бағыт-бағдар беру жолында тәрбиешілердің еңбегі өлщеусіз. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарайтын тәрбиеші-педагогтар түрлі мінезі бар балалардың тілін тауып, олармен жүйелі жұмыс жасайды. Балабақшада тәрбиеленген бала белгілі бір тәртіпке дағдылана бастайды және оны заңдылық ретінде қабылдап, өзін бейімдейді. Мәселен, бала біріншіден күн тәртібіне бағынады. Уақытылы ас ішу, ойнау, теледидарды өз уақытымен көру, түскі уақыттта ұйықтау секілді дүниелерді әдетіне айналдыра бастайды. Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі. Бала өсіп келе жатқан шыбық секілді екені рас. Оған алдыңғы бунның әрбір әрекеті дұрыс дүние секілді көрінеді. Қалай баптайсың, соның жемісі өзіңе қайтады. Сол себепті әрбір тәрбиеші-педагог оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек деп есептеймін.