Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет48/64
Дата20.12.2023
өлшемі426,39 Kb.
#141260
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64
Байланысты:
Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org

ЗЕРТТЕГЕН ҒАЛЫМДАР:
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.) орыс тілін қазақтарға үйрету курсының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының авторы.
Ол орыс тілі мен қазақ тілінің айырмашылықтарын анықтады. Оқыту процесінде көрнекілік, әңгімелеу, кітаппен жұмыс әдістерін кең қолданды. Ы.Алтынсарин орыс тілін үйрету үшін дайындық сыныптарын ашты, ауызша сөйлеу тәсілі қолданылып, орыс әдебиеті, грамматиканы оқытқанда казақ тілінде аз сөйлеткен, сөздік жұмыстары жүргізілген.
1879 жылы оқу құралы "Қырғыз хрестоматиясы" шықты. Бұл бірінші, қазақ тіліндегі оқу құралы, оған ауыз әдебиеті шығармалары, өсімдік, техника атаулары енгізілді.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 жж.) қазақша оқыту әдістемесінің негізін салушы. "Оқу ана тілінде жүргізілсін" — деген талапты бастаушы.
1912 жылы тұңғыш рет "Әліппе" жазды, ол халықты сауаттандырудың басты құралы болды. Бұл оқу құралы әрі сауат ашу, өрі ұлттық дүниетінымды іске асыру мақсатын қойды. 1926 жылы бұл "Әліппенің" жете өңделген жаңа түрі жарияланып, қазақ халқының сауат ашу мектебінің басты құралы болды. Әдіскер оқушыларға ереже жаттатудық тиімсіз екенін дәлелдеп, түсіндіру, талдау, қорыту тәсілдерін қолдануды ұсынды. Сол сияқты әдебиет сабағын оқытқанда әсерлендіру, талдау, бейнелеу, тұжырымдау тәсілдерін қолдану қажет екенін "Қай әдіс жақсы" (1928ж.) деген мақаласында айңын баяндайды. Халыққа білім беру ісі үшін халықтың (ұлттың) ана тіліндегі жазуы, оқу құралдары болуы керек. Міне, осындай өзекті мәселелерге Ахмет Байтұрсынов ерекше мән беріп, ұлттық емлені, грамматиканы ғылыми негізде жаңадан құрып, оны жүзеге асыруға басшы болды. Халықты надандық түнегінен шығару үшін оған білім беру қажеттігін дәлелдеді. 1913 жылғы "қазақша оқу жайынан" деген мақаласында "бала оқытатын адам оған үйрететінін, оның көңіл сарайын, мұғалімдік ғылымды жақсы білу керек", - дейді.
Жүсіпбек Аймауытов (1890-1931 жж.)- "Тәрбиеге жетекші" (1924) деген еңбегінде баланы оқытудық ережелерін, заңдарын баяндайтын, оқытудық дұрыс жүйесін тауып, білім берудің шарттарын көрсететін педагогика бөлімі "дидактика" деп, дидактикаға қазақ тілінде тұңғыш ғылыми анықтама берген.
Ж. Аймауытов баланың ақылын, сезімін, ерік-жігерін, мінезін тәрбиелеу керектігін атап көрсетті. Балаға туған елдің салт-санасын, әдет-ғұрпын көрсетуді ұсынды. Баланың тіл байлығын арттыруға ерекше көңіл бөлді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938 жж.)- Ол зейінді тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Олар:
• мұғалімнің қатты сөйлеуі;
• суреттердің бояуының ашықтығы;
• әсердің күштілігі;
• затты көрсету, суретін салдыру, балшықтан сол затты жасату.
Баланың ойын бөлетін сабаққа қатысы жоқ заттар, мұғалімнен қорқу, не көзге түскісі келу сияқты сезімдер. Осы құбылыстарға жол бермеу үшін М.Жұмабаев сабақтарды түрлендіруді, әсерді жаңалауды, оқуды енді бастаған балаларды 5-10 минут оқытуды, жіща білім мен ескі білімдерді байланыстыруды, жақыннан алысқа, таныстан бөтенге қарай оқытуды ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет