Менің мамандығым – мұғалім Эссе



Дата01.03.2023
өлшемі14,18 Kb.
#70782

Менің мамандығым – мұғалім
Эссе
Өміріміздегі ең маңызды шешімдердің бірі - мамандық таңдау екені бәрімізге белгілі. Бұлай айтуымның себебі: мамандық таңдау-бұл өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау дегенді білдіреді. Мен бала кезімнен мұғалім болуды армандадым. Қазіргі кезде жоғары оқу орнында білім алып жатырмын. Демек, қоғамда жеке тұлға болып қалыптасу сатысындағы алғашқы кірпіштерім дұрыс қаланды десем қателеспеген болар едім.
Педагогика - өте күрделі әрі жауапты да маңызды жауапкершілікті талап ететін қызмет саласы, тіпті медицинамен тең дәрежеге түсе алады дер едім. Медицина мен педагогика саласын салыстырар болсақ, екеуі де бір-бірінен кем түспейтін үлкен жауапкершілікті қамтиды. Мысалы, науқас дәрігерге өз өмірін, ал ата-ана мұғалімге өмірдегі ең құнды жәдігері, бауыр еті баласын сеніп тапсырады. Баланың қандай адам болып өсетіні мұғалімге тікелей байланысты. Соның ішінде оқушы тұлғасының алғашқы іргетасын қалайтын, дұрыс қалыптастыруға атсалысатын жан әрине. Мен өзімді болашақтағы мұғалімдік жолымды мүсіншіге теңер едім. Себебі, алғашқы ұстаз қарапайым саз - балшықтан көрнекті мүсін жасап шығарады, яғни ойын баласынан қоғамда алдына қойған мақсаты бар әрбір жеке тұлғаны қалыптастырады.
Мұғалім - бұл балалардың дамуы, тәрбиесі мен білімінде өте маңызды рөл атқаратын адам деп есептеймін. Балаларға деген сүйіспеншілік, олармен сөйлесе білу, оларды түсіну және үйрету - бұл шынайы мұғалімнің ең маңызды қасиеттері. Мұғалім болу қабілеті - бұл ақынның,жазушының, суретшінің немесе музыканттың таланты сияқты ерекше дарын деп білемін.
Неліктен мұғалім мамандығын таңдадым?
Әрбір оқушы мектеп қабырғасында жүргенде өскенде мен де осы адам сияқты қызмет жасаймын деп бір-біріне мақтана да жарыса айтып жүруші еді ғой. Бұл жағдай менің де басымнан өтті. Алғашқы ұстазымды қимастықтан, әлде ұстаздық жолға деген сүйіспеншіліктен болар бастауыш сыныппен қоштасқаннан кейін, алдыма мақсат қойдым десемде болады. Қайтсемде болашақта ұстаздық жолды таңдаймын деп өзімді педагог ретінде қарастыра бастадым. Бұл қадамдарыма себепкер болған жан-менің алғашқы ұстазым еді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет