Менің болашақ кәсіби қызметім үшін саясаттанудың маңызы
Саясаттанудың болашаққа деген маңызы зор, сол себепті саясаттану тікелей менің болашақ мамандығыма байланысты. Саясаттану дегеніміз саясат туралы ғылымдардың бірі, қоғамдағы саясатты, билікті және саяси қатынастарды зерттейтін ғылыми білім саласы. Жалпы мағынада саясат – бұл билік қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік-саяси ұйымымен, белгілі қағидалармен, нормалармен байланысты қоғам және мемлекет арасындағы қатынастарды реттеуге арналған сала.
Саяси реформалар, жаңалықтар және өзгерістер барлық салаға ықпал етеді. Әлеуметтік көзқараста, саясат міндетті түрде мемлекеттік билікпен байланысты емес және қоғамдық өмірде ерекшелігі ашық көріне бермейді. Менің болашақ қызметім – математика пәнінің мұғалімі. Ұстаз болу ол тек балаға білім жағынан ғана емес, отбасынан кейін тәлім тәрбиесіне үлес қосатын адам. Мен де ұстаз болғандықтан, тек қана оқушыларға есеп үйретіп ғана үйретіп қоймай, оларға жан-жақты білім беруім керек екенін түсінемін. Балалар болашақ әртүрлі мамандық иелері болғандықтан саяси біліммен оларды ерте жасынан сусындату керек. Әйтпесе, әлсіз құқықтық, саяси білім жағдайында жемқорлық, құқық бұзушылық, қылмыс жасау орын алады. КСРО кезінде халық саяси сауатсыз болды. Ешкім саясаттың мәнін ұқпағандықтан, олар елімізді одан ары отарлай берді. Сол Совет Үкіметі кезіндегідей саяси сауатсыз болмай, ел саясатын ұғу үшін саясаттанудың менің мамандығымда алатын орны үлкен. Саясатты білу адам болашақ кәсібіме пайдасын тигізіп қана қоймай, кәсіби өрлеуіме мүмкіндік береді деп есептеймін.
Сөз соңында айтарым, мамандық – бұл әрбір адамның ертеңгі болашағы. Жоғары білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қарулардырып қоймай саясаттанда хабары болу керек деп есептеймін, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына мүмкіндік жасау керек деп ойлаймын.
Жастардың толық мағынадағы саяси субьект дәрежесіне көшіру баспалдағы болу және жас азаматтың саяси көзқарастарының іргелі негізін құрайтын, қоғамдағы бірлікті, тұрақтылықты сақтауға ықпал ететін саяси дүниетанымы мен саяси бағдарын қалыптастыру мен дамыту бірінші кезекте мұғалімнің қолында деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |