Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.
Көрнекілік: балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.
Тәрбиеші:
– Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қане қонақтармен сәлемдесіп алайық! (балалар амандасады)
– Балалар бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Менің сүйікті балабақшам!»
– Ендеше балалар, барлығымыз бір – бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл – күй сыйлайықшы! Қане, шаттық шеңберін құрайық.
«Шаттық шеңбері»
Тәрбиеші балалармен бірге Е. Өтетілеуұлының өлеңін айтады.
«Ізгі сөздер»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
«Қайырлы таң!»- деймін мен.
Күндіз де елді елеймін:
«Қайырлы күн!»- тілеймін.
Үйге кешке келемін,
Не дерімді білемін:
«Кеш жарық!»- деп кіремін.
Тәрбиеші: Керемет! Ал сендер үйде, балабақшада осындай ізгі сөздерді қолданасыңдар ма?
Ертеңгісін адамдармен қалай амандасамыз?
Қане бәріміз бірге қайталайықшы.-«Қайырлы таң!».
Тағы қандай әдепті сөз қолданамыз?-«Сәлеметсіз бе!».
Күндіз кездескен адамдарға не деп айтуымыз керек?-«Қайырлы күн!».
Ал, кешке ше?-«Кеш жарық!»
Бүгін біз «Сүйікті балабақшамыз» туралы әңгімелейтін боламыз. Балабақша – өз үйіміз. Сендер сәби болып келдіңдер, ересек болып кетесіңдер. Балабақша сендерге білім береді, тәрбиелейді. Әдептілікке, достыққа, ұйымшылдыққа үйретеді.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, жауабын сендер тапсаңдар, сол жануар қонаққа келеді:
Жұмбақ
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа қоян келіпті. Қоянмен амандасып, қоянды балабақшамен таныстырып, оған өлең айтып берейік.
Тәрбиеші балалармен бірге өлең айтады.
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып, сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойғым келіп тұр.
(тәрбиеші тақырыпты терең ашу мақсатында бірнеше сұрақтар қояды)
– Балалар балабақша дегеніміз не?
-Балабақшамыздың аты қалай аталады?
– Балабақшада біз не істейміз?
– Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?
Бақнұр: Балабақша есігін,
Үшке толып ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің сәніміз,
Біз осы үйдің гүліміз.
Тәрбиеші:
– Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?
– Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?
– Қане, олар кімдер және не істейді екен?
(Меңгеруші, әдіскер, хатшы, аспазшы, дәрігер, кір жуушы,тәрбиеші көмекшісі, тәрбиеші апайлар).
Бұл балабақшамыздың меңгерушісі: Умарова Күнсая апайымыз!
Балабақшамыздың әдіскері: Зиягүл апайымыз!
Балабақшамыздың хатшысы: Гүлназ апайымыз!
Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды. Ол Балауса апайымыз!
Айару: Тындаушы мойнында,
Өлшеуіші қолында.
Ақ халатты дәрігер
Әрқашан өз онында.
Аспазшы: Біз үшін түрлі дәмді тамақ әзірлейді.
Ол Шынар апайымыз!
Камила: Біздің гүл бақшада,
Бар әсем асхана,
Мен сондай аспазшы
Боламын бақшада!
Достарыңызбен бөлісу: |