Мемлекеттік инвестициялық



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,64 Mb.
#7937
  1   2   3   4   5   6
7937

МЕМЛЕКЕТТІК  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ

СТРАТЕГИЯСЫ



т һргни

Щ Л т ш ш т

Павлодар

Г 6

Қазақстан Республикасыньщ Білім және гылым министрлігі 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қаржы-экономика факультеті 

Менеджмент кафедрасы

МЕМЛЕКЕТТІК

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ

СТРАТЕГИЯСЫ

Мемлекеттік және жергілікті баскару  мамандықтарының

студенттеріне арналған оқу құралы

2 бөлім


Павлодар

Кереку


2 0 1 4

С. Т орайғы ров аты н дағы   П авлодар м ем лекеттік университетінін

карж ы -экон ом н калы қ ф акультетінін 

оку-әдістемелік кеңесімен баспаға усы ны лды

П ікірсарап ш ы лар

Г.  М.  Бейсембаева  -   экономика  гылымдарының  кандидагы, 

Павлодар  мемлекеттік  университетінің  профессоры,  менеджмент 

кафедрасының меңгерушісі.

Р.  А.  Хисматулин  —  экономнка  гылымдарының  кандидаты, 

Инновациалык Евразиалық университетінің профессоры.

Д.  Ж.  Турсынханов  -   экономика  гылымдарының  кандидаты, 

Инновациалық Евразиалық университетінің доценты.

К үрасты руш ы  С. М.  Хасенова 

М44 Мемлекеттік  инвестициялық  стратегиясы:  мемлекеттік  және 

жергілікті  баскару  мамандыгының  студенттеріне  арналган  оқу 

құралы, 2 бөлім / құраст. С. М. Хасенова. -  Павлодар  :

Кереку, 2014. -  69 б.

Оқу  кұраиында  Мемлекеттік  инвестициялық  стратегиясы  пэні 

бойынша 

тәжірибелік 

сабықтарга 

дайындалу 

материалдары 

ұсынылган.  Материал  негізгі  түсініктер  мен  тест  тапсырмалардың

үлкен  көлемімен  қамтылган.

Оқу  кұрал  мемлекеттік  және  жергілікті  баскару  мамандыгынын



студенттеріие арналған.

|  


ӘОЖ 330.322:321(075.8)

| а к э п е * # * ^   ғы: 

КБЖ 65.29я73

О Хасенова С. М« 2014 

© С. Торайгыров атындагы  ПМУ,  2014

Материалдың дұрыс 



болуына, грамматикалык жэне орфографиялык кателерге

авторлар мен кұрастырушылар жауапты

Кіріспе

¥сынылып  отырған  оқу  құрал  «Мемлекеттік  инвестициялық 

стратегиясы»  пәні  бойынша  5В051000  «Мемлекеттік  және  жергілікті 

басқару», 

мамандығының 

студенттеріне 

арналған. 

Оқу 


құрал

мамандықтардың  жұмыс  оқу  жоспары  және  пәндердің  элективті 

каталогы  негізінде жасалған. Оқу құрал студенттерге пәнді  игеру үшін 

қажетті  материалдармен  толықтырылган.  Оқу  әдістемелік  құрал 

студенттен  жүйелі  түрде  жұмыс  істеуді  талап  етеді.  Сондықтан  әр 

тақырыпты  дәріс  сабақтарында  зерделегеннен  кейін,  алган  білімін 

бекіту  үшін  тақырыптарга  катысты  негізгі  түсініктер  мен  тест

тапсырмалары берілген.

«Мемлекеттік  инвестициялық  стратегиясы»  пәні  бойынша  оқу 

әдістемелік құралдың  негізігі міндеттері:

- студенттің алған білімін бекіту және тереңдету;

- әдебиетпен  дербес  жұмыс  істеу  дағдысын  қалыптастыру  және

бекіту;

- студенттің  өз  білімін  тәжірибеде  қолдана  бшу  дағдысын



қалыптастыру:

3

Кәсіпоры нны ң 

инвестициялы қ 

стратегиясы  

және 

нквестициялы к кызметі



Кәсіпорынның  инвестициялық  қызметі  -   бұл  кәсіпорынның 

шаруашылық  қызметінде  маңызды  роль  атқаратын  және  өзіне  тән 

зандылықтарымен  дамып  отыратын,  өзіндік  логикага  ие  объективті 

процесс, 

себебі  инвестициялар  өзінің  экономикалық  табиғаты 

жагынан  болашақга  табысқа  жету  үшін  агымдагы  тұтынудан  бас 

тартуды 

білдіреді. 

Сол 

себептен 



инвестициялық 

процесс 


кәсіпорынның  инвестициялық  жоспарын  анықтаудан  басталады,  оны 

таңдау төмендегілерге байланысты:

- кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;

- жалпы даму стратегиялары;

- инвестициялық  ресурстардың  ішкі  және 

сыртқы 


нарық-

тарының жагдаиы;

құралдардың 



салу 

объектісі 

ретіндегі 

кәсіпорынның 

инвестициялық тартымдылыгы.

Сонымен, 

егер 

бастапқыда 



инвестицияны 

жүзеге 


асыру 

жетекшілері  өз  бетінше  инвестицияга  қатысты  шешім  қабылдай 

алатын  кэсіпорынның  жұмысы  болып  көрінсе,  онда мұндай  жагдайда 

ең  әуелі  шешімнің  зардаптарын  багалауды  үйрену  керек,  өйткені 

инвестициялардың  жүзеге  асырылмауы  да  өзінше  бір  стратегия. 

Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді  мақсаттар  кешені  жэне 

оларга  жетудің  анағұрлым  тиімді  жолдарын  тандау  түсініледі. 

Кәсіпорынның  инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді  мақсаттарға 

багытталуы 

қажет  және  сэйкес  инвестициялық  жобалар  мен 

бағдарламаларды  іріктеп  алу  арқылы  ағымдағы  шаруашылық  қызмет 

процесінде  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Инвестициялық  жоспардың 

қалыптасуы  күрделі  шығармашылық  процесті  білдіреді,  ол  кейбір 

жағдайлар  мен  инвестициялық  нарықтың  жалпы  және  жекелеген 

сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген.  Бұл 

стратегия  әрқашан  да  экономикалық  дамудың  жалпы  стратегиясы 

шеңберінде  қалыптасып,  онымен  мақсаты,  кезеңдері,  жүзеге  асу 

мерзімі бойынша үйлеседі.

Кәсіпорынның  эр  түрлі  кезеңдердегі  нақтыланған  ұзақ  мерзімді 

мақсаттары  ретінде  мыналар  болуы  мүмкін:  белгілен-  ген  нормаларға 

және  пайда  көлеміне  жету,  нарыққа  бақылау  жүргізудің  үлесін  жэне 

сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім  өндіру, 

өндіріс 

шығындарын 

төмендету 

үшін 


тозған 

қондырғыларды

ауыстыру, 

қоршаған  ортаны  қорғау  және  т.б.  Кәсіпорынның 

инвестициялық қызметке  қатысты шешім  қабылдауы бәсекелік ортада

4


дамудың  балама  нұсқаларын  таңдау  проблемасына тіреледі  жэне  бұл 

бәсекелік  орта  бір  немесе  басқа  да  салаларға  тиісті  әр  түрлі 

экономикалық,  құқықтық  және  басқа  да  факторлардың  ықпалында

болады.


Инвестициялық  кызмет  атқарылмаған  жагдайда  уақыт  өте  келе 

өндірістік  аппараттардың  моральдық  және  физикалық  тозуы  және 

өндірісті 

ұйымдастырудың 

төмендеуі 

салдарынан 

салынган 

құралдардың 

табыстылығы 

азаяды, 


бұл 

нәтижесінде 

мұндай 

кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.



Кәсіпорынның  тұрақты  деңгейін  ұстап  тұру  үшін  қолданылатын 

пассивті  инвестицияландыру  орташа  салалық деңгейден  қалып  қоюга 

әкеледі  және  неғұрлым  ұзақ  мерзімде  де  осы  сияқты  зардаптарга  ие 

болады.  Ал  табыстылықтың  салымның  орташа  салалық  деңгейіне 

дейін  өсуін  қамтамасыз  ететін  активті  инвестициялық  стратегия 

инновациялық жобалардың  іріктеліп,  жүзеге  асуын,  нарықта  белсенді 

әрекет  етуді  көздейді.  Тиімді  немесе  озу  стратегиясы  жаңа 

технологиялық  шешім  қабылдауменен  іске  асатын  және  мұндай 

салымдардың 

тәуекел-ділік 

дәрежесімен 

айрықшапанатын 

инновациялармен байланысты.

Кәсіпорынның 

инвестициялық 

стратегиясын 

қапыптастыру 

кәсіпорынның  да,  потенциалды  стратегиялық  инвестордың  да  ортақ 

мүдделерінің  қиьшысуы  кезінде  жүзеге  асады.  Ал  инвестиция  болса 

нарықта  айналысы бар  тауарды  білдіреді.  Сондықтан  оны  осы  немесе 

басқа  түрде  алу  мүмкіндігі  серіктестердің  түсінушілігі  мен  ортақ 

мүдделерін  есепке  алуга және  инвестициялық объектіні  стратегиялық 

инвестор 

тұрғысынан 

көре 

алуы 


мен 

оның 


инвестициялық 

тартымдылығын бағалай алуына байланысты.



5

2  Инвистициялық бизнес - жоспарлау

2.1  Бизнес-жоспардыц түсіиігі

Бүгінгі  қазақстандық  инвестиция  тэжірибесінде  мынадай  жагдай 

қалыптасып  отыр:  бұрын  қолданылган  түсініктер  мен  терминдер 

өздерін  тасушылармен  нарықтық  экономика  қатарына  еніп,  іске 

кедергі  келтіруде.  «Техникалык-экономикалық  дәлелдеме»  дәстүрлі 

түсінігі  де  осындай  жағдайда,  оны  көп  жагдайда  инвестициялық 

жобаға  немесе  бизнес-жоспарға  теңестіруде.  Бұның  неге  әкеліп 

соғатыны  шетелдік  инвесторлармен  байланысқа  түскен  кезде  белгілі 

болады. 

Несиені 


алута

 

кедергі 



келтіретін 

бөгеттердің 

бірі 

кәсіпорындардың  көп 



бөлігі  ТЭД-ді,  біріншіден,  жобалардың 

экономикалық 

тиімділігінің, 

өтелімділігінің 

есептеулері 

жоқ 


сызбалардың  жиынтығы  деп  түсінеді.  Жоба халықаралық  нормаларға 

сай  болуы  тиіс.  «Инвестициялық  жоба»  және  «бизнес-жоспар» 

түсініктері  көбінесе синонимдер ретінде  қолданылады,  бірақ олардын 

арасында, 

әсіресе, 

жобалык 


талдау 

тұрғысынан 

едәуір 

айырмашылыктар  бар.  Әрине,  көп  жағдайда  барлық  нәрсе  бір  немесе 



бірнеше  адамдар  ойлап  табатын  бизнес-идеялардан  (ойлардан) 

басталады,  дегенмен  бизнес-идеядан  бастап  жобаның  жүзеге  асуына 

және  оны  пайдалану  кезендеріне  дейінгі  барлық  жағдайда  көптеген 

кедергілерден  өту  қажет.  Оларды  калай  жеңуге  болады?  Бұл  жерде 

тиянақты дайын- далған  бизнес-жоспар көмектеседі.  «Бизнес-жоспар» 

термині  біздің  тәжірибемізде  тоқсаныншы  жылдардың  басында 

колданыла  басталды,  ол  кезде  еліміз  экономиканың  қайта  құрылу 

дәуіріне 

енді 

жэне 


заманның 

өзі 


нарықтық 

жағдайлардағы 

кәсіпорындарды  баскару  қағидаларын  өзгертуді  талап  етті.  Жекелей 

алсақ,  материалдық өндіріс  салаларына капитал  салымдарын дәстүрлі 

бюджет  құралдары  есебінен  қаржыландыру  іс  жүзінде  тоқтатылдьі 

және  кәсіпорындардың  көп  бөлігінің  алдында  инвестицияға  жету 

қиындығы  тұрды  да,  оның  кайтарылуы  талап  етілді.  Дүниежүзілік 

тәжірибе  бойынша,  инвестицияландыру  процесінде  бизнес-жоспар 

маңызды  элементтің  бірі  болып  табылады.  Бұл  ағылшын  тілінен 

сөзбе-сөз  аударғанда  «кэсіпкерлік  іскерліктің  жоспары»  дегенді 

білдіреді  және  осы  құжаттың  мәнінің  жоғары  болғаны  соншалық, 

Батыс  Еуропа  елдерінін  көбінің  баскару  органдарында  жаңа 

кәсіпорынды  тіркеу  үшін  тиісті  құжаттармен  қатар  бизнес-жоспар 

міндетті  түрде  көрсетілуі  тиіс.  Бизнес-жоспар  -   бұл  кәсіпкерлік 

іскерлікпен  байланысты  басқару-шылық  шешімдерді  кешенді,  жүйелі 

түрде  түсіндіретін,  алдына  қоятын  мақсаттарды  және  одан  шығатын 

міндеттерді  анық  көрсететін,  сыртқы  және  ішкі  жағдайларды

6


объективті  тұрғыда  бағалайтын,  мақсаттарға  жету  үшін  қажетті 

ресурстарды  анықгайтын,  осының бәрін сандармен  сипаттап, берілген 

шешімнің  тиімділігін  бизнеске  тартылған  барлық  қатысушыларға 

(тұтынушылар  мен  оған  ақша  салушылардан  бастап,  одан  жақсы 

нәтижелерді күтуге құқылы қоғамға дейін) дәлелдей алатын кұжат.

Бизнес-жоспар  барлық мүдделі  тұлғалар  мен  ұйымдарға  іскерлік 

ақпараттарды 

жеткізуге 

арналған: 

бизнестің 

потенциал- 

ды 


қатынасушылары  мен  көмекшілеріне,  жергілікті  әкімшілігіне,  мүмкін 

болатын инвесторларға, эксперттерге.  Бизнес-жоспарды  құжат ретінде 

түсіну  ондағы  ақпараттардың  құпиялылығын  білдіреді,  әрине,  бұл 

туралы арнайы жазбалар болуы керек.

Бизнес-жоспардың  мазмұны  кешенді  және  жүйелі  болуы  керек. 

бұл  онда  сақталған  ақпараттардың  толық  екендігін  (маркетингтік, 

қаржылық, құқықтық, экономикалық, техникалық, тарихи) білдіреді.

2.2  Бизнес-жоспар  және  ұзак  мерзімді 

инвестнциялы қ

шешімдерді қабылдау

Бизнес-жоспар жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті 

жаңарту,  оны  техникалық  қайта  қамтамасыздандыру  негізінде  жаңа 

өнім  шығаруды  іске  асыру  үшін  сырттан  қаржы  көздерін  тартумен 

байланысты  ұзақ  мерзімді  инвестициялық  шешімдерді  негіздеуде 

қолданылады.  Кәсіпорынның  капиталды  активтеріне  ресурстарды 

салғаннан  кейін  олар  «байланысты»  болып  қалады  да,  кәсіпорынның 

осы  мүлік  түріне  салынған  қаржылық  ресурстардың  сипаты  өзгереді, 

шығындардың  «капиталдығы»  олардың  өндірістік  процеске  қаты- 

сатын  басқа  шығындардың  түрлерінен  айырмашылығын,  үлкен  ақша 

сомасының ұзақ мерзімге оқшаулануын білдіреді.

Бұл  капиталдық салыным  сатып  алынган  активтерді  қолданудың 

бүкіл  кезеңінде  табыс  әкелуі  тиіс,  инвестор  салынған  капиталынан 

күтетін  табысының  нормасы  оның  басқа  бір  салаға  салынған 

салымының  табыстылығынан  кем  түспеуіне  үміттенуге  құқылы. 

Жұмыс  істеу  кезеңінің  соңында  активтер  белгілі  бір  жойылу  құнына 

ие  болады  немесе  ешбір  жойылу  құнын  иеленбейді.  Капиталдық 

активтерге  жұмсалатын  ақша  құралдары  шикізатқа,  материалдарға,

еңбек  ақысына  кеткен  шығындардан  ерекшеленеді.  Бұл  мыналармен 

байланысты:

- өнімді  өндіруге  және  өткізуге  кеткен  ағымдық  шығындарды, 

құралдардың  айналыс  процесіндегі  ұзақ  үзіліске  жол  бермей,  өнімді 

өткізгеннен түсірілген пайдадан жүйелі түрде жабу керек;

- капиталдық  салынымдар,  кәсіпорынга  ұзақ  мерзім  бойы  табыс 

әкелетін  негізгі  құралдар  түріне  айналады,  сондықтан  осындай

7


шығындардың толық ақталуы  инвестиция  айналысынын бұдан да ұзақ

мерзімде толық циклды іске асуын білдіреді.

Осыған  байланысты  қабылданған  шешімдер  ұзақ  мерзімді 

сипатқа  ие  және  ақша  ағымдарын  болжаумен  байланысты  -   бұл 

күрделі жұмыс,  өйткені көптеген факторлардың өзгеруіне байланысты 

инвестицияландыру  нәтижелерінін  де  тербелісі  болуы  мүмкін  екенін

есепке алу керек.

Жоғарыда айтылғандардан мыналар шығады:

- барлық 

инвестициялық 

шешімдер 

стратегиялық 

болып 

табылады, 



өйткені 

көп 


жағдайларда 

кәсіпорынның  ағымдағы

шығындарын алдын ала анықтайды.

Инвестициялық  шешімдер  -   ұзақ  мерзімді  шешімдер,  оларды 

болжау сипаты  кәсіпорынның қызметінің барлық аспектілерін сыртқы 

және  ішкі  факторларды  есепке  ала  отырып,  мұқият  қайта  өңцеуді 

талап етеді:

- инвестициялық  шешімдер  белгісіздікпен  және  тәуекелмен 

байланысты, сондықтан міндетті түрде арнайы құралдарды колдануды 

керек етеді (тәуекелдерді талдау);

- инвестициялық  шешімдердің  белгісіздігі  мен  тәуекелдерінің 

минимизациялануы  жоғары  деңгейде  дайындалған  ақпараттык  базаға 

негізделуі керек (шынайы және кешендік).

2.3 Бизнес-жоспардың  құрылымы мен мазмұны

Бизнес-жоспарды  жасаушылардың алдында тұрған  негізгі  міндет 

инвесторларды  тарту  болып  табылады.  Іс  жүзінде  қаржылық 

құрылымның  (потенциалды  инвестор)  әрбіреуінде  қарыз  алушыны 

несиелендіру 

максатында 

құжаттарды 

дайын-дауында 

өз 

стандарттары  (форматтары)  бар,  бірақ  қандай  жағдайда да мақсат  бір 



жобаның  қаржылық  тиімділігін  дәлелдеу  керек,  басқаша  айтқанда  — 

жобаға  салынған  ақшалар  күтілетін  пайданы  алып  келетіндігін 

дәлелдеу  керек.  Ол  үшін  алдымен  жобаның  табыс  әкелетін  бөлігін 

(өнім, баға,  нарық,  сату),  одан  кейін  шығындық бөлігін (қондырғыны, 

шикізаттарды,  материалдарды  алуға,  еңбек  ақы  төлеуге  кеткен 

шығындар)  қалыптастырады,  мұнда  бизнес  пен  қаржыландыру 

схемасының 

мүмкін 


болатын 

ұй ымд асты ру ш ыл ы қ- құқы қты к 

қамтамасыз  ету  варианттарын  есепке  алады,  осыдан  кейін  кейде 

зерттеу  мен  тәуекелді  есептеу  әдістерін  қолдана  отырып,  тиімділікті 

есептеу мен оны талдауға көшеді.

Мүмкін  болатын  варианттардың  ішінде  жаңа  өнім  өндірісінің 

бизнес-жоспарының келесі  құрылымын қарастыруга болады:

1) өндірілетін өнімнің сипаты;



8

2) өнімді өткізу нарыгы;

3) бәсекелестері;

4) маркетингтің жоспары;

5) ендіріс жоспары;

6) өндірісті ұйымдастыру;

7) заңдық жоспары;

8) қаржылық жоспары;

9) қаржыландыру жоспары;

10)резюме;

11) косымша.

Бизнес-жоспарға  қосымша  ретінде  заңдық  сипаттағы  құжаттар 

келтіріледі  (жарғылық  құжаттар,  ресурстарды  иелену  мен  қолдану

құқығы жэне т.с.с.).

Басқа  кобірек  бәлшектенген  және  іске  асып  жатқан  өндірістің 

кеңеюімен байланысты бизнес-жоспар құрылымының мысалы:

11 кіріспе;

2) кәсіпкерлік қызметтің мақсаты;

3) кәсіпорынның мінездемесі мен потенциапы;

4) кәсіпкерлік қызмет түрінің сипаттамасы;

5) енімнің сипаттамасы;

6) өнімді еткізу нарығының бағасы;

7) бәсекелестерінің сипаттамасы мен бағасы;

8) өнімді өткізу болжамы;

9) маркетинг стратегиясы;

10) маркетинг жоспары;

11) өндіріс жоспары;

12) ұйымдастыру құрылымы мен менеджмент;

13) персоналы;

14) енімнің табыстылығын талдау;

15) қаржы стратегиясы;

16) қаржы жоспары;

17) косымша.

Өнімнің  (немесе  қызмет  көрсетудің),  нарықтың,  бәсекелестердің 

сипаты,  маркетинггік  жоспар  жайлы  бөлімдер  аса  маңызды,  өйткені 

қандай  дәрежеде  нарыққа  сәттілікпен  ену  мүмкіндігінен  фирманың

сәттілігі тәуелді.

Осыған 

байланысты 



ағылшын 

сарапшыларының 

жаңадан

бастаушы 



бизнесмендерге 

арналған 

қызықты 

сұрақтарына 

тоқталайық:

- нарыққа шығу қандай тәуекелдермен байланысты;



-сіздің  жағдайыңызда  қандай  сауда  ұсынысы  бірегей  болып 

табылады;

|  өнімнің патенттік қорғалуын кай дәрежеде іске асыру керек; 

-сіздің  сатып  алушыларыңыз  тұтыну  нарығында  ма,  өнеркәсіп

нарығында ма;

- осы  мақсаттар  үшін  арнайы  журналдармен  танысу  немесе

көрмелерді аралау қай дәрежеде;

- сіздің өніміңізді тұтынушы қандай ұтысқа ие болады;

- тұтынушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  қандай

қосарлама қызметтер керек;

- өнімді өткізу жүйесі қалай құрылады.

Бизнес-жоспар  -   жаңа  бизнестің  мақсатын  немесе  қызмет  етіп 

жүрген 

бизнестің 



дамуын, 

оны 


баскару 

және 


ұйымдастыру 

міндетгерін  анықтаушы,  сонымен  қатар  қойылған  мақсатгарына  жету 

жолдары  мен  әдістерін  туындайтын  қиыншылықтарды  талдау

негізінде белгілеуші жоспарлық сипаттағы құжат.

Бизнес-жоспарды  кәсіпкерлік  саласындағы  жаңа  іскерлік  түрін 

негіздеуде  емес,  басқа  да  бірқатар  жағдайлар  кезінде  де  жасауға

болады:

- сыртқы  нарыққа  жаңа  немесе  бұрыннан  шығарып  жүрген



өніммен шыққанда;

- инвесторларды тарту қажетгілігі туындағанда;

- несие алғанда;

- қаржылық іскерліктің жоспарын құрғанда;

- өнім өндірісінің көлемі өскенде.

Бүгінгі  Қазақстан  жағдайында бизнес-жоспар  құру -  үлкен мәнге

ие  болатын  процедура,  себебі  ол  кәсіпорынның  потенциалын 

анықтауға,  жаңа  максаттар  мен  тапсырмаларды  қоюға,  жаңа 

рационалды  шешімдерді  өңдеуге,  бөлімшелердің  іс-әрекеттерін 

үйлестіруге,  кадрлардың  және  бүкіл  кәсіпорынның  әлсіз  және  күшті 

жақтарын  тануға  мүмкіндік  береді.  Бизнес-жоспар  жасауда төмендегі 

сұрақтарға баса назар аударылғаны жөн:

- сізге қанша құрал қажетті;

- сізге берілген ақша қалай жұмсалады;

- сіз  өз  өніміңіз  немесе  қызметтеріңізді  қай  жерде  және  қалай 

сатпақшысыз;

- сөз инвесторларыңызға ақшаны қалай қайтармақшысыз; 

Бизнес-жоспардың  мынадай  бөлімдері  болуы  керек.  Қыскаша

сипаттамасы.

Бұл  бөлім  екі  бетген  аспайды,  онда  бизнес-жоспардың  қысқаша 

мазмұны берілу керек:

10


- бизнестің сигіаттамасы;

- басқару;

- негізгі қаржылык көрсеткіштері;

- инвестицияның қажеттілігі.

Компания.  Бұл  бөлім  осы  шақтагы  компанияның  қызметінің 

толық сипаттамасын, оның тарихы мен стратегиясын  көрсету керек:

- компанияның тарихы;

- ағымдагы іскерлік;

- іс жүргізу стратегиясы.

Істің  саласы.  Саланың  шолуы  нарыктың  өлшемі  жайында 

ақпараттарды, 

осы 


өнеркәсіптік 

сала 


нарыгының 

негізгі 


қатысушыларын,  осы  саланың  даму  тенденциясын  қамту  керек. 

Компанияның  жетекшілері  осы  саланы  және  компанияның  дамуына 

ықпал ететін сыртқы факторларын жете түсіну керек:

- өнеркәсібі;

- жетістікке жетудің сыни факторлары;

- басқа факторларын багалау.

Өнім  немесе  қызмет  көрсету.  Компанияның  өнімін  немесе

кызметтерін сипаттау.

Сіздің  компанияңыз  үсынатын  өнімдердің  немесе  қызметтердің 

арасындагы  айырмашылыгьша  және  бәсекелестеріңіз  ұсынатын 

баламаларына ерекше көңіл бөліңіз:

- өнімдер немесе қызметтер;

- өнімді немесе қызметті салыстыру.

Маркетинг. 

Бұл 

бөлімде 


өз 

бизнесіңіздің 

нарықтық 

мүмкіндіктерін  анықтап,  бағалаңыз:  өнімге  деген  қазіргі  және 

потенциалды  сұранысты  анықтаңыз,  кәсіпорынның  күшті  және  әлсіз 

жактарына  және  бәсекелестерге  нақты  және  шынайы  бага  беріңіз. 

Дұрыс  болжамдарға  сүиене  отырып,  өз  өніміңіз  бен  қызметтеріңізге 

деген  потенциалды  қажеттіліктерді  бағалаңыз.  Есеп  «нарықтық 

тетіктерге»  сезімталдықты  және сыртқы ортадагы  өзгерістердің сіздің

бизнесіңізге әсерін көрсету керек.

Талдау  жүргізу  барысында  мүмкіндігінше  нарықты  зерттеуге



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет