Менің бір апталық қаржылық жоспарым Ақшаға деген дұрыс көзқарас қаржылық сауатты адамның өмірлік философиясының негізі болып табылады. Ол үшін қаржылық ойлауды дамытып, тәртіпті сақтау керек. Жеке қаржылық жоспар - бұл сіздің кірістеріңіз бен жинақтарыңызды басқарудың тәсілі. Кез келген жоспар, жеке, мақсатқа жету құралы болып табылады. Жеке қаржылық жоспар да сіздің мақсаттарыңызға жетуге көмектеседі. Ол лабиринттік жоспар сияқты ағымдағы жағдайды (бұл жағдайда қаржылық), мақсаттарды және оларға жету жолдарын анық көрсетеді. Менің бір апталық қаржылық жоспарым жайында білгіңіз келеді ме? Оның тиімділігі неде?
Жеке қаржылық жоспар құру сізге үлкен мүмкіндік береді. Ағымдағы жағдайды түсініп, болашаққа деген көзқарасты қалыптастырыңыз. Ақшаңыздың қайдан келетінін және қайда кеткенін қараңыз. Өзіңізге нақты қаржылық мақсаттар қойыңыз. Жалпы қателерден аулақ болыңыз. Өзіңізді қаржылық күйреуден қорғаңыз. Мен қаржылық сауаттылығыма байланысты ең алдымен өз қажеттілігімді анықтап аламын. Өзімнің қаржылық жағдайыма анализ жасаймын. Қажетті керектігіме қаржмды бөлемін. Екі түрлі тізім жасаймын. Қажеттілер тізімі – ол маңыздылығы жоғарғы болуына байланысты өзгерсіссіз қалдырамын. Екінші тізім қаржы мәселесіне қалай өзгереді. Бұл тізімде мен үшін шынайы маңыздысы не деген сұраққа жауап іздеймін. Ең алғашқы табысым анамнан алған азын-аулақ ақшама бисерлер сатып алып, түрлі әшекей бұйымдар жасап саттым. Түскен ақшаға тағы да көптеп бисерлер сатып алып, бұйым түрлерін де күрделендіре түстім. Әлеуметтік желіден бисерлерден жасалатын бұйым түрлерін үйренуге тырыстым. Бисерден түскен қаржы мені тағы да қаржы жинауға ынталандыра түсті. Қаржы жинаудағы ерекше әдісім – бір апталық жоспарымды дұрыс қою болды. Қаражатты ақылмен басқару – молшылықта және болашаққа деген сеніммен өмір сүрудің басты кепілі екенін сол кезде түсіндім.
Осы секілді қаржы жинаудың тағы бір қолайлы әдісі ретінде– “алты құмыра” техникасын ойлап таптым. Бұл әдіс бойынша бір апталық қаражат бюджетімді алтыға бөлдім. Біріншісі – міндетті шығындар, оған әдетте табысымның 50-55%-ы кіреді. Екінші бөлігі– керек заттарды сатып алуға арналады, бұған табысымның 10%-ынан жоғары сома жұмсамауға тырысу қажет. Үшіншісі – ертеңгі күннің қамы үшін сақталатын қаражат, бұл табысымның тағы 10%-ы. Төртіншісі – ойын-сауық, мейрамдарға сыйлық алуға арналған ақша (10%). Бесінші бөлігін инвестицияға арнадым, бұл соманың 10%-ы. Ал қалған 5%-ын қайырымдылыққа да жұмсадым.
Әр аптада тек қаржылық мәселелерде саналы тұтыну принципін ұстанамын. Шамадан тыс және қажетсіз шығындарға әкелетін уақытша құмарлықтарға берілмеймін. Алдын-ала жасалған тізім бойынша дүкенге барамын. Бұл жоспарларды құрғаннан кейін сақтау маңызды екенін ұмытпаймын. Қаржылық жоспарлау әр адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол біздің қаржылық мақсаттарымызды анықтауға, кірістер мен шығындарды жоспарлауға және қаржылық мақсаттарымызға жету үшін нақты стратегия жасауға көмектеседі. Тапқаныңыз бен жұмсағаныңыз арасындағы тепе-теңдікті сақтасаңыз, аз ғана табысқа да өміріңізді байыта аласыз.
Қорыта келе, қаржылық сауаттылық дегеніміз – сіз өз ақшаңызды не үшін жұмсайтыныңызды, үнемдеуді және инвестициялауды білу, қажетсіз несие алмау және банк қызметкерін алаяқтан ажырата білу. Бұл туа біткен қабілет емес, кез келген адам дамыта алатын қабілет. Қаржыны білу және жеке қаражатты басқару мүмкіндігі сізге байлық жинауға және қаржылық мүмкіндіктеріңізді біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді.