Соған сәйкес қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен реттеледі: демократиялық – мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысудың демократиялық жолдары, олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3 бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді»,-деп атап көрсетілген Халық мемлекеттік органдардың қызметтері мен атқаратын функцияларын өкілетті және тікелей демократияның тетіктері арқылы бақылай алады

Конституциялық - Қазақстан Республикасының Конституциясының 14 бабында «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты, немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды», - деп тең құқықтық идеясы өз шешімін тапқан. Яғни мемлекеттік органдарды қалыптастыруды және олардың құрамында барлық халықтардың қызмет істеуіне тең құқықтың болуы.

Заңдылық – мемлекеттік басқарудың ең негізгі талаптарының бірі. Барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың ҚР Конституциясын, оған сәйкес қабылданған барлық нормативтік құқықтық кесімдерді бұлжытпай орындаулары қажет.
Адам және азамат құқықтарының тиімді қорғалуын мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың қамтамасыз етуі – мемлекеттік лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын мойындай отырып, адам құқығын қорғауды ең басты құндылықтар қатарына көтерді