Мемлекеттiк сатып алу туралы


-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету



бет24/48
Дата06.01.2022
өлшемі69,27 Kb.
#12357
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
25-бап. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету


      1. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзі:


      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған жағдайда, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасатындығының;



      2) мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасқан жағдайда, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) оны енгізу мерзімдері туралы талаптарды тиісті түрде орындайтындығының кепілі ретінде енгізеді.


      2. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.


      3. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін:


      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банк шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілді ақшалай жарнаны;



      2) қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы банк кепілдігін таңдауға құқылы.



      Әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі өткенге дейін, енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығы үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.



      Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының әлеуетті өнім беруші енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.


      4. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:


      1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;



      2) конкурс жеңімпазы не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса отырып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда, конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.


      5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар немесе олармен үлестес заңды тұлғалар кірісінің есебіне жатқызылады.


      6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап:


      1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;



      2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;



      3) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім беруші енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді өзіне қайтарады.


      7. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім беруші біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет