«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!» тренингі Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық–зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол, саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Топта жұмыс істеу ережесі: 1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды; 2. Тренинг барысында белсенді болу; 3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы; 4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айту; 5. «Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу. «Кел, амандасайық » ойыны Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар бір - бірінің қолын қысады. Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір - бірінің арқаларын сипайды. Жүргізуші сылдырмақты сылдырлатады, қатысушылар иықтарымен амандасады. «Жалғыз аяқ жол». Тыңдаушылар шеңберде тұрып, музыкамен қимыл жасауды бастайды. «Төбе» деген бұйрық бойынша барлық тыңдаушылар шеңбер ортасына қарай қолдарын көтереді, ал «шұңқыр» деген бұйрық бойынша қолдарын бастарына қойып, шеңбер ортасына қарай жиналып отыра қалады. «Жалғыз аяқ жол» деген бұйрық бойынша, бірінің артына бірі тұрып, қолдарын алдында тұрған адамның иығына қойып, музыка ырғағымен жүреді. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін - бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заң. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституцияның басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп атауға болады. Зорлық – зомбылықтың негізгі ерекшелігі: Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады. Зорлықтың түрлері: Эмоциялық зорлық. Балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу Физикалық зорлық. Соққылар, түрткілер, шымшулар, тепкілер, ұрулар, заттарды лақтыру, қабырғаға соғу, адамның жеке меншігін бұзу. Қауіп – қатер. Отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру . «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Демек қазір сіздереге сұрақтар беріледі және өз ойларынызды ашық айтуыларыңызды өтінемін. Сұрақтар. (түрлі түстерге жазылған сұрақтарды бере отырып топқа бөлу) 1. Сізге жақын адам әдейі сізбен сөйлеспесе, бұл зорлыққа жата ма? 2. Біреуге ызалану - бұл зорлық па? 3. Үнемі бақылау - махаббат па зорлық па? 4. Егерде сен зорлыққа ұрынсаң, қайда кімге бару керек? 5. Жалғыздыққа мәжбүрлеу - зорлық болып табыла ма? 6. Дауысты көтеру, айқайлау, ұрсу, лақап атпен атау, сөзін бөлу зорлыққа жата ма? 7. Зорлықтың себебі не болып табылады? 8. Қорқыту – ол… 9. Физикалық зорлық–зомбылық - ол 10. Зорлық–зомбылық – ол…. 11. Сіздердің араларыңда зорлық-зомбылық жағдай болып көрдіме? 12. Зорлық-зомбылық көбіне кімге көрсетіледі? 13. Мен көбіне неден қорқамын? 14. Адамға қандай мінез–құлық ең тиімді? 15. Мен өміріме жауаптымын себебі.............. 16. Біздің мектепте зорлық-зомбылық байқала ма? Топпен талқылау (оқушыларды бір-бірілермен жұмыс істеу қарым-қатынасын анықтау) 1. Сіздің ойыңызша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ (Ол басқаларды төмендету (мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) арқылы, жолдасын келемеждеп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.) 2. Кімді жиі ренжітеді? (Кішілер, әлсіздер, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленеді) 3. Қаталдық көрсетудің себебі? (Үйдегі нашар қарым-қатынас, жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады) 4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? (қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді) 5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба? (Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу үшін) 6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек? (Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен) 7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? (әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету) «Ойланып көрейік» жаттығуы Уақыты 5 минут Мақсаты: Өмір туралы ұғымдарын дамыту. - Адам не үшін өмір сүреді. ( плакатка сурет арқылы тусіндіру) Мысалы: білім алу үшін, адамдармен , тіл табысу үшін, әділ болу үшін, еңбекқор, адал, дарынды болу үшін. «Біз зорлыққа қарсымыз!» жаттығуы Біз зорлыққа қарсымыз. Әр оқушы жүрекшелерге себебін жазып, тілек ағашына ілінеді. «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбындағы тренингті былай қорытындылағым келеді. Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.