Педагогикалық жағдаят №5 Мектепке жаңа мұғалім келді. Ол жас, көңілді және жайдары. Оны сыныпта қызыға қарсы алды. Міне бірінші сабақ. Сынып тып-тыныш, кенет «Kу-ка-ре-ку» деген дауыс шықты. Мұғалім балаларға таңдана қарады. «Қораз» дым болды, бірнеше секунд үнсіздіктен кейін сыныптың басқа бұрышынан тағы да «ку-ка-ре-ку» деген дауыс естілді. Сабақ үзілді. Сіздің ойыңызша, «Қораз» «ку-ка-ре-ку» ламау үшін, сабақ жалғасуы үшін мұғалім не істеуі керек еді? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз? Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №6 Мұғалім өзін келемеждеген хатты жолдан ұстап алды. Астында оқушының аты-жөні жазылған. Осы жағдайдағы мұғалімнің іс-әрекетінг көрсетіңіз?
Хатты көрсетіп тұрып жыртып тастайды.
Хат иесін жариялап, көркемдік шеберлігі үшін мадақтау.
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №7 Ән сабағының мұғалімі мектепте бірінші жыл жұмыс істейді. Ол 4 сыныптың сынып жетекшісі. Осы сыныпта оның сабағы басталды. Ол орындыққа отыра бергенде, кенет бір оқушы орындықты тартып жіберіп, мұғалім құлап қалады.
Осы жағдайда мұғалімнің іс - әрекеті:
Оқушыны алаңғасарлығы үшін жазалайды.
Оқушыға кешірім сұратады.
Қалжың ретінде қабылдайды.
Сіздің жауабыңыз.
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №8 Бақылау жұмысы кезінде оқушы дәретханаға сұранады.
Мұғалім: Әрине шығып кел, бірақ телефоныңды қалдырып кет, - дейді.
Оқушы: Жоқ, ата- анам телефоныңды қандай жағдай болмасын тастама деген, кім біледі қандай жағдайлар болатынын, деп жауап береді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №9 Мұғалім оқушыларға "Дәптерлерлеріңді ашып, жазыңдар...." дейді. Мұғалім бір оқушының жазбай отырғанын көріп:
Неге жазбай отырсын? - дейді.
Оқушы: Жазып не істеймін, мен мұқият тыңдап отырып, есімде сақтап аламын –деді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?