МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТІЛІН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Ерте балалық шақ - Өмір бастауы. Оны таңғы араймен, рауандап атып келе жатқан күннің нәзік шапағымен салыстыруға болады. Баланың мектепке дейінгі өмірі көбінесе, бізге, ересектерге, байланысты. Және біз, үлкендер, баланың өмірін мейірім мен шуаққа толтыруымыз керек, олөмір сүріп жатқан ортаны рухани байтуымыз керек. Ал ортаны не рухани байытады? Мен мынадай қортындыға келдім: педагогтың басты міндеті — Бұл мектеп жасына дейінгі мекемелерде халық ауыз әдебиетін қолдануда, тіл дамуы және олармен танысу мінездемесі, қазақ хақының ауызша шығармашылық туынды түрі мен мазмұнының ерекшелігі ескертілінген. Халық ауыз әдебиеті арқылы бала тек ана тілін ғана танып біліп қоймайды, сонымен қатар оның сұлулығын меңгере отырып, өз халқының мәдениетіне араласады, ол туралы алғашқы әсерін алады. Бұл ғылыми-зерттеу жұмыс жасағанда мен мынадай болжамға келдім: егер мектепке дейінгі мекемеде халық ауыз әдебиетінің түрлерін балаға ерте жастан тиімді пайдаланса онда баланың сөйлеу тілі жақсарады, тіл байлығы молаяды, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігі артады. Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда мен халықтың сөйлеу мәнерінің бай материалы; ертегілер, санамақтар, жұмбақтар, тақпақтар, тиым сөздер, жаңылтпаштар т. б. қолданамын. Күнделікті ҰОҚ-де және күннің екінші жартысында халық ауыз әдебиетінің түрлерін қолдану барысында әр сөзді қарапайым тілмен мән-мағынасын ашып, жеткіземін, әр баламен тіл 212 ұстарту жаттығуларын жүргізе отырып, баланың жас ерекшелігіне сай тілін дамытуда әр дыбыстың дыбысталуын нақышына орай айтқызып отырамын. Тіл дамытудың негізгі міндеттерінің бірі - балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі. Мен балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым қатынас жасай білуге үйретемін. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын халық ауыз әдебиеті нұсқауларын жатқа айтып беріп, ойната тындату тиімді. Мысалы «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Бақа», «Мақта қыз бен мысық» шығармаларын ұсынуға, сондай-ақ «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ театры арқылы өткізуге болады. Жоғарыда аталған баланың тілін дамыту мәселерін шешуде мен бала фольклоры негізінде ойындар картотекасын құрдым; бұл қимылды ойындар, саусақ ойындары, жұмбақ, жаңылтпаш, көркм сөз,мақал-мәтел. т.с.с Бала тілін дамыту жұмысында ең тиімді түрі-ол әртүрлі қызықтар мен ойын-сауықтар. Сондықтан ойын-сауықтың көркем-эстетикалық циклын құрастырдым. Үстел үсті театры құрылды: «Мақта қыз бен мысық», «Маша мен аю», «Бауырсақ», «Қиярмен қырыққабат », «Ғажайып ұия», «Кемпірқосақ» т. б. Көлеңке театры: «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үш аю» .т. б. Ұлттық ойындар картотекасы құрылды: «Тақия тастамақ», «Сақина». «Ақ серек, көк серек». «Теңге алу» .т. б. мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік тұрмысын байытып, балалардың дүниетанымын кеңейтеді Кіші кітапшалар дайындалды; топта ертегілері бар аудио, видео дискілер бар; балалар суретінен байқау көрмелер уйымдастырылады; ашық тәрбие сағаты, мерекелер; сауалнама; әңгімелер; жеке, ұжымдық кеңестер; Қазақ ертегілеріне костюмдер, атрибуттар жасауға көмекке ата-аналар тартылады; бірнеше мәрте жұмыстарымен бірлесіп көрмелер ұйымдастырылады. ата-аналар бұрышында жиі-жиі баланың сөйлеу жылдамдығын дамытуға арналған материалдар, халық ауыз әдебиеті туралы альбомдар қойып отырдым. Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемеде балалармен жұмыс жасап жатырмын. Соңғы кезде балалардың сөйлеу, тіл дамуының қиындығы өткір мәселе болып тұр. Балалар халық ауыз әдебиетінде кездесетін кейбір сөздердің мән-мағынасын жете түсінбейді. Неге балалар нашар сөйлейді? Мүмкін біз олармен дұрыс сөйлесуді ұмытқандықтан болар. Әсіресе қалалық жерлерде ата-аналардың көбі орыс тілді болғандықтан балаларымен сөйлескенде мақалмәтел, нақыл сөздер , жұмбақтар, тиым сөздерді сирек қолданады. Мүлдем қолданбайтын ата-аналар да бар. Сонымен, баланы халық мәдениетіне баулуды ерте жастан бастаған дұрыс. Менің жұмысымның нәтижесі мынаны көрсетті халық ауыз әдебиетінің бала тәрбиесінде оның дамуының бастапқы кезеңінде халық даналығын бойына сіңіруде, бала тілінің дұрыс дамуына, сөйлеудің мазмұндылығы мен мәнерлілігіне, баланың сөздік қорының молаюына ықпалы зор. Бала шығармашылығы еліктеуге негізделген, ол баланың дамуында, тілін дамытуда негізгі фактор болып табылады. Балалармен жұмыс жасағанда халық ауыз әдебиетін қолдану арқылы баланың тілін, ойлауын дамыту, мінез-құлқын реттеу, жеке тұлғаның ара қатынаста дұрыс моральдық тәжірбие жинақтау үшін 214 жақсы жағдай жасай. Негізінде, халық ауыз әдебиеті адамдарда мейрім шуағын оятатын ғажайып қабілетке ие. Алдағы жұмыстарымда мен халық ауыз әдебиетінің барлық түрі мен формаларын енгізіп, тиімді пайдаланатын боламын, себебі халық ауыз шығармашылығынсыз баланы патриоттыққа, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мүмкін емес.