«Менің мамандығым»(эссе)



Дата13.06.2023
өлшемі13,89 Kb.
#101034

«Менің мамандығым»(эссе)

Менің мамандығым –мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі. Бала кезімнен тәрбиеші болуды армандаған едім.Осы арман мақсатпен СҚО Петропавл қаласындағы М. Қозыбаев атындағы университетті «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» бөлімін бітірдім.Бұл тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім, ол өте қызықты мамандық:сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді ал мен болсам олардың өмірімен бірге өмір сүремін,табыстарына қоса қуанамын. Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін тәрбиелеумен оқу-білім қайнарымен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын.Біз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері,тәуелсіз татулығы жарасқан байтақ мекеннің болашағы үшін құстың қанатындай су болса да көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді.Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек.


Менің өмірдегі ұстанымым-жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау.Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес.Ол-адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі. Қазағымның болашағы, келешек келбеті мен тәрбиелеген бүлдіршіндердің тәрбиесінде, қосар үлесімде. Рухани адамдығымның өнегесі шексіз, тұлғаң асқақ, өн бойын тазалыққа тұнып тұрса, өмірден алар орның ерекше деп түсінемін. Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек етемін. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы.
Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады, өз атын еркін айтады, бала жүрегінен орын аласың. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясымен жүргізер жұмысың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқарылатын жұмыс кешені болып табылады. Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына, судың тұныұтығына, жаңбырдың мөлдір тамшысына, айдың нұрына, желдің самал лебіне, жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан-алуан түстеріне теңеймін, шын ниетім, себебі жетер жетістігімде баланың арқасы. Баламен арамыздағы сыйластық сезімді қалыпты ұстанамын да жаһандану дәуірінде, жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы-тәрбиеші болғаныма мақтанамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет