«Менің мотивациям» тақырыбында эссе
Адамға белгілі бір себептермен өте қиын орындалатын міндеттер қаншалықты жиі кездеседі? Осы кезде бірден мына бір сұрақ туындайды, адам өзін-өзі қалай ынталандыру керек және мотивация деген не, оның көрінісі қандай? Мотивация - бұл адамды іс-әрекетке итермелейтін белгілі бір процесс немесе адамның мақсатына қандай да бір қиын, оның ойынша, кезеңдер арқылы жету мүмкіндігі. Әдетте, адамға мотивация физикалық деңгейде қажет емес. Барлығы әлдеқайда тереңірек. Өйткені, былай айтқанда адамға бір шапалақ беру басқа, адамды моральдық немесе психологиялық негізде сендіру мүлде басқа. «Әрі қарай қалай жүру керек» деген сұраққа жауап табу қиын, бірақ оны жасауға болады. Қазір жоғары технологиялар дәуірі болғандықтан, интернет әлемнің кез келген нүктесінде адамдарға бағынады. Яғни, шынымен де интернет желісі бұл жағынан бізге көп көмек бере алады. Көптеген видеолар, адамдардың өірінен алынған шынайы оқиғалар сізге көмек бере алады. Сіз спортпен айналысқыңыз келе ме? Мүмкін сіз әйгілі аспазшы болғыңыз келетін шығар? Сізде дамытқыңыз келетін сурет салу дағдылары бар ма? Осындай мотивациялық видеолар табандылық арқылы бәріне қол жеткізуге болатындығын көрсетеді. Қол жеткізуге болатын нәтижені нақты көру маңызды. Бір нәрсеге қол жеткізген адам да керемет мотиватор бола алады. Ол қол жеткізгісі келетін және одан үлгі алғысы келетін, оның ізімен жүргісі келетін билікке айналады. Мен әркім өзін-өзі ынталандыруы керек екеніне сенімдімін. Өйткені, барлық әрекеттерді орындайтын, жоспарларды жүзеге асыратын сізсіз. Ешкім өз мотивация рецептісімен бөліспейді. Бұл жағдайда мен мотивацияны бақыт рецептімен салыстырғым келеді. Сонда бұл бәріне және барлығына талассыз түсінікті - әркімнің өзінікі бар. Бақыт - сыйлық, адамның өзін қандай да бір әрекетке итермелей алу қабілеті де талант деген пікір бар.
Әр адам өмірде әр түрлі жағдайлардан өтеді. Қуаныш, қайғы- қасірет, стресс, депрессия және т.б. Әр адам –бөлек әлем болғандықтан, бұндай жағдайлар адамдардың өмірлерінде әр түрлі көрініс алады. Біреуге өз жолын табуға көмек беруі мүмкін, біреу өмірінің мәнін жоғалтып, адасуы да мүмкін, біреу қорқыныш,күмән сезімін ұмытып алдыға ұмтыла бастауы мүмкін, ал кейбір жандар бар қиындықты жеңіп қана қоймай, өздерінен мотивация таба алады. Әйгілі журналист Берти Чарльз Форбс айтқандай, қиындықтар ынталандыру керек (трудности должны мотивировать). Осыны түсіне алған адамдар өмірдің нағыз қызығын көре алады деп ойлаймын. Мысалы, қазір біз жас студенттерміз. Өз армандарымыз, мақсаттарымыз бар. Мен үшін мотивация- менің армандарым. Менің бұл қмірге, болшаққа деген жоспарларым көп. Сол жоспарларыма жету үшін мен, қаншалықты қиын болсада, көп жұмыс жасаймын. Себебі, нәтижеме жету, асқақ армандарыма жеткенімді сезіну мен үшін әлдеқайда маңыздырақ.
Өмір сүру үшін адамға өзіндік қажеттіліктер қажет. Ондай қажеттіліктерге адамның материалдық, рухани, физикалық және интеллектуалды қажеттіліктержі жатқызуымызға болады. Адам өзінің материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс жасап, табыс көзін іздейді. Алайда, оның жұмыс жасауы өмірінің соңына дейін баруы мүмкін. Ол жұмысты бірқалыппен еш ынтасыз жасаса, өмірге деген құлшынысы да азая бастайды. Соңында, күйзеліс пен эмоциялық жануға әкеп соғуы мүмкін. Жұмыс жасауы үшін немесе білім алу үшін, тіптен жарыстарда болсын адамға мотивация керек.
Мотивация арқылы адам шабыттанады. Мен де мотивациясыз ешқандай істі шын жүрекпен жасай алмаймын десем де болады. Құсқа қанаты қаншалықты керек болса, адамға да мотивация соншалықты керек деп санаймын. Себебін айтып өткенімдей, адам өз өмірін қызғылықты сүру үшін оған қанатты сөздер мен, ерік-жігерін жинақтап, ішкі құлшынысын шабыттандыратындай дүние керек. Қазіргі таңда мотивацияның адам өмірінде, онымен қоса басшылар үшін өте тиімді құрал деуге болады. Салыстырмалы түрде екі басшыны және оның қоластындағы жұмысшыларымен қарым-қатынасын алайық. Бірінші басшы өз ұйымының жұмысшыларын ешқашан шабыттандырмайды, жасаған еңбектерін мадақтап, алғысын білдірмейді, тіптен алға қоятын мақсаттарын да айқындамайды. Ал екінші басшы өз жұмысшыларының әрбір жасаған ісін мадақтап, мақтайды, белгілі бір деңгейді көрсетіп, соған кім жетсе, оған берілетін сый-сыяпаттарды дайындайды, одан бөлек жұмысшыларға шын жүрекпен жақсы сөздер айтып, жігерлендіріп отырады. Осындай екі басшыны салыстырсақ, кімнің кәсібі тезірек жүреді және жылдам дамиды? Әрине, өз еңбекшілерін жігерлендіріп отырған басшының ісі алға басар еді. Осы сияқты адамның жұмыс жайынан бөлек, өз өмірінде алға қойған айқын мақсат-мұраттары болуы тиіс. Ол сол мақсатқа жетемін деп мотивациялы болып жүреді. Мен үшін де мотивацияның орны ерекше. Мотивация болмаған кезде, мен өз өмірімді зая кетіріп жатқандай сезінемін
Заман ағымымен қоса, адамдардың өзгеруімен байланысты психологиялық мотивацияның да әдістері пайда бола бастады. Психология ғылымында мотивация –адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік деп есептеледі. Расын айтқанда, адамның жұмысқа деген ынтасы, мотивациясы - адамды белгілі бір мақсаттарға итермелейтін қозғаушы күштердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Бұл күштер адамның іші мен сыртында болады және адамды кейбір істерді жасауға мәжбүр етеді. Қандай сала, жұмыс, өмір болсын, кез келген адамға мотивация қажетті. Онсыз адам құздан жерге құлдырағанмен тең. «Өмір күнделікті мәселелерді шешуден гөрі көп нәрсе болуы керек. Сіз оянып, болашаққа Шабыт беруіңіз керек» деп Илон Маск айтқандай өзіңе де жігер бер, басқаны да шабыттандыра біл. Сонда ғана біздің қоғам жанданбақ.
Достарыңызбен бөлісу: |