Мемлекеттiк сатып алу туралы


-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару



бет42/48
Дата06.01.2022
өлшемі69,27 Kb.
#12357
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
44-бап. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару


      1. Егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) осы Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.


      2. Мемлекеттiк сатып алудың жеңімпазы (екінші орын алған әлеуетті өнім беруші) деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол енгiзген конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет