Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет27/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

Адамгершілік тәрбиесі
Жоспары:
1. Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары.
2. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары.
3. Діни-рухтың тәрбие.
4. Қыздар тәрбиесі. Жастарды отбасы өміріне даярлау.
1. Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады. Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады. Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы – әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы, ХҮП-ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айқайлап
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жанды жүрек, қан қайнап.,
Ел-жұртты қорғайлап
Өлімге жүрміз бас байлап,-деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.
XIX ғасырда өмір сүрген Д.Бабатайұлы жігерсіз адамнан ерлік іс шықпайтындығын, ерік-жігердің, қажыр-қайраттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп суреттеді.
Ер қолынан іс келмес, Жігерім болса жетем де,
Сцццардайын тцшлмей. Еліме барып цл болам.
Буынып белін бекінбей, Жігерсіз болсам жетесіз,
Зердесі жігер қайнамай... Қойын жайып құл болам...
Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймаң, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы.
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туа-ды" деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С.Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. " Тұган елін сүю сезімі туа бітпкен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ ұлжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс" - дейді ол.
С.Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих пәндерінің маңызын атайкеліп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетіну мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді.
С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген О.Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақта Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет