Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы



бет4/6
Дата22.08.2022
өлшемі58,85 Kb.
#38210
1   2   3   4   5   6
жанындағы интернаттар


Лауазымдардың атауы


Тәрбиеленушілердің саны


25-ке дейін


25-50


50-100


101-

120


121-

160


160 және одан да көп


Интернат меңгерушісі



-



-



1



1



1



1



Бас аспаз



1



1,5



1,5



1,5



2



2



Аспаз



0,5



0,5



0,5



1



1



1



Асүй жұмысшысы



0,5



1



1



1



1,5



2



Кастелянша



-



-



-



1



1



1



Кір жуатын машиналарының операторы



0,5



1



1,5



1,5



2



2



Тәрбиешінің көмекшісі



2



2



2



2



2



2



Шаруашылық меңгерушісі



0,5



1



1



1



1



1



Медбике



0,5



0,5



0,5



1



1



1






Ескертпелер:

Жалпы білім беретін мектептер жанындағы интернаттарда кемінде 25 адамнан тұратын топқа бір тәрбиеші лауазымының штат бірлігі, бірақ интернатқа кемінде 1,5 бірлік есебінен белгіленеді.


Интернатта 2 немесе одан да көп жатын корпусы болған жағдайда тәрбиешілер көмекшілерінің штат бірліктері осы корпуста тұратын тәрбиеленушілердің санына қарай белгіленеді.


Саны 100-ден астам тәрбиеленуші тұратын интернатта жатын корпустың әр қабатына 2 штат бірлігі есебінен тәрбиеші көмекшісінің лауазымы белгіленеді.


Интернаттардағы ғимараттарға, құрылыстар мен жабдықтарға қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы лауазымының штат бірлігі жалпы білім беретін мектепте көрсетілген лауазым болмаған кезде енгізіледі.

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары

Ескерту. 3-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1487 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).


Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары



Лауазымдардың атауы



Білім алушылардың санына қарай штат бірліктерінің саны



280-ге дейін



281-560



561-840



841-1120



1121 және одан да көп



1



2



3



4



5



6



Директор



1



1



1



1



1



Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары



1



1



1



1



2



Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары



1



1



1



1



1



Директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары



1



1



1



1



1



Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары



-



1



1



1



1



Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары



-



-



1



1



1



Кадрлар бөлімінің меңгерушісі



-



1



1



1



1



Кадрлар жөніндегі (арнайы жұмыс бойынша) инспектор



1



1



1



1



1



Аға шебер



1



1



1



2



2



Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы



1



1



1



1



1



Педагог-психолог



1



1



1



1



2



Әдіскер



1



1



1



2



2



Медициналық бике (фельдшер)



1



1



1



2



2



Бас бухгалтер



1



1



1



1



1



Бухгалтер



1



1



1



2



2



Оқу бөлімінің хатшысы



-



1



1



1



1



Хатшы (ісқағаздарын жүргізуші)



1



1



1



1



1



Кітапхана меңгерушісі



-



-



1



1



1



Кітапханашы



1



1



1



1



2



Жатақхана меңгерушісі



1



1



1



1



1



Паспортшы (жатақхана бар болғанда)



0,5



0,5



1



1



1



Шаруашылық (қойма) меңгерушісі



1



1



1



1



1



Қоймашы



-



1



1



1



1



Комендант (әрбір ғимаратқа)



1



1



1



1



1



Бас аспаз



1



1



1



1



1



Аспаз



2



2



2



3



4



Ас үй жұмысшысы



1



1



1



2



2



Экспедитор



1



1



1



1



1



Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа)



1



1



1



2



2



Кір жуу машиналарының операторы



1



1



1



2



2



Күзетші (әрбір ғимаратқа)



3



3



3



3



3



Вахтер (әрбір ғимаратқа)



1



1



1



1



2



Жүк тасушы



1



1



1



1



1




Ескертпелер:

1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында штат бірліктерін айқындау кезінде оқу жылының 1 қаңтарындағы білім алушылардың тізімдік құрамы бойынша саны негізге алынады.


2. Оқу процесіне электронды оқыту жүйесін енгізу кезінде немесе ақпараттық жүйені қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезінде білім алушылар санына қарамастан директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.


3. Белгіленген және жоғары біліктілік деңгейіндегі кадрлар даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар санына қарамастан директордың кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.


4. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында техникалық, технологиялық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша 12-15 білім алушыдан тұратын өндірістік оқу тобына бір штат бірлігі, ал күрделі жабдықтарға қызмет көрсетуге, қауіпті және күрделі жұмыстар орындауға байланысты кәсіптер бойынша 8-10 білім алушыдан тұратын топқа өндірістік оқыту шебері лауазымының штат бірлігі белгіленеді.


5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 500 немесе одан да көп әскери міндеттілер және әскерге шақыру жасындағы білім алушылар болған жағдайда, кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлігі белгіленеді.


6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша кемінде 150 білім алушы бар болса, ал кәсіп немесе мамандық бейінінің ерекшелігіне байланысты кемінде 120 білім алушы болса, мамандықтар тобы бойынша бөлімше меңгерушісі лауазымының штат бірліктері қосымша белгіленеді.


7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер лауазымының штат бірлігі енгізіледі.


8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік бірлестік болған кезде директордың оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасары, әдіскер, техник-бағдарламашы, аудармашының штат бірліктері қосымша белгіленеді.


9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиеші лауазымының штат бірлігі жатақханада тұратын әрбір 75 білім алушыға және әрбір 25 жетім балаға қосымша енгізіледі.


10. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 20 және одан да көп жұмыс істеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және ауылшаруашылық машиналары) болған кезде механиктің штат бірлігі белгіленеді.


11. Бірқатар пәндер шет тілінде оқытылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында шет тілі бойынша әдіскер лауазымының штат бірлігі қосымша белгіленеді.


12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша еңбекақы төлеу қорының шегінде немесе көрсетілген ақылы қызметтерден түскен қаражат есебінен қажет болған жағдайда кәсіптердің (қызметшілер мен жұмысшылардың) мынадай штат бірліктері қосымша белгіленеді: аға оқытушы, экономист, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, консультант-заңгер, мұрағатшы, оқу бөлімінің меңгерушісі, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, қойма меңгерушісі, медициналық пункттің меңгерушісі, асхана меңгерушісі, сүйемелдеуші, көркемдік жетекші, костюмер, суретші, киномеханик, үрмелі аспаптардың күйін келтіруші, дене шынықтыру және бұқаралық жұмыстар жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекші, жастар істері жөніндегі инспектор.


13. Эксперимент режимінде бірнеше тілде қатар оқытатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар саны 281-ден көп болғанда, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдарының штат бірліктері әр оқыту тілінің түріне жеке белгіленеді.

4. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары

Ескерту. 4-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 03.06.2020 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.06.2020 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.



Лауазымдардың

атауы


Тәрбиеленушілер топтарына қарай

штаттық бірліктер саны


8-ге дейін


9-14


15-30


31 және одан

да көп


Директор



1



1



1



1



Директордың оқу-


тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары



1



-



-



-



Директордың оқу


жұмысы жөніндегі орынбасары



-



1



1



1



Директордың тәрбие


жұмысы жөніндегі


орынбасары



-



1



1



1



Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары



1



1



1



1



Педагог-психолог



1



1



1,5



2



Аға вожатый



1



1



1



1



Дәрігер



1



1



1



1



Тәулік бойы кезекшілік ететін


медбике



4



4



4



4



Кіші медициналық персонал



0,5



0,5



0,5



1



Бас бухгалтер



1



1



1



1



Бухгалтер



1



1



1



1



Іс қағаздарын жүргізуші (хатшы)



1



1



1



1



Кітапхана меңгерушісі



-



1



1



1



Кітапханашы



0,5



-



-



1



Қоймашы



1



1



1



1



Кастелянша



1



1



1



1



Экспедитор



1



1



1



1



Бас аспаз



-



1



1



1



Аспаз



2



2



2



3



Асхана жұмысшысы



1



1



2



3



Кір жуу машиналарының операторы



1



2



3



3



Ғимараттарға кешенді қызмет көрсететін және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа)



1



1



2



2



Күзетші



3



3



3



3



Вахтер, әр ғимаратқа



1



1



1



1



Жүк тасушы



1



1



1



2



Ескертпелер:

1. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы білім беру ұйымдарында тәрбиешілердің саны тәрбиеленушілердің әр тобына 2 штат бірлігі есебінен белгіленеді.


2. Сыныптар және тәрбиелеу топтарының толықтырылуы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған арнаулы білім беру ұйымдары туралы тиісті нормативтік құқықтық актіде айқындалады.


3. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ жексенбі және мереке күндері осы ұйымда қалатын балалар бар арнаулы білім беру ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдар:


осындай әрбір 25 балаға бірақ әр ұйымға 0,25 бірліктен кем болмайтын тәрбиеші лауазымының 0,25 штат бірлігі;


ұйымда кемінде осындай 25 бала болған кезде аспаз лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.


4. Жүріп-тұру мүшелері, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында 12-15 – балаға бір штат бірлігі есебінен, кемтарлығы күрделі балаларға балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бір штат бірлігі есебінен логопед мұғалім және дефектолог мұғалім лауазымдары белгіленеді.


5. Бір немесе бірнеше мектепке дейінгі топтары бар арнаулы білім беру ұйымдарында әрбір топқа мынадай лауазымдар:


тәрбиеші – екі штат бірлігі;


естімейтін, нашар еститін, кейін саңырау болған балаларға, зағип және нашар көретін, ақыл-ойы кенжелеп қалған балаларға арналған топтар үшін дефектолог мұғалімнің бір штат бірлігі белгіленеді.


6. Көру қабілеті бұзылған, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі топтарында тәрбиеші көмекшісінің екі штат бірлігі, сөйлеу қабілеті өте нашар әрбір 10 балаға немесе фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбір 12 балаға логопед мұғалімнің бір штат бірлігі белгіленеді. Егер мектепке дейінгі топтардың жатын бөлмелері қатар орналасса, әрбір екі топқа 2,5 штат бірлігі есебінен тәрбиешінің көмекшісі, 0,5 штат бірлігі есебінен кір жуу машинисі лауазымдары белгіленеді.


7. Арнаулы білім беру ұйымдарында екі немесе одан да көп мектепке дейінгі топтар болған кезде аспаз және қосалқы жұмысшы лауазымдарының 0,5 штат бірліктері қосымша белгіленеді.


8. Көру қабілеті бұзылған балаларға, жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған төрттен тоғызға дейін топтары бар арнаулы білім беру ұйымдарында қосалқы жұмысшы лауазымының бір штат бірлігі, ал тоғыз және одан да көп топтар болған кезде қосалқы жұмысшы лауазымының екі штат бірлігі қосымша белгіленеді.


9. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында: тәрбиеленушілерінің саны 100 дейін осы ұйымдарда ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөніндегі техник лауазымының 0,5 штат бірлігі және тәрбиеленушілер саны 100 астам болса, 1 штат бірлігі белгіленеді.


10. Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында оқушылар бедерлі қаріптермен жазылған оқулықтар мен оқу әдебиетін пайдаланатын 4-5 топ болса, кітапханашы лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.


11. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында 3-8 сынып болған кезде – дыбысты күшейту аппаратына қызмет көрсету жөніндегі техник лауазымының бір штат бірлігі, осындай 9-16 сынып болса – 1,5 штат бірлігі белгіленеді. Сыныптардың қатарында дыбысты күшейту аппаратурасы орнатылған мектепке дейінгі топтар да есепке алынады.


12. Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында есту кабинетінің дефектолог мұғалімі лауазымының бір штат бірлігі белгіленеді.


13. Арнаулы білім беру ұйымдарында тәрбиешінің көмекшісі лауазымы әрбір жатын корпусына екі штат бірлігі есебінен белгіленеді, жатын корпусына 100 астам тәрбиеленуші орналастырылған кезде жатын корпусының әрбір қабатына екі штат бірлігі енгізіледі.


14. Арнаулы білім беру ұйымында жатын корпусынан тыс орналасқан изолятор болған кезде тәрбиешінің көмекшісі лауазымының екі штат бірлігі қосымша белгіленеді.


15. Топ саны 15-ке дейінгі арнаулы білім беру ұйымдарында жуылатын бұйымдардың бір бөлігі кір жуатын орындарға тапсырылатын жағдайда кір жуу машиналары операторы лауазымының бір штат бірлігі, ал 15 топ және одан астам болса, лауазымның екі штат бірлігі белгіленеді.


16. Жүріп-тұру мүшелері бұзылған балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарында әрбір топқа массаж жасаушы мейіргер лауазымының 0,5 штат бірлігі белгіленеді.


17. 150 астам тәрбиеленушісі бар арнаулы білім беру ұйымдарында психиатр дәрігер лауазымының бір штат бірлігі қосымша енгізіледі.

5. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет