Менің пірім – Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай!


Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеңіз



бет2/23
Дата12.05.2023
өлшемі488,5 Kb.
#92134
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
эссе2020

38. Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі ата тәрбиесі мен ғибраты туралы айтылған ойларын нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
Ыбырай Алтынсарин - нағыз халық қамын ойлаған озық ойлы жаңашыл жазушы екені бәрімізге мәлім. Шығармалары арқылы өмір шындығын таныта білген кемеңгер, заманының ең маңызды білім мен тәрбие мәселесін көтеріп қана қоймай, оны шығармаларына арқау еткен өшпес жұлдыз, ерекше дарын иесі. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Оның өз бойындағы қуатын халықтың арман-тілегі үшін аямай көрсете білгені - бүгінгі ұрпақ үшін мол тәжірибе бола білді. Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтыды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке және де тағы басқа ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Осыған дәлел, Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясына» енгізген, тәлімдік мәні зор әңгімелері: «Қара батыр», «Байұлы», «Жиренше шешен», «Тазша бала туралы ертегі», «Таза бұлақ» және тағы басқа ұлы Ыбырайдың шығармалары. Осы «Қазақ хрестоматиясына» енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті. Осы арқылы ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Ол өмірді және адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс суреттеп, шындықтан алшақтамаған деуге болады, себебі Ыбырай әңгімелерінің кейіпкерлерін шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.
«Ыбырайдың әңгімелері – тәрбиенің қайнар көзі» деп айтуға толықтай негіз бар. Себебі, оның көптеген әңгімелері тәрбиелік мақсатта жазылғаны бізге мәлім. Ыбырайдың әңгімелерін қарап отырып, оларды тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді де еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбиі негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Осыған дәлел, оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. Мысалы, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп» және «Қыпшақ Сейітқұл» сияқты әңгімелері өзінің өнегелігімен ерекше мәңгі тәлім берер күші мол көркем шығармалар.
Жазушының келесі бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына көптеген асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырайдың әңгімелері бар. Мысалы, «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» және тағы басқа да әңгімелерінде тәрбиенің ізі жатыр деп толықтай сеніммен айтуға болады.  «Талаптың пайдасы» әңгімесіне тоқталып, ой қорытып өтті. Кез келген адам баласы алдына талап, мақсат қойып талпынбаса, алға қарай қадам баса алмас еді. Жастық шақ күш-қайраттың мол кезі екенін ескере келсек, адам бойындағы жақсы қасиеттердің талап арқылы жарыққа шығатынына да мол сенім артты. Жазушының бұл арадағы көздегені - жас баланың талабын, сол талаптың арқасында неге қолы жеткенін көрсету, кім талап етсе, сол мақсатына жететіндігін дәлелдеу. Қорыта келгенде, Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды болса да, олардың ішіндегі тәрбие берер терең мағыналы сөздердің болуы, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару ұлы ағартушы Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Ыбырай Алтынсарин өз шығармалары арқылы жеке тұлғаның бойында қандай қасиеттерді қалыптастыра алды? Иә, расында бұл сұрақтың жауабын кез келген адам ойланбастан жауап берер деген ойдамын. Өйткені Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесін алсақ та, жақсы мен жаманды салыстыру, өмір суреттерін шынайы көрсету, қанағатшылдық, білімге деген құштарлық, адам бойындағы жақсы қасиеттерді әр адамға бағыттай білетін сөз жетпес байлық пен өсиет екені белгілі.
Сонымен Ыбырай Алтынсарин – қаншама ғасырлар өтсе де, өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде қазақ балаларына “Кел, балалар, оқылық” деп жар салудан тынбаған, сол арқылы қазақ балаларының надандық жолға түсуіне мүмкіндік бермеген, әр әңгімесі тәрбиенің алтын діңгегі болып саналатын өшпес дара тұлға болып қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет