«Алла жолында мал-мүлкін садақа қылғандар жеті дана бас шығарған, әрбір басында жүзден
дәні бар дақылға ұқсайды. Алла қалаған пендесіне еселеп сауап береді»
[9]
деп, Алла жолында
жасалған садақаның еселеп сауап болып қайтатынын баяндайды.
Қазіргі таңда көптің көкейін тескен маңызды
сұрақтың бірі – өсім (
риба
) жайында. Рибаның
Құранда харам амалға жататындығын Мұсылман
бауырларымыздың бірі білсе, бірі білмеуі де
мүмкін. Мұсылман ғалымдардың бәрі бірауыздан
Алла Тағаланың қатаң тыйым салған нәрселерінің
бірі – риба
екендігін айтады. «Риба» сөзі араб
тілінен аударғанда «өсім» деген мағынаны береді.
Құран мен сүннеттен нәр алып сусындаған әр
мұсылман, қатаң тыйымды түсініп, бойын рибадан
аулақ ұстауға тырысуы қажет.
Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде:
Негізінде, Алла сауданы халал, өciмді харам
еткен» («Бақара» сүресі 275-аят).
Дінімізде өсімді харам еткен, ал кімде-кім Алла
тағаланың
бұйрығына
бойұсынбай,
өсіммен
айналысса, ол адам Алла және Алланың елшісіне
қарсы келген болады.
•
«
Алла өсімді жояды да сауданы арттырады. Әpi
Алла барлық қарсы келуші күнәһарды жақсы
көрмейді»
(«Бақара» сүресі 276-аят)
•
Өсім түрлерін қарастыратын болсақ, өсімнің екі түрі бар.
Ол: сауда-саттықтан туындайтын өсім және қарыздан
туындайтын өсім.
•
Сауда-саттықтан
туындайтын
өсімнің
шариғаттағы
анықтамасы – бұл тең мөлшердегі емес, яғни бағалары бір-
біріне сәйкес келмейтін мүлік түрлерін айырбастау.
Бұл жерде берілген «мүлік түрлері» дегеніміз, өсім үкімдері
жүретін заттардың түрлері.
өсім үкімі жүретін мүліктердің екі түрі бар деп бекіткен:
•
1) Алтын, күміс, ақша (яғни, тауардың құнын білдіретін
нәрсе);
•
2) Азық-түлік (адамның ішіп-жемі).
Қалған мүлік түрлеріне өсімнің (сауда-саттыққа байланысты
өсімнің) үкімі жүрмейді. Бірақ мұның қарыздан туындайтын
өсімге еш қатысы жоқ.
|