Мен нақ осы сауал ту ра


Тельмандықтар енді тендерге телміретін болады



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата15.03.2017
өлшемі3,01 Mb.
#9606
1   2   3   4   5   6

Тельмандықтар енді тендерге телміретін болады. 

Улы қалдықтардан құтылатын күн де алыс емес 

шығар деген сенімге де селкеу түскелі қашан? 

Қырқына шыдаған соң, қырық бірі де не тәйірі, 

алайда тельмандықтар улы қалдықтан бір-екі жылда 

да құтыла алса жақсы...

 

Әскердегі суицидтің тыйылмай отыруының сыры неде?



Наталья РАСПОПОВА 

– психиатрия, 

психотерапия мен 

наркология орталығы 

суицидология мен 

эпидемиология 

бөлімінің меңгерушісі:

Болат 

САЙЛАН, 

Ауған соғысының 

ардагері: 

Зүлфия 

БАЙСАҚОВА, 

«Қазақстанның 

дағдарыс орталықтары 

одағы» бірлестігінің 

басқарма бастығы: 

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Өзімнің туған ұлым қазір Ақтауда борышын өтеп жат-

қандықтан, мен бұл мәселені жан-жақты зерттеп жүрмін.  Ме-

нің ше, әскердің жалпы жүйесінде қателіктер бар. Офицерлік 

құ рамнан бастап, қатардағы жауынгерлерге дейін әлсіздер мен 

мықтылар деп бөлінеді. Әскеріміздің іші темір тордың ар 

жағындағылардың «ішкі заңдарын» қабылдап алғандай. Әскер 

де – білім ордасы. Әскер қатарына барған жауынгер кім кө-

рінгеннің қалауын орындаумен емес, ел қорғау өнерін үйренуі 

қажет. Сәйкесінше, олардың барлық уақыты жаттығу мен білім 

алуға жұмсалуы тиіс. Қарап отырсақ, қазір біздің әскерде 

логикалық ойлануды үйретпейді. Құр әншейін далақтатып жүгір-

те беру қазіргі заманның қажеттілігі емес. Дамыған заманның 

талаптары да басқашалау. Әскерді көше заңдарынан аластау 

жұмысына ішкі істер министрінің өзі кірісуі тиіс. Мәселен, бір 

бозбала өзіне қол жұмсаса, оған өзі ғана кінәлі емес немесе 

соған кесірін тигізген маңындағы бір-екі бұзақы ғана емес, 

бүтіндей әскери жүйе, қоғам кінәлі.

– Адамдардың өзіне қол жұмсауының себептері әртүрлі 

бола береді. Ересектердің өмірмен қош айтысуын көбіне 

қандай да бір тұрмыстық себептермен түсіндіруге болады. 

Ал жастардың арасындағы суицид оқиғаларының себептері 

мамандарды мүлде тығырыққа тірейді. Күткен үмітінің 

ақталмауы, зорлық-зомбылық, махаббаттағы сәтсіздік 

секілді оқиғалар көп. Бірақ соның барлығы жасөспірімдердің 

жас ерекшелігіне байланысты психикалық проблемаларына 

келіп тіреледі. Психикалық әлсіздіктің барлығы дұрыс 

тәрбие бермеуден туындайды. Жастар ҰБТ-дағы сәтсіздігі 

үшін де өзіне қол жұмсаған соң, басқа қандай себеп іздеуге 

болады.  Яғни болмашы қиындықтарды көтере алмайды. 

Сондықтан еліміздегі суицидтердің себебін осы тәрбиеден 

көру керек.

– Жастарды әскерге психологиялық тұрғыдан дайындау керек. 

Азаматтарымыз соғысты былай қойғанда, әскердің өзіне шыдай 

алмауы, ең алдымен тәрбиесінің әлсіздігінен болуы мүмкін. 

Заманымыз еркін болып бара жатқан соң, жастар бірден әскери 

тәртіпке көндіге алмай қалады. Әлімжеттік көрсету біздің де 

кезімізде болды, қазіргіден кем емес. Сондықтан әскердегі 

жастардың моральдық-психологиялық халін жіті бақылап отыру 

керек. Өмірдің қиындықтарына төзу жайында алдын ала сабақтар 

жүргізілуі керек. Және оны әскерге бармай тұрып, мектеп жасынан 

дайындау керек. Нағыз қиындықты бастан кешіп, от ортасында 

жүріп, жаумен арпалысқан Отан соғысында да, Ауған соғысында 

да жауынгерлердің өзіне-өзі қол жұмсауы деген болған емес. 

Мәселен, өз басым куә болған Ауған соғысы кезінде ондайды 

естіген емеспін. Яғни меніңше, жастардың бойында ерік-жігер, 

ерлік пен өрлікке ұмтылдыратын, патриоттық мінез қалыптас-

тыратын сабақтар жүргізілуі тиіс. Әйтпесе кейбір жастар өзін 

әскери борыш өтеуге емес, темір торға түскендей сезінеді. 

Сауалнаманы жүргізген Сәкен КӨКЕНОВ

P.S. 

туындатады. Мұндағы тұрғындардың дені 

аталған аурулардан азаты жоқ, ғұмырында 

түшкіріп, пысқырып, тұмаумен ауырып 

көр 

мегендердің тұншықпа дертіне яғни 



де 

мікпеге шалдығып жатқандары көп. 

Дәлел де жетерлік. 

Осы маңға жақын тұратын Марат На-

ров деген азаматтың отбасы осы улы хи-

микаттан туындайтын аурулардың бар лық 

түріне шалдыққан. Отағасы астма дертімен 

18 жылдан бері зардап шегіп келеді. Әсі-

ресе әлгі аймақтан шаң кө те рілген кез де рі 

айналаны сасық иіс жаулап, ты ныс алуы 

қиындап, «Жедел жәрдемнің» көме 

гі 


не 

жү гінуге тура келеді екен. Үлкен ба ласы 

15 жылдан бері терi ауруымен ауырса, та-

ғы бір баласына асқазан жарасы жа быс-

қан. Қызының соңғы екi жылда тiстерi түсе 

бас таған. Денсаулықтары сыр беріп, ша-

ғым айтушылар тіптен көп. Қанша қауіпті 

ай мақ болса да, бұл жер қоршалмаған. 

«Қорыған жерге бала мен ит өш» дегендей 

ойын балалары осы жерге келіп ойнайды 

екен. Бүгін білін 

бегенмен тельмандық 

бүл діршіндердің дені ертең мүгедек бо-

лып жатса, кімді кінәларсың? Тель 

ман-

дық тардың мұң-зарына құлақ асқан Абай 



аудандық СЭҚБ қызметкерлері қаншама 

мәр те дабыл қаққанымен, дауа болмаған. 

Был 

тыр ғана дабылдан дауыл туындап, 



қа ла лық әкімдікті әбігерге салады. Сөйтіп, 

әкім орынбасарларының біріне улы көм-

бе 

нің көзін құрту тапсырылады. Алайда 



бұл іс тағы да аяқсыз қалып кетті. Қазір 

айқай-ұйқай да команда тәрізді. Әкіммен 

келетін команда сияқты тұрғындар тара-

пы нан көтерілген дабыл да әкім ко ман да-

сымен бірге көшіп кететін сықылды. Хо-

о-ш, сонымен бұл тапсырма да әкім орын-

ба сарымен бірге «көш түзегендей»  жоқ 

бо лады. 

ОҚИҒА

Өткен түнде Алматы 

қаласының Түрксіб ауданындағы 

«Восток» кафесі түгелдей өртеніп 

кетті. Сағат 03.22-де болған 

төтенше оқиғаның салдарынан 

бір адам жарақаттанып, 

ауруханаға жеткізілді. 

Дәмхана түгел 

өртеніп кетті

Абырой болғанда, бір қабатты үй өзге 

үй лерден жырақта тұрған. Өрт шалған жер 

көлемі 400 шаршы метрді құрады. Өрт 

сөндірушілер екі сағат өткен соң ғана тілсіз 

жаудың бетін қайтарды. Дәрігерлердің ай-

туынша, №4 қалалық ауруханаға жет кі зіл-

ген 1986 жылғы А. Қабиев деген аза мат-

тың оң жақ жауырыны жарақат тан ған.

Гүлшат ДӘУРЕНБЕКОВА, Алматы 

қалалық төтенше жағдайлар 

департаментінің баспасөз қызметінің 

жетекшісі:

– Өрт туралы хабар келгенде Гете 

көшесі, 272-үй мекенжайы бойынша 

тоғыз арнайы техника мен бір қосалқы 

техника, жалпы саны 36 адам оқиға 

орнына шықты. Өрт сөндіруге Түрксіб 

ауданы бойынша №4, №11   өрт 

сөндіру бөлімдері жұмылдырылды. 

Тұтану неден болғаны және қаншалықты 

шығын келтіргені жайлы ақпарат 

анықталып жатыр.

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ



Қаржы полицейі 

болсам, қызға ұнаймын 

деп ойлапты

Әскерилер Қазақстанда 

жасалған бірегей 

аппаратпен 

тексерілетін болды

Қалалық ішкі істер департаменті ма-

ман  да рының  мәліметінше,  полицейдің 

фор  ма сын  бұзақы  «Сайран»  автобекетінен 

ал 

ған. Тігіншілер сатып алушыдан еш-



қандай да куәлікті талап етпей, иықбелгіні 

тігіп бе 

ре салыпты. Жалған полицей 

көшеде емін-еркін тұрған кезде, өзінің 

шын мәніндегі әріптестерінің көзіне түсіп, 

олардың күдігін келтірген. Құрықтау ба-

рысында жалған сақ шы ұзақ қарсыласпады. 

Ол өзінің еш жерде жұмыс жасамайтынын 

және по ли цей формасын жақында ғана 

танысқан қыз ға ұнау үшін киіп жүргенін 

айтқан. Кү діктінің басқа да қылмыстары 

жайлы ақ парат анықталып жатыр. 



Нұрбақыт КҮНТУБАЕВ, Алматы қаласы 

ішкі істер департаментінің Жол 

полициясы басқармасы жеке 

батальонының инспекторы, полиция аға 

сержанты:

– Жүргізуші аға лейтенант шеніндегі 

по лицей формасында болған. Шын ды-

ғында, автокөліктен шыққан ол өзін 

«қар жы полициясының қызметкерімін» 

деп таныстырып, ал «қызметтік куәлікті 

үй де ұмытып кеттім» деген сылтау айт-

қан. Форма киімінің сәйкессіздігі, со-

ны 

мен бірге көрсетуіндегі айыр 

ма-

шылығы бізге күдік тудырды. Сон-

дықтан бұл жерге біз әріптестеріміз бен 

атал мыш азаматтың өзін кімге балап тұ-

руының жалғандығын анықтаған өзін-

дік қауіпсіздік басқармасының қыз мет-

керлерін шақырдық.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз 

қызметінің хабарлауынша, жаңа аппарат 

әскерилерге жылжымалы болғандығымен 

де тиімді. Мәселен, арнайы құрылғысы 

бар кабинет Ақмола облысының кез келген 

әскери гарнизонына, соның ішінде, 

Қорғаныс министрлігінің ғимаратына да 

бара алатын болды. Сандық аппаратта 

сақталған мәліметтердің жарамдылығы 

уақыт талғамайды. Ақпараттарды басқа да 

электронды тасымалдаушы құралдармен 

жүктей беруге болады. Ең басты артық-

шылығы – сандық жүйеде жұмыс жасайтын 

құрылғы Қазақстанда жасалған. Қазақстан 

әскерінің басты ауруханасында тағы бір 

жаңалық бар – мұнда мұрын қуысы жара-

лан ғандар үшін тұңғыш рет эндоскопиялық 

микрогайморотомия операциялары да 

жүргізілетін болды.



Ардақ ҚҰЛТАЙ 

Алматы облысының 23 

жастағы тұрғыны өзін қаржы 

полицейімін деп, жұртты алдап 

жүр екен. «Мерседес» мінген 

жалған полицей кеше сағат 06.00 

шамасында Рысқұлов даңғылы  

мен Жансүгіров көшеcінің 

қиылысында ұсталды. Жігіт 

әкесінің автокөлігін рұқсатсыз 

айдап кеткен.

ҚР Қорғаныс министрлігінің 

Бас әскери ауруханасында 

флюрографиялық тексеруден 

өткізетін рентгенологиялық 

жаңа құрылғы іске қосылды. 

Оның дәстүрлі флюрографиялық 

аппараттан айырмашылығы 

– адам ағзасына рентген 

жарықшағын түсірмейді. 

АЛАШ-АҚПАРАТ



Көкшетаулық азамат төрт 

адамды лапылдап жанып жатқан 

өрт аузынан аман алып шықты. 

Тілсіз жаудың құрсауында қалған 

бір кейуана және кәмелетке 

толмаған үш бала қазір оған мың 

алғысын жаудыруда.

Төрт адамды 

ажалдан 

арашалады

Облыстық төтенше жағдайлар 

жөніндегі басқармада аға инженер болып 

жұмыс істейтін Талғат Ілиясов енді 

әріптестерінің арасында құрметке бөленіп 

жүр. Өйткені оның жасаған ерлігі кез 

келген адамның қолынан келмейді. Түнгі 

сағат 11-лер шамасында аға инженер 

ауладағы дүкенге нан алуға шығады. Сол 

сәтте өз үйіне қарама-қарсы ғимараттардың 

бірінде өрт болып жатқанын көзі шалады. 

Талғат дереу түтіні сыртқа теуіп жатқан 

терезеге беттейді. Бөгелместен қарғып 

ішке енеді. Қою қара түтін қолқасын атып, 

бір бұрышта бүк түсіп жатқан үш бала мен 

бір кейуананы кезек көтеріп, сыртқа 

шығарады. Дәл сол кезде қызыл жалынның 

құрсауында қалған бала-шағасын құтқара 

алмай дал болып жүрген баспана 

қожайыны «қуанғаннан жүрегім жарылып 

кете жаздады» дейді бейтаныс жігітке ақ 

алғысын ақтарып тұрып. Расында төрт 

бірдей адамның өмірін ажалдан арашалап 

қалған азаматты ер демей көр енді. Ал 

Талғат болса, мұнымен шектелген жоқ. 

Өртеніп жатқан пәтерге қайта кіріп, ас 

бөлмеде тілсіз жау жармасып, жарылуға 

жақын тұрған газ баллонын дер кезінде 

сыртқа алып шығады. Сөйтіп, ол нағыз 

төтенше жағдайлар қызметкеріне тән 

қырағылық қасиетті жұмыстан тыс уақытта 

да байқата білді. 



 Жарқын УТЕКОВА,

Көкшетау


Қысқа дейін 

мыңдаған үй күрделі 

жөндеуден өтеді

Бұл бағдарламаға мемлекет бюд-

жетінен 687 000 000 теңге бөлінді. Қазақ-

станда 2011-2020 жылдар аралығында 

бар лық көпқабатты үйлерді жөндеу туралы 

бағдарламаның Алматыдағы жұмысы 

Бостандық ауданынан басталған. Тими ря-

зев, Байзақов, Розыбақиев, Гагарин, Жа-

ро ков көшелерінің бойындағы көпқабатты 

тұр ғын үйлердің шатырлары жаңартылып, 

қабырға маңдайбеттерін толықтай жылу-

лан дыру, сырлау жұмыстары жүргізіледі. 

Тұр ғындар жөндеу жұмыстары үшін ор та-

ша есеппен ай сайын 2000-3000 теңге кө-

лемінде ақы төлейді. Жағдайы нашар 

о 

тбасылар тиісті құжаттарын көрсеткен 



кез де, олар бұл төлемнен босатылады. Ал-

ма ты қаласының тұрғын үй басқармасы 

жөн деу жұмыстарын қысқа дейін бі тір-

мекші. 


Қайрат НҰРҚАДІЛОВ, Алматы қаласы 

тұрғын үй басқармасының бастығы: 

– 1992 жылы жекешелендіру бас-

талғанда халық үйлерді бөліп алды. 

Олар үйлерін өз қаржыларына жөн-

дей тін боламыз деп ойлады. Сол кезде 

әртүрлі қиындықтар болған еді. Міне, 

Ал маты тұрғын үй басқармасының ма-

ңызы осында көрініп отыр. Алматыда 

жал пы 7000-ға жуық үй бар. Бұл біз 

үшін өте көп. Сондықтан «Жекеменшік 

бұл тек қана құқық емес, сонымен қа-

тар жауапкершілік» деген ұранмен жұ-

мыс жасауға бекініп отырмыз. Мәселен, 

бұ дан бұрын осы бағдарламамен Өс-

ке мен қаласының көпқабатты үйлеріне 

жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл үй-

лер дің бағасы қазір бұрынғыға қа ра-

ғанда 15 пайызға көтерілді. Бұл – са-

па ның көрсеткіші. Алматыда енді 4400 

үйге жөндеу жүргіземіз.

Ардақ ҚҰЛТАЙ

Алматының барлық 

көпқабатты тұрғын үйлері 

күрделі жөндеуден өтпек. Бұл 

туралы «Көппәтерлі тұрғын 

үйлерді күрделі жөндеу. 

Алматы қаласында тұрғын 

үй қорын модернизациялау 

бағдарламасын енгізудің 

проблемалары» атты дөңгелек 

үстелде Алматы қаласы Тұрғын 

үй басқармасының бастығы 

Қайрат Нұрқаділов айтты.

Басы 1-бетте

Ерубай ҚҰРАЛБАЕВ, Шымкент қалалық тұрғын үй шаруашылық бөлімінің 

көріктендіру секторының меңгерушісі: 

– Тельман бөлімшесіндегі улы химикат үйiндiсiн жоюға арнайы комиссия 

құрылды. Осыған байланысты қауіпті аймақтың барлық құжаттарын дайындауға 

ашық конкурс жарияланды. Қоршаған ортаға әсерін бағалау жұмыстары жүргізіліп 

жатыр. Екінші этап бойынша енді бюджеттен қаржы бөлінуі тиіс. Қалдықтарды не 

Германияға, не болмаса Ресейге апару керек. Бұл  бір-екі жылда шешілетін мәселе 

емес.  

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№157 (609) 7.09.2011 жыл, сәрсенбі            



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

НАРЫҚ

   


?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Аңшылыққа да рұқсат керек

«Алдар Көсе» айналымға шықты

Ұлттық банктің ең соңғы 

шығарғаны – 500 теңгелік күміс 

монета. Оған «Алдар Көсе» деген 

атау беріліпті. 

Шақаның бірінші бетінде 

(аверс) Қазақстан Республикасы-

ның Елтаңбасы, «500 теңге» деген 

жазу, Еуразия экономикалық 

ынтымақтастығы елдерінің ресми 

таңбасы бейнеленген. 

Шақаның екінші бетінде 

(реверс Алдар Көсенің суреті 

салынған. Сол жақ бөлігінде қазақ 

тілінде «Алдар Көсе»  деген жазуы 

және бар. Оң жақ бөлігіндегі «Ag 

925 31,1 gr.» деген жазу шақаның 

қандай металдан жасалғанын, 

көлемі мен салмағын білдіреді. 

Қазақстан монета сарайының 

тауар белгісі де ұмыт қалмапты. 

Шақаның қыры (гурт) бедерлі. 

925 сыныпты күмістен жасалған. 

Салмағы – 31,1 г, диаметрі – 

38,61 мм, дайындалу сапасы – 

«proof», Таралымы – 4 мың 

дана. 

Ұлттық банк соңғы кезде қандай монета шығарды екен?

Жұлдыз МОЛДАШҚЫЗЫ

ЖАРИЯЛЫЛЫҚ



Біздің еліміз ТМД 

мемлекеттері ішінде алғашқы 

болып қоғамға азаматтық 

бюджетті ұсынып отыр. 

Нақтырақ айтқанда, үстіміздегі 

жылы наурыз айында Қаржы 

министрлігі өзінің сайтында 

мемлекеттік бюджеттің 

техникалық емес нұсқасын 

жария етті. Соның негізінде 

қазақстандықтар бюджет 

қаржысы қалайша игеріліп 

жатқандығынан хабардар 

болатын мүмкіндікке ие болды. 

Бұл туралы кеше Алматыда өткен 

арнайы баспасөз мәслихатында 

Қазақстанның Ұлттық бюджеттік 

жүйесі сарапшылары мәлім етті.

Азаматтық бюджет 

– экономиканы 

нығайтатын фактор

Көбіне, жыл соңында пәленбай облыс-

та немесе қандай да бір корпорация рес-

публикалық бюджеттен бөлінген белгілі 

бір қаржыны игере алмай қалыпты деген 

шалқадан түсірерлік тосын мәлімдеме 

жасалып жатады. Міне, осындай келеңсіз-

дікті жою мақсатында еліміздің барлық 

өңірі бойынша азаматтық бюджет сарапта-

ма 


сын көпшілікке үнемі ұсынып отыру 

бастамасы көтеріліп отыр. Жалпы, азамат-

тық бюджет дегеніміз – республикалық 

бюд жеттен бөлінген қаржылардың иге-

рілуін қадағалайтын мониторингтік сарап-

тама. Сонда қоғам жылдың соңына дейін 

жеткізбей, белгілі бір мақсатқа бөлінген 

қаражаттың игерілуі бойынша дер 

уақытында өз талабын қоя алатын болады. 

Тағы бір жағынан, бұл еліміздің бюджет 

қаражаттарының жұмсалуын қоғамның 

қадағалау негізінде жариялылықты қам-

тамасыз етеді. Осы мақсатта 2008 жылдың 

сәуір айында бюджеттік талдау, мониторинг 

және бюджеттік үрдіске қоғамның қа-

тынасуы тұрғысынан жұмыс істейтін үкі-

меттік емес ұйымдардың бастамасымен 

Қазақстанның Ұлттық бюджеттік жүйесі 

құрылған болатын. Осы жүйе сарапшылары 

республикалық және жергілікті бюджеттің 

қысқартылған нұсқасы – азаматтық бюд-

жетті құрастыру әдістемесін ұсынған еді. 

Бұл әдістеме Қаржы министрлігімен 

бірлесе отырып әзірленгенін еске сала 

кетелік. Әрі ол Қаржы министрлігінің 

ағымдағы жылдың 27 маусымындағы 

№331 бұйрығымен бекітілді.

«Бүгінгі таңда азаматтық бюджетті 

жергілікті деңгейде, атап айтқанда, Атырау 

облысы бойынша жасақтау жұмыстары 

жүргізіліп жатыр. Бесжылдық зерттеу 

жұмыстарының және жергілікті экономика 

мен бюджетті жоспарлау және қаржы 

басқармасымен бірлесе іс-қимыл жасауда 

Атырау облысының азаматтық бюджеті 

әзірленді. Бұл құжат облыс тұрғындарына 

облыс әкімдігінің және экономика мен 

бюджеттік жоспарлау басқармасының 

сайтында қолжетімді болады», – дейді бұл 

ретте «Бюджеттік талдау және экономи-

калық мониторинг орталығы» қорының 

директоры Ұлықбек Тінәлиев. 

Жалпы, халықаралық тәжірибеде аза-

мат тық бюджет «Ашық бюджет» индексі 

бо йынша мемлекеттік бюджет ашықтығын 

бағалаудағы өлшемдердің бірі болып 

табы лады. «2010 жылы Қазақстан Бюджет-

тің ашықтық индексі белгілеген мүмкін 

боларлық 100 балдың 38 балына ие бол-

ған екен. Ал азаматтық бюджет жөніндегі 

бастама қолға алынғаннан кейін еліміздің 

бұл бағыттағы көрсеткіші әлдеқайда жақ-

сара тындығына сенімдіміз», – дейді «Бюд-

жеттік талдау және экономикалық мони-

торинг орталығы» қорының сарапшысы 

Шол пан  Әйтенова.

Сарапшылар Атырау облысы бойынша 

дайындаған өздерінің азаматтық бюдже-

тін де, негізінен, аймақтық әлеуметтік-эко-

но микалық басты көрсеткіштерін, бюджет 

қаражатының білім, денсаулық, әлеуметтік 

қорғау салаларына қандай мақсатта 

бөлінгендігін, облыстық бюджеттің басты 

табысы мен шығын есебін нақты сандармен 

берген. Сонымен қатар ағымдағы жылы 

ай мақ тан түскен салық алымының респуб-

ли калық деңгейдегі үлесін жалпыға түсінік-

ті тілмен жеткізген. Осындай мысалдарды 

негізге алған сарапшылар, бұл істі жергілікті 

қоғам мен билік арасындағы алшақтықты 

жойып, бюрократтыққа жол бермей, жа-

рия лылықтың арқасында демократиялық 

қарым-қатынастың нығаюына жол беретін 

фак тор деп бағалап отыр. 



Кәмшат САТИЕВА

Ауыл шаруашылығы ми-

нистр лігінің хабарлауынша, елі-

мізде 1 қыркүйектен бастап не-

гіз гі аңшылық маусымы бастал-

ды. Ол 31 желтоқсанға дейін 

жал ғасады. Алайда кез келген 

жер де емес, арнайы жерлерде 

ғана аң аулауға болатынын ес-

керу керек. Мәселен, елімізде 

680-нен астам аңшылық шаруа-

шы лықтары  тіркелген. 

1 қыркүйектен 30 қарашаға 

дейін – қаз, үйрек, көгершін 

және бұлдырық, 

1 қыркүйектен 15 қарашаға 

дейін – сұр қырғауыл, ал 31 

жел тоқсанға дейін қабан мен 

бор сық аулауға рұқсат етілген. 

Заңға сәйкес, аң аулау үшін 

мерзімді жылға мемлекеттік 

баж төленгені туралы белгі со-

ғыл ған аңшы куәлігі, аң аулауға 

беріл ген рұқсат қағаз, аңшылық 

шар уашылықтың  жолдамасы, 

Аңшылық маусымы басталатын уақыт болды ма және кез 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет