Мен қазіргі таңда қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі мамандығында оқып жатырмын. Ағылшын тілі менің



Pdf көрінісі
Дата28.10.2022
өлшемі37,2 Kb.
#45996


Эссе
Мен қазіргі таңда қазақ тілі жəне əдебиеті пəнінің мұғалімі 
мамандығында оқып жатырмын. Ағылшын тілі менің 
мамандығымда оқуға несімен көмектесуі мүмкін деген сұрақ 
біраз ойландырғаны рас. 
Жəне де ойлана келе, мен ағылшын тілін мамандығым 
үшін де, өзім үшін де үйренуге итермелейтін бірнеше себеп 
таба алдым. Біріншіден мемлекетіміз қазір үш тілді жетік 
білетін мамандар дайындау мақсатында көптеген істер жүзеге 
асырып жатыр. Сол мамандар қатарында үш тілді де меңгерген 
қазақ тілінің мұғалімі болса нұр үстіне нұр емес пе? 
Екіншіден, ағылшын тілін білу арқылы мен өз 
карьерамның өсуін қамтамасыз ете аламын. Жəне де өзімді 
жан-жақты дамыта аламын. Себебі барлығымызға аян, 
əлеуметтік желілерде де, əртүрлі ақпарат көздерінде де 
көптеген жаңалықтар, ғылыми мақалалар негізінен ағылшын 
тілінде жарияланады. Бұл тілді үйрену арқылы мен оның 
барлығын тікелей оқып, зерттей аламын. 
Үшіншіден, ағылшын тілін білу арқылы мен шет ел 
университеттерінде білім алып, біліктілігімді арттыру 
мүмкіндігіне де ие болуым мүмкін. Оның үстіне қажет болған 
жағдайда өзге ел өкілдеріне қазақ тілін, тарихын, мəдениетін 
еркін таныстыра аламын, тіпті шет елдік студенттерге қазақ 
тілін үйретуім де мүмкін болады.
Қорыта келгенде, ағылшын тілін білу арқылы мен өзім 
үшін мыңдаған мүмкіндіктердің есігін ашамын. Жоғарыда атап 
өткендерім сол мүмкіндіктердің бір бөлігі ғана десем артық 
айтқандық емес. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет