Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет12/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Дидактика - педагогиканың негізгі тарауларының бірі.
Дидактика оқытудық заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зәрттеп, шешу.
Педагогика тарихы – педагогика ғылымының жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының тарихын, қалыптасуын зерттейді.
Дефектология – педагогика ғылымынының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселерін зәрттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді. 
Сурдопедагогика – саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Тифлопедагогика – көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға білім және тәрбие беру мәселерін зерттейтін педагогика саласы.
Логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогикасы.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару зақының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.
Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі.
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет