Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына негізделіп қалыптасады.
Бюджеттің бірлігі қағидасы бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай –ақ бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын сипаттайды.
Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді.
Нақтылық немесе реалистік қағидасы жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді.Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде –бір елде дұрыс сақталынбайды.Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады.
Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді.
Осыған орай, мемлекеттік бюджет мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.
2. Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде қаржының – бөлістірушілік және бақылаушылық категорияларына сәйкес алдына міндетті талаптар қояды. Бұл қызметтердің әрекетке келуі қарастырылып отырған бюджеттік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.
Бюджет экономикаға бюджет механизмі арқыры ықпал етеді. Осының нәтижесінде бюджеттің экономикаға әсер ету құралы ретіндегі ролі айқындалады.
Бюджет механизмі (тетіктері) – мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен тәсілдері. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорларының сандық мөлшерін бекіту арқылы, бюджетті орындау барысында қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу әдістері мен тәсілдерін бекіту арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің ролі ең біріншіден, ұлттық табыстың 30% жуығын, ішкі жалпы өнімнің -20%, жалпы қоғамдық өнімнің-10% бөлістіру арасында анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды халық шаруашылығының әр түрлі салаларының, қоғамдық қызмет аяларының, мемлекеттің экономикалық аудандарының, аумақтарының арасында бөлістіреді.
3.Бюджет жүйесін қалыптастыру қағидалары
Меншік формаларының әртүрлілігі шаруашылық жүргізудің болжамдық-жоспарлы негізін құруға негіз болады. Шаруашылық жүргізудің бұл әдісі бюджеттік қатынастардыңқалыптасуныңда негізгі нысаны болып табылады. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы қорларының қозғалысының қалыпты жоспарлы нысаны мемлекеттің сәйкес қаржылық құжаты- негізгі қаржылық жоспарда бейнеленеді. Негізгі қаржылық жоспар мемлекеттің жоспарлы қызметінің -өнімі болып табылады; онда мемлекеттің еркі мен қоғамның барлық мүшелерінің көзқарасы бейнеленеді. Қаржылық жоспар мемлекеттің бюджет туралы Заңына сәйкес орындалады.