Мемлекеттік бюджет матеиалдық өндіріс аясында да үлкен ролді атқарады.
4. Бюджет жүйесінің құрамы мен құрылымы
Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік –экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады.
1996 жылдан бастап мемлкеттік бюджеттің құрылымы 5 бөлімнен тұратын жаңа сыныпталу (жіктелу) негізінде қалыптасады.
Бірінші бөлім «Кірістер мен арнайы алынған транферттерге» кірістердің 4 категориясы кіреді:
1. Салықтық түсімдер ( 75% жуық)
2. Салықтық емес түсімдер ( 11 % жуық)
3. Капитал мен жүргізілетін операциялардын түсетін түсім ( 13%)
4. Сырты және ішкі көздерден алынған арнайы трансферттер (гранттар) из внешних и внутренних источников ( 1%)
Екінші бөлім «Шығындарға» келесі функционалды топтар кіреді:
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер: заңдылықты, атқарушы органдар, фундаменталды ғылыми зерттеулер ( 11%жуық)
2. Қорғаныс саласы (5%)
3. Қоғамдық тәртіп пен қәуіпсіздік ( 8 %)
4. Білім ( 18%)
5. Денсаулық сақтау( 14%)
6. Әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру ( 12%)
7. Демалысты ұйымдастыру және мәдениет аясына ( 3%)
8. Отын –энергетика кешені ( 1 %)
9. Ауыл шаруашылығы, су жәнеорман шаруашылығы ( 3%)
10. Тау –кен өнеркәсібі ( 1 %жоғары)
11. Көлік және байланыс ( 0,1%)
12. Экономикалық қызметпен байланысты қызметтер ( 10%)
13. Үкіметтің резервті қоры (15 %)
Бюджет қаражаттарының шығыс бөлігінің 50% астамы әлеуметтік –мәдени шараларды қаржыландыруға бөлінеді. Қалған қаражаттар мемлкеттік билік, басқару органдарының, құқық қорғау орагандарының сот органдары мен прокуратура органдарын қаржыландыруға жұмсалады.
Үшінші бөлім «Неселеу шегерілген несиені жабу» бөлімі. Бұл бөлімге бюджеттік несиелеу бойынша төлемдер сонымен қатар таза несиелеу қаржаттары кіреді.
Төртінші бөлімде бюджет кірістері мен шығыстарының арасындағы айырмашылық түріндегі бюджет тапшылығының көлеміне несиенің көлемі қосылып, төленген қаражаттар алынып тастағанннан қалған сомма жазылады. Бесінші бөлім «Бюджет тапшылығын қаржыландыру» деп аталып, тапшылықты жабу көздерін бейнелейді. Атап айтсақ:
• Ішкі қаржыландыру – мемлекеттік бағылы қағаздарды шығару арқылы, ұлттық банк несиелерін пайдалану арқылы
• Сыртқы қаржыландыру – халықаралық қаржылық ұйымдар мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы
Көптеген мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі ағымдық шығындар бюджеті және даму бюджеті болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі бюджеттің жіктелуіне байланысты. Бюджеттің жіктелуі- бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы.
Шығындардың экономикалық жіктелуі (сыныпталуы) оларды 4 бөлім бойынша экономикалық нысандарына сай бөлістіреді:
Ø Санат (категория)
Ø сынып
Ø сыныпша
Ø ерекшелік
Шығындар санатына (категориясына) келесілер жатады:
ü ағымдық шығындар
ü капиталдық шығындар
ü несие беру
ü қаржыландыру
Сынып, сыныпша және ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды Мысалы, жымысшылардың еңбек ақы қоры – бұл жұмысшылардың еңбек ақысын білдіреді.
Бюджеттік жіктелу тиімді басқаруға қол жеткізу үшін шығындар мен кірістерді жан-жақты және орын-орнымен жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік шығындардың ролін анықтау үшін оларды белгілі бір нысандары бойынша жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін жіктеудің бірнеше нысандары бар. Ең бастысы бюджет шығындар олардың ұлғалмайлы өндіріс үрдісіне ықпал ету дәрежесіне байланысты бөлінеді. Сонымен қатар капиталдық және бюджеттік шығындарды бөліп көрсетуге болады. Ағымдық шығындарға заңды тұлғалардың ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттарды айтамыз. Бұл шығындарға:
§ мемлекеттік тұтыну шығындары (экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, мемлекеттік салалардың шығындары, азаматтық және әскери сипаттағы тауарларды сатып алу, мемлкеттік мекемелердің ағымдық шығындары)
§ төменгі сатылы билік орагандарына, мемлеекттік және жеке кәсіпорындарға ағымдық субсидияның бөлінуі