Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары


Шалва Александрович Амонашвили



бет61/63
Дата21.04.2023
өлшемі170,69 Kb.
#85184
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан с РА тары

Шалва Александрович Амонашвили (1931-) Идеялары: ынтымақтастық педагогикасы, жеке тұлғаны демократияландыру. Ұраны: «Тәрбие процесінің барлық салаларында әр баланың жеке басына құрметпен қарау». Ш.А.Амонашвили мектеп eciriH жаңа ашқан, әлі буыны бекіп үлгермеген 6 жастағы балалардың тауын жығып, талабын қайтармас ушін оларға баға қоймайды. Балалардың еңбегін олардың тындырған icтepiнің нақты нәтижелерімен бағалайды. Мысалы: В.Амонашвили мәтіннің қатесін тапқызу әдісін қолданады, өзi қате жіберіп балаларға түзеттіреді. Диктанттың бағасын асырып, не кемітіп қою, оқушылардың өздеріне баға қойғызу тәсілдерін қолданады. Амонашвили балалардан өз сабагының ұнаған, ұнамағанын, жақсы eтіп қалай өткізуге болатынын сұрап, олардың сұрауымен сабақ береді.
В.Ф.Шаталов (1929-2020) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу процесін оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге, бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. Шаталов 1-кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, 2-кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, 3-кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, 4-кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді. 5-кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып, 6-кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бір-бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.
С.Н.Лысенкова – Ресей педагогы. Әдістемесінің негізі – бастауыш сыныптардағы оқу процесінде тірек сигналдарды пайдалану, оқу материалы туралы оқушыда тұтас түсінік қалыптастырып, "оза оқытып, перспективалы жұмыс жасау". Лысенкова оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауына, олардың сабаққа барысында көп сөйлеуіне, өздерін-өздері оқытуына көп көңіл бөліп "кері байланыс" – деп атайды. Жалпы С.Н.Лысенкова балаларға ауызша тапсырмаларды аз орындатып, бүкіл сынып қатысатын жазбаша тапсырмаларға ерекше ден қояды. Ол оқушылардың сыныбы ілгерілеген сайын көп пікірталастар өткізгенді дұрыс деп санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет