Байланысты: Мемлекеттік емтихан сұРАҚтары-emirsaba.org
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы – педагог. Ы.Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі – адамның өзара қарым – қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе , қазақтың мәдениетін , өнерін терең білетін, ақыл – парасаты жоғары, сөзге шешен , елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім – тәрбиесін , үлгі – өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңдіре білді. Ы. Алтынсариннің ұлттық эстетикалық тәрбие проблемаларын қозғайтын арнайы еңбектерін жазып қалдырмағаны белгілі, бірақ Ы. Алтынсариннің ұлттық – эстетикалық тәрбиеге қатысты оның педагогикалық қызметінен көрініс тапты. Ы. Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт – дәстүрі, әдет – ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ы.Алтынсарин жастарды оқу – білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, айтпақ пікірін оқушы зердесіне сіңіру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады.
Бір аллаға сыйынып Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! – деген өлеңінде білім алуға үндесе, екінші жағынан , өмірдің бір қызығы тек байлықта деп ұғатын, оқу, өнер, ғылым – білімге мін бермейтін кертартпа көзқарасқа соққы береді. Өмірде сарқылмас мол байлық – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей – жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Өнерді үйрен, үйрен де жирен деп санаған халқымыз ұл қыздарының оң қолынан өнер тамған шебер болуына да мән берген.
Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік , нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер – білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту мен тәрбие процесін жүргізуші мұғалім деп таниды.Ы.Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерімен көрінеді. Шығармаларында оның өнерге деген ықылас – ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдері мен әңгімелері арқылы жастарды табиғаттың әсемдігін , адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиелейді, оның өлеңдері мен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол аймақта мектептер мен кәсіптік училищелер ашу арқылы жалпы және кәсіптік білім беру ісінің негізін қалады. Ы.Алтынсарин – қазақтың салт – дәстүрін зерттеумен айналысқан ғалым этнограф. Еңбек тақырыбы – Ыбырай әңгімелерінің арқауы. Ол техниканы меңгерген адам зор игілікке ие болады, жаратылыстың тілін біледі, оны өзінің айтқанына көндіреді , халықтың жалпы мәдениетін көтерумен қатар негізінен олардың тұрмысын жақсартады дейді.