«Менің сүйікті балабақшам!» Тәрбиеші: Енбаева Рабина Білім беру саласы


Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын. Көрнекілік



бет2/4
Дата07.01.2022
өлшемі22,59 Kb.
#19520
1   2   3   4
Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.

Көрнекілік: балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.

Тәрбиеші:

– Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық! (балалар амандасады)

– Балалар бүгінгі ашық оқу қызметіміздің  тақырыбы: «Менің сүйікті  балабақшам!»

– Ендеше балалар, барлығымыз бір – бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл – күй сыйлайықшы! Қане, шаттық шеңберін құрайық.



«Шаттық шеңбері»

Тәрбиеші балалармен бірге Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады.

«Ізгі сөздер»

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

«Қайырлы таң!»- деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!»- тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!»- деп кіремін.

Тәрбиеші: Керемет! Ал сендер үйде, балабақшада осындай ізгі сөздерді қолданасыңдар ма?

Ертеңгісін адамдармен қалай амандасамыз?

Қане бәріміз бірге қайталайықшы.-«Қайырлы таң!».

Тағы қандай әдепті сөз қолданамыз?-«Сәлеметсіз бе!».

Күндіз кездескен адамдарға не деп айтуымыз керек?-«Қайырлы күн!».

Ал, кешке ше?-«Кеш жарық!»

Бүгін  біз   «Сүйікті  балабақшамыз» туралы  әңгімелейтін  боламыз. Балабақша – өз үйіміз. Сендер  сәби  болып  келдіңдер,  ересек  болып  кетесіңдер. Балабақша сендерге  білім береді,  тәрбиелейді. Әдептілікке,  достыққа,  ұйымшылдыққа  үйретеді.

Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын сендер  тапсаңдар, сол жануар қонаққа келеді:

Жұмбақ


Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (Қоян)



Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа қоян келіпті. Қоянмен амандасып, қоянды балабақшамен таныстырып, оған өлең айтып берейік.

Тәрбиеші балалармен бірге өлең айтады.

Ұзын құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып, сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.

(тәрбиеші тақырыпты терең ашу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды)

– Балалар балабақша дегеніміз не?

-Балабақшамыздың аты қалай аталады?

– Балабақшада біз не істейміз?

– Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?



Бақнұр: Балабақша есігін,

Үшке толып ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің сәніміз,

Біз осы үйдің гүліміз.



Тәрбиеші: 

– Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?

– Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?

– Қане, олар кімдер және не істейді екен?

(Меңгеруші, әдіскер, хатшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы,тәрбиеші көмекшісі, тәрбиеші апайлар).

Бұл балабақшамыздың меңгерушісі: Умарова Күнсая апайымыз!

Балабақшамыздың әдіскері: Зиягүл апайымыз!

Балабақшамыздың хатшысы: Гүлназ апайымыз!

Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды. Ол Балауса апайымыз!

Айару: Тындаушы мойнында,

Өлшеуіші қолында.

Ақ халатты дәрігер

Әрқашан өз онында.



Аспазшы: Біз үшін түрлі  дәмді тамақ әзірлейді.

Ол Шынар апайымыз!



Камила: Біздің гүл бақшада,

Бар әсем асхана,

Мен сондай аспазшы

Боламын бақшада!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет