ОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МАМАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға толық қамтуды, мектепке дайындау үшін оларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қатынас құруын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңартуды қамтамасыз ету міндеті қойылған[1].
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамуы білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының біріне айналды. Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы. Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс.
Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі.Оған лайық болу- қазіргі жаһандану процесіндегі кез–келген мемлекеттің негізгі ұстанымы.Ендеше біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі де педагогтар қауымы. Тәрбиеші ақпаратанушы емес, баланың жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы.
Мектепке дейінгі білім берудің мазмұндық аспектілерін дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жаңартылды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беретін үлгілік бағдарламасы және мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы әзірленді.
Мектепке дейінгі білім беру тәрбиешінің жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылықты қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын, терең білім мен ұстамдылықты талап етеді. Болашақ маман балабақшадағы игіліктендіру ісінің жүйесімен, ұжымның бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстарының барысымен танысады. Осы арқылы болашақ маманның біліктілігімен қатар жалпы мәдени деңгейі көтеріледі.Мектепке дейінгі ұйымдар үшін педагогикалық кадрлар дайындау саласында білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар - мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық процесті ұйымдастыруға болашақ педагогтардың кәсіби дайындығын, мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеуге деген дайындығын қалыптастыру мәселесі болып отыр[2].
Дегенмен, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бағыттарына, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың сапасын маниторингілеуге,тәрбиеші педагогтың инновациялық қызметіне, мектепке дейінгі мамандарды кәсіби шеберлігін қалыптастыруға, мектепке дейінгі ұйымдардың сапасын басқару жүйесіне арналған зерттеулерге жете көңіл бөлу қажеттілігі туындайды.
Білім беруді игіліктендіру тәрбиеші мен бала арасының қарым – қатынасына тікелей байланысты болса, білім мазмұнын игіліктендіру берілетін білім жүйесіне жалпы адами мәселелерді ендіру арқылы адам баласы жасаған құндылықтарды балабақша тәрбиеленушісі меңгеруіне жағдай жасау. Сол арқылы өткен тарихымызды, табиғи және мәдени байлықтарды біліп қана қоймай, оны сақтауға, қорғауға тәрбиелеу. Мұндай талаптарды жүзеге асыру да жаңа тұрпатты мектепке дейінгі ұйым маманы тұлғасының сапасына енетін қасиет.
Болашақ мектепке дейінгі маман – өз болашағын жасаушы, күнделікті дәріс және практикалық сабақтарда алған білімдерін, іскерлік пен дағдысын, ерік-жігері мен шығармашылық белсенділігін іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгеруге жұмылдырып, өмір ағысына икемделе білген, болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға. Оның алдында тұрған басты мақсат – әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу жөніндегі нақты қадамдарға өз үлесін қосу, қоғамымызда жаңадан қалыптасып келе жатқан жаңа сапалық қарым-қатынастарды бойына сіңіре отырып, нарықтық қатынастар жүйесіне бейімделу. Болашақ мектепке дейінгі ұйым маманы өзінің бойындағы дарын мен қабілетті қазіргі заман талабына сай қалыптастыру, оны жан-жақты дамыту, оқу барысында алған білімін, кәсіби шеберлігі мен біліктілігін үздіксіз көтеріп отыруға дағдылану қажет. Егеменді елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастар жағдайында жемісті қызмет ету үшін, мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік қадір-қасиеттері бар, өмірге деген жеке дүниетанымдық көзқарасы бар, рухани дүниесі бай, жалпы білімі мен кәсіби біліктілігі жоғары, әрі жан-жақты жетілген, кәсіби жағынан білімдар және құзіретті мамандарды даярлау міндеті алдыңғы қатарда тұрған мәселердің бірі[3].
Бүгінгі таңда педагогика ғылымында негізгі базалық ұғымдардың бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл «білім», «білік» және «дағды» жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен бірге ол студенттердің шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді.Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын педагогикалық тәжірибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, іс-әрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады. «Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н. Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіліктер деген түсінік берді.
Ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек «Құзыреттілік – бұл білімді, іскерлікті қолдану қабілеті, оқу міндеттерін шешуде тәжірибе негізінде стандарттан тыс жағдайда адамның табысты нәтижелі әрекет ету қабілеті» басшылыққа алады немесе құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім,дағды,іскерлік,ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім[4]. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып,ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды . Жалпы құзыреттіліктің негізгі түрлері келесілер :
• Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
• Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
• Білім беру құзыреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік пси-хологияның негіздерін қолдана білу қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: |