Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан екі жасында дүние



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата15.08.2022
өлшемі0,95 Mb.
#38147
1   2   3
Байланысты:
Ұшқан ұя 1

 
 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ 
Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» романы әуелі орыс тілінде 1947 жылы «Наша 
семья» деген атпен жазылып біткен еді. 1947-1951 жылдары Қазақстанда идеологиялық 
жағдай ушығып, М.Әуезовтің атақты «Абай» романы әдебиет полицейлері тарапынан 
ескілікті дәріптейтін туынды деп қаралып, қатты сынға алынып жатты. Осы себепті 
Б.Момышұлының «Наша семья» романы қазақ елінің отбасылық әдет-ғұрып, салт-
санасын перзенттік сеніммен шыншылдықпен суреттеуіне жатырқай қарады. Баспа 
орындары, әсіресе, Қазақстандық баспалар бойын аулақ ұстады. 
Б.Момышұлының «Наша семья» романы Ресейдің шеткері бір облысы Калинин 
қаласының баспасында цензуралық біршама қысқартумен 1956 жылы жарияланды. Осы 
басылымда «Биографическая 
справкада» берілген «Предлогаемая читателю книга является первой частью 
автобиографического романа «Наша семья» (Бауыржан Момышулы. «Наша семья». 
Калинин. Книжное издательство, 1956, стр. 173), 
- деп ескертуіне қарағанда, автордың «Наша семья» романының екінші кітабын жазу 
мақсаты айқын көрініп тұр. 
«Наша семья» романын жазушы Тұтқабай Иманбеков «Ұшқан ұя» деп қазақ 
тіліне аудару барысында автормен бірге жұмыс істеп, толықтырулар енгізді. Баукеңнен 
қалған архив мұрағаттарында «Ұшқан ұяның» екінші кітабын жазуға пайдалану үшін 
жиған дерек-мағлұматтары мен ол жайлы автордың жанама пікірлері жиі ұшырасады. 
Мысалы, Баукең балалық шағында әкесі үйреткен «Сұр мерген» қиссасын әпкесі, 
қарындасы, көкесі Момынқұлдың басшылығымен ауыл аралап айтқаны, тыңдаушылардан 
алғыс алғаны туралы айтылатын жазба деректер осының айғағы. 
Баукеңнен бірде неге «Ұшқан ұяның» екінші кітабын жалғастырмадыңыз деп 
сұрағанымда: 
- Ол кітапты жалғастыру үшін дерек көздерін жинастырып жүрдім. Бірақ уақыт 
мүмкіндік бермеді. Әрі бозбалалық дәуір мен әртүрлі мектептерде оқып, сол тұста қатты 


сапырылыстарға ұшыраған қазақ қоғамының қалтарыстарында өткен өмірлік жолының 
суреттері санамда қарайып ұмыт бола бастауы да кедергі келтірді, - деп отыратын. 
«Наша семья» мен «¥шқан ұя» романы кейбір цензура мен редакторлар 
тарапынан жасалған қысқартулар бастапқы қалпына түсіріліп, басылымға ұсынылып отыр. 
М. МЫРЗАХМЕТҰЛЫ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет