Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата21.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#10073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

      Литература:
 1. Ахметов З.  О своеобразии казахского литературного 
процесса начала ХХ века // Известия АН КазССР. Серия  фи-
лологическая. – 1990. – №2. – С.28-36. 
2. Цивилизационно-культурное пограничье как генератор 
становления  мировой  культуры  /  литературы:  Материалы 
конференции. Москва, ИМЛИ, 4-6 июня 2012 г. / Отв. редак-
тор Земской В.Б. – Москва: Наука, 2013. – 150 с.   
3.    Широкова  Л.Ф.  От  соцреализма  до  постмодернизма: 
Смена художественных направлений // Письменность,
 лите-
ратура, фольклор. История славистики /  XV Межд. съезд 
славистов. – М. Древлехранилище, 2013. – С. 422-443. 
Әдебиеттану  

20
Әдебиеттану
                                                                 Р.Авакова, Е.Баят
 САНАДАҒЫ САНДАР: БІР САНЫНЫҢ ҚҰПИЯСЫ
Ежелгі  балаң  наным-сенім,  діни  көзқарастар, 
философиялық ақыл-ойлар, пайымдар жаратылыстың түпкі 
мәнін, соның бастау көзін, тұтастығын, бірлігін, кез келген 
құбылыстың  бір-бірімен  байланыстылығын  мойындаған 
һәм соны сөз еткен.  Материалистік танымды айтпағанның 
өзінде  данышпандық ақыл-ой иелері дүниенің түпкі негізін, 
бастау қайнарын  құдыретті күшпен байланыстырып, оның 
БІРІНШІ  иесін танып білуге құлшынған. Сол «БІРІНШІНІ» 
білу, тану арқылы жаратылыстың  құпияларын, керек бол-
са  адам  өзінің  жаратылыс  болмысын  ашуға  талпынған. 
Оған  бір  мысал,  философ  Декарт  былай  деген:  «Адам  –  
тұтастай  шектеулі  жаратылыс.  Ал  сондай  шектеулі  адам 
шексіздікті мүлдем түсіне алмайды». Осындай ақыл-ой да-
нышпандары жазып қалдырған  даналық кітаптарды былай 
қойған да, Пайғамбарлар арқылы уахи етілген кітаптар да 
сол  туралы  айтылатыны  ақиқат  қой.    Қасиетті  Құранның 
Зарият  сүресінің  56-сүресінде,«Мен  жындар  мен  адам 
баласын(мені танып), маған ғибадат етсін деп жараттым»,-
деп анық жеткізілген.
Арифметикалық  сандардың  тізбегі  бойынша  бір  (1) 
деген  сан  сандық  жүйенің  басында  тұр.        Бір  саны  –  ең 
әуелі  дүниенің  басы  дегенді  айғақтаса  керек.  Қазақтың 
қарапайым  түсінігімен  айтқанда  кез  келген  нәрсе  бір 
нәрседен басталады ғой.  Сол сияқты әрбір құбылыста бір 
себеп бар.  Сол себепті туғызған күш сол БІРІНШІ емес пе 
екен. Бір саны, сонымен  бірге, барша дүниенің бірінші көзі.  
Бір  санының  пайда  болуы  арқылы  бірлік,  ондық,  жүздік 
сандардың жүйесін қалыптастырды, осының негізінде (бір 
санын  айтып  отырмыз)    қосу,  алу,  кейіннен  көбейту,  бөлу 
амалдарын  игерді.  Үшіншіден,  бір  саны  жасампаздықтың 
саны.  Осыған қатысты пайымдар қытайдың Даос ілімінде 

21
Әдебиеттану 
(б.д. дүшінші мың жылдық) орныққан.  Осы ілімде бір саны 
әлемнің,  құбылыстың,  тіршіліктің  бастауын  білдіреді  деп 
түсіндірілген. Төртіншіден, бір саны біріктірушілік қасиетке 
ие  екен.  Сондай-ақ,  ол  шырша  ағашына  баламаланған. 
Бесіншіден,  бір  саны  мәңгі  жасыл  өмірдің,  көркем 
тұрпаттың, биіктіктің өлшемі. Даосизмде «рух үйі», «бірлік 
тынысы» мағынасын білдіретін бір саны басқадай ілімдерде 
де айырықша сипатқа ие болған. 
Бір санынан туындайтын  бірінші деген реттік сан есім 
батыстағы  корольдардың,  патшалардың    аңсарына  айнал-
ды, олардың мәртебесін асқақатты. Мысалы, Бірінші Карл 
(І Карл), немесе Бірінші Петр (І Петр)... Бір қызығы орыс 
тіліндегі реттік сандарды ауызша айтқанда «один» дегеннің 
орнына  раз-деп  бастап,    два,  три,  ...  деп  әрі  қарай  кете 
береді.  Мұндағы  бірдің  орнына  қолданылған    «раз»  сөзі 
Жаратушының(Божья)  мәнін  айқындайды.    Әлемдік  типо-
графия  тарихының  дәстүрінде    кітаптың  беті  1-  номерден 
басталмайтыны нені меңзейді? Мүмкін осында адам сана-
сына әбден орныққан діни-мистикалық себеп  те бар шығар.  
Біріншіге  ұмтылу  адамдар  арасындағы  бәскелестікті  
қоздырды,  өшпенділікті  оятты,  жанкештілікті  туғызды. 
Бірінші  болу,  яғни  бір  санын  иемдену    үшінгі  тартыс  әлі 
тоқтаған жоқ. Өкінішке орай,  көбісінің тағдыры қайғылы 
аяқталып  жатты.  Американы  бірінші  болып  кім  ашты?-
деген  дүдәмал  сұрақтың  жауабы  әлі  айқындалған  жоқ. 
Бүкіләлемдік  тартылыс  заңын  бірінші  болып  кім  ашты?- 
Ньютон. Ғарышқа кім бірінші ұшты?- Гагарин. Міне, осы-
лайша кете береді.
Бір  саны,  алтыншы  қасиеті  –  сапаның  озық  үлгісі  бол-
ды.  Ал енді бір санының арифметикалық қасиетіне келсек, 
бірге бірді қоссаң екі (1+1=2), екіге бірді қоссаң үш (2+1=3), 
үшке  бірді  қоссаң  төрт  (3+1=4),...  осылай  кете  береді. 
Өзгермейтін  ақиқат:  бірді  бірге  көбейтсең  бір  (1x1=1), 
бірді бірге бөлсең де бір (1:1=1). Кез келген натурал санды 
бірге бөлсең өзі шығады, ал өзін өзіне бөлсең бір шығады, 

22
Әдебиеттану
яғни  бір  өзінің  жасампаздық  мәнін  сақтайды,  төркінін 
жоғалтпайды.  Тегінде қосу-арттыру, алу-азайту амалдары 
адам баласының ең алғаш өзі ойлап тапқан және игере алған 
сандық түзілімнің бастауы болар. 
Ал  көбейту,  бөлу  –  Жаратушының  құзыретіндегі 
мүмкіндіктер еді. Шындығында адам ешнәрсені көбейте не 
бөле алмайды, оны арттырады, немесе азайтады. Көбейту не-
месе көбею, сол секілді бөлу немесе бөліну–Жаратушының 
ұлы  мұғжизаларының  бірі,  ол  жалпы  тіршіліктің  жараты-
лысын,  көбеюін  білдіреді.  Көбеюдің  өзі  бөлінудің  салда-
ры  екендігін  философтар  да  мойындаған(  О.Шпанглер).  
Бастапқыдағы  бүкіләлемдік  жарылыс  (астрономияның, 
физиканың  соңғы  жетістіктері  де  қуаттап  отырған) 
ең  алғашқы  бөліну  екені  ақиқат.  Ол  ол  ма,  жатырдағы 
эмбриондардың,  өсімдік  тозаңдарының  бөлінуі  көбеюге 
алып келетіні әлдеқашан дәйектелген шындық.  Қосу, алу 
–  жансыз  заттарға  пайдаланылса,  көбейту,  бөлу–  жанды 
тіршіліктің өмір сүру, пайда болу негізі екен.  
Адам  баласы  ақыл-ойының  арқасында    қосудан  гөрі 
көбейтудің,  азайтудан  гөрі  бөлудің  өте-мөте  тиімді  амал 
екенін  біліп,  соны  арифметикада  қолдана  бастады.  Бұл 
кейіннен  химия,  физика,  биология,  генетика  секілді  жара-
тылыстану ғылымдарынада  іске асырды. Қасиетті Құранда 
«бөлінбейтінді бөлмеңдер» – деген аят бар.  Шындығында 
адамның  ақыл-ойы  атомды  ажыратты,  оны  бөлді,  одан  не 
шықты? Адам баласы басына айықпайтын аса қауіпті қатер 
төндіріп алды. Түбінде адам өркениетінің жойылып кетуіне 
осы  себеп  болмасына  кім  кепіл?..  Кезінде  АТОМ–№1  бо-
латын.    Бір  саны–қашанда  қуаттың  көзі,  ол–топтастыру-
шы,  біріктіруші  күш.  Ағылшын  физигі  Стивен  Хокинг 
«Уақыттың  қысқаша  тарихы»  атты  кітабында  ғаламның 
жаратылыс  тарихын  төрт  дәуірге  бөледі  де,  оның  бірінші 
дәуірінде  уақыт  әлі  басталмаған  шақта  болашақ  бүкіл 
ғаламның  массасы  бір-ақ  нүктеге  шоғырланған,  содан 
Үлкен Жарылыс болған деген тұжырым айтады [С. Ыбыра-

23
Әдебиеттану                        
ев, 2001; 18 б.]. Олай болса, әуелгі нүкте - бірлік, тұтастық 
екен.  
Әлемдік  мифологиядағы  символдың  мәнін  зерттеген 
ғалымдар  былай  дейді:  «Нүкте  (кіндік,  орталық  )  –  бас-
тау,  барлық  баршылықтың  немесе  ілкі  себептің  бастапқы 
нүктесі. Кіндіктің  пішіні мен мөлшері жоқ, сондықтан да 
ол  бөлінбейтін  нұрдың,  ілкі  Бірегейдің  мүмкін  боларлық 
кескіні болып табылады. Нүкте – абсалюттің символы. ...Бір 
санынан басқа барлық сан атаулының сияқты Кіндіктен де 
оның  жариялары  (көресіндері)  арқылы  барша  ғалам  (зат-
тар, нәрселер, тіршілік) пайда болған» [С.Қондыбай, 2004;  
47  б.].  Сол  сияқты  нүкте,  шеңбер-сим  волдарын  сандық 
символдармен  ұштастыруға  болады  екен.    «Бұл  жағдайда 
нүкте  әрқашан  да    бір  (1)  санымен  символданады  да, 
шеңбер мен сәуле бірден бастап шексіздікке дейінгі кез кел-
ген  бүтін  санмен  символдана  береді.  Мифтік  дәстүрлерде 
1:3;  1:7;  1:9;  1:12  сияқты  арақатынастар  (пропорциялар) 
қолданылады...»[сонда,  47  б.].    Осы  негізде  қарастыратын  
болсақ,  геометриялық  нүктемен  немесе  арифметикалық 
бір (1) санымен белгіленген символ –дүниенің түпкі негізі, 
ілкі  уақыт,  уақыттың  басы  мен  аяғы  болып  шығады,  яғни 
абсалюттік АҚИҚАТ, біздің  танып білуімізге  мүмкін емес 
ЖАРАТУШЫ ҰЛЫ КҮШ.
Қазақтағы  бірлік  сөзінің  мағынасы  ақыл-санасы,  
арман-тілегі,  мақсат-мүддесі,  ой-пиғылы,  қам-қаракеті  бір 
бағытқа  жұмылдырылған  адамдардың,  әлеуметтік  топтың 
һәм  халықтың    риясыз  топтасуын  білдірсе  керек.  «Бірлік 
түбі-тірлік»  -  деген  қазақ    бір  санының    топтастырушы, 
біріктіруші күшіне иланған және екі аққудың бір басшысы 
болады деп соған мойын ұсынған. Киелі сандардың  қазақ 
ұғымындағы қасиетін зерттеген К.Қ. Рысбаева бір санының 
«Құдай, Алла жаратушы ием» сөздерімен тіркесіп келетінін 
айтады[Г. Рысбаева, 2008; 96 б.]. 
VIII  ғасырдан  бастап  ислам  дінін  асыл  дініміз  деп 
қабылдаған  ата-бабаларымыз    қасиетті  Құрани  Кәримде 

24
  Әдебиеттану
тайға таңба басқандай етіп уахи етілген:  «(Мұхаммед) се-
нен  бұрынғы  барлық  пайғамбарларды:  «Күдіксіз.  Менен 
басқа құдай жоқ. Маған ғана құлшылық  қылыңдар» деген 
уахимен жібердік», - деген (Әнбия 21/25)  аяттарды  жадына 
тоқып өскендігі белгілі. Олар Алланы тумаған, туылмаған 
жаратушы жалғыз (бір) күш деп таныды, яғни он сегіз мың 
ғаламның,  ғаршының,  адамдар  мен  жындардың  жалғыз 
иесі, бір ғана тірегі ол – Алла деп мойындалды.  
Сол  сияқты  байырғы  көшпелілер  үшін  бір  санының  
орнығуына  исламға  дейінгі  кезеңдегі  Тәңірлік  наным-
сенімнің  айырықша  әсері  болды.  Олар  ең  әуелі  Тәңірі 
түсінігін қалыптастырып, Көктегі бір Тәңіріге сыйынғаны 
белгілі.  Осылайша  Тәңірінің  бірлігі  түркілердің  дүние 
танымындағы басты өлшемге айналды. VІІІғасырдағы көне 
түркі  жазбаларында  Ұлы  Көк    Тәңірі  қолдағаны  туралы 
мәтіндер бар.  Х ғасырда өмір сүрген араб саяхатшысы Ибн 
Фадлан «түріктердің қиын-қыстау шақта Бір Тәңірі деп, ба-
сын көкке қаратып, мінәжат еткендеріне куә болғанын» жа-
зып қалдырсы, ХІІІ ғасырдағы батыс саяхатшылары(Марко 
Поло,  Плано  Карпини)  Жошы  ұлсындағы  хандардың 
(Мөңке) Бір Тәңіріге табынатындарын  айтады. Олай бол-
са  біздің  ата-бабаларымыздың  дүниедегі  «Бір»  деген 
жасампаздықты,  оның  сипатын,  сырын  әуеліде  Тәңірінің 
есімімен, оның Ұлы құдыретімен танып білген. Түркілердің 
байырғы  танымы  бойынша  Тәңірі  метафизикалық  киелі 
ұғым мен физикалық әлемнің өзара үйлесімділіктің көрінісі. 
Жоғарыда  Көк  Тәңірі  (Аспан)  төменде  Қара  Жер  ұғымы 
осының дәлелі. Сол секілді Күн, Ай секілді аспан денелері 
жалқы  көрінісі басты себептердің де негізі  болды.  
Бір  саны    ең  әуелі  Алла  атауымен  тіркесіп,  Жаратушы 
иеміздің    даралығынан  хабар  береді:  «Биссимилла  сөзді 
бастайын, бір Аллаға табынып»,  «бір Алла өзің жар бола 
гөр, бір Алладан басқа сенерім жоқ», «бір Алла қолдасын, 
бір  құдайдың  зарын  қылу,  «бір  құдайдың  дидарын  сен 
көрмесең кім көрер (Бұқар жырау) т.б. Жалғыздық, жалқы 

25
Әдебиеттану  
деген сөздер бір санының мағынасын білдіретіні түсінікті. 
Жалғыздық,  жалғызсырау  –  жеке  тұлғаның  белгілі  бір  се-
бептермен әлеуметтік ортадан қол үзіп,  оқшауланған жай-
ынан хабар беретін психикалық күй, томаға тұйық  ахуал,  
дәрменсіз  хал.  Мұндай  ситуацияны  білдіретін  тұрақты 
тіркестер,  әдеби  мәтіндер,  өлең  жолдары  ауыз  екі  тілде, 
фольклорлық  мұраларда,  ақындардың  өлең-жырларында   
жиі кездеседі:
•  Жалғыздық  бір  құдайға  ғана  жарасқан,  екі  жарты 
бір бүтін болу, жалғыз шықпа сапарға, өкініште қаларсың, 
жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас, жалғыз адам 
қорған  емес,  жалғыз  ағаш  орман  емес,  жалғыздың  жары 
құдай, жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас, ата-
дан қалған қу жалғыз, жалғызға ой үйірсек т.б.
•  Қазақ  ертегілерінің  дені:  Ертеде  бір  бай  болыпты, 
оның бір ұлы бір қызы немесе бірбаласы болыпты немесе 
баяғы  заманда  бір  ханның  жалғыз  баласы  болыпты...»,  - 
деп  басталатыны  қалыпты  сюжеттік  экспозиция.  Эпостық 
жырларымыздың да басты қаһармандары біреудің жалғызы, 
жалқысы.  Мысалы:  Алпамыс,  Қобыланды,  Құбығұл, 
Ер  Кеңес,  Бозмұнай,  Қыз  Жібек,  Ақжүніс,  Баян  сұлу  т.б 
Бірқұдайдың  назары  түскендіктен  бұларды  періштелер, 
әулие-әмбиелердің өзі қолдап жүреді.
•  «Исатайдан айырылып, жалғыздықпен болдым дос» 
(Махамбет);  «Моласындай  бақсының,  жалғыз  қалдым  тап 
шыным»;  Дүниеде  жалғыз  қалған  адам-адамның  өлгені;  
Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да 
көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шы-
дайды? Соңғыға кім азбайды? (Абай);
«Екінің бірі болсам арманым не, мен қалған бір атаның 
жалғызы едім» (Мәди);
«Жарығым-ай,  деушіеді  ғой  жалғыздың  жары  құдай» 
(Мұқағали).
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  бір–бірінші  деген  сан  есімдер 
тұңғыш,  алғашқы,  бас,  үлкен,  ең  секілді  сын  есімдердің, 

26
Әдебиеттану
күшейткіш үстеудің мағынасын бере алады. Атамыз қазақ 
бірінші  баланы,  яғни  үлкен  баланы  «тұңғыш»  деп  атап, 
«төлімнің басы, суымның тұнығы» деп әлпештеген, еншісін 
де ерекшелеп берген. Абай Құнанбайұлын қазақтың бірінші 
ақыны демей, бас ақыны деп таниды. Адамның ең дангөйін 
данышпан,  ең  мықты  палуанын  түйе  палуан,  жылқының 
ең жүйрігін тұлпар, бүркіттің ең алғырын қыран, иттің ең  
шапшаңын тазы деп атағаны тәрізді. Өзге халықтар сияқты 
«бірінші болу» қазақ үшін де қадірлі. Қазақ алғашқыға, бір 
сөзбен айтқанда біріншіге ерекше мән берген. Қазақ халқы 
бірінші рет:
•  Ай жаңасын  көргенде: «Ай көрдім, аман көрдім» деп 
сәлем  берсе,  келіннің  алғашқы  босаға  көруін  табалдырық 
аттады деп  отқа май қүйып тәу еткізген.
•  Болашақ  келінді  бірінші  көруге  келгенде 
шымылдығына үкі қадаған, көрімдік сұраған.
•  Саятшылыққа  шығуды  «қансонар»  деп  атап, 
қанжығасы  майланып  қайтқан  құсбегі  олжасын    басқаға 
байлаған, құсқа ұстаған жемінен тоят қылдырған.
•  Ер  балаға  құлын  немесе    тай  тарту  етіп,  оны 
«бәсіре»деп атаған.Жасбаланыашамайғаотырғызып, шашу-
шашып, ауыл-үйдіаралатқан.
•  Ел жайлауға қонған соң алғаш рет бие байлағанды 
«қымыз мұрындық» деп атап, көрші-қолаңды шақырған.
•  Жақсы  хабарға  сүйінші,  жаңа  киім,  жақсы  затқа 
көрімдік сұраған һәм оны берген. 
«Біріншіге»  қатысты  мұндай  ырым-жоралғылар 
халқымызда  мол.  Ақын-жыраулар  мен  би-шешендердің 
сөздеріндегі  «Бірінші  тілек  тілеңіз,  бір  Алладан 
жазбасқа...»(Бұқар  жырау),  «Біріншіде  не  жаман,  білімсіз 
өскен  ұл  жаман...»,  «Бір  дегенім  білеу...»  Бұлар  –  салт-
санамызда, тарихи әдеби мұраларымызда сақталған дәстүрлі 
мәдени құндылықтарымыз болып табылатыны сөзсіз. 
Сондай-ақ,  қазақ  тілінде  бір  саны  арқылы  жасалынған  
культік  фразологизмдермен  қатар  адамның  мінез  құлқын, 

27
Әдебиеттану  
заттың  өлшемін,  мөлшерін  білдіретін    тіркестер  де 
баршылық. Мысалы, «бір ауыз сөз», «бір шөкім бұлт», «бір 
шымшым шәй», «бір мысқал салмақ»,  «бір беткей», «бір 
уыс топырақ»,  «бір ұрттам су», «бір тамшы су», «бір аттам 
жер», «бір қарыс», «бір сүйем», «бір елі», «бір тал» т.б.(осы 
орайда  бір  ауыз  сөздің  мәнін  философиялық-поэтикалық 
түрде өрнектеген Т. Молдағалиевтің«Бір ауыз сөз» өлеңіне 
жазылған әнді еске түсірсек те жетіп жатыр). 
Біріншіні мадақтау байырғы түркілердің, монғолдардың 
салты  болатын.  Жүйрік  жылқыны,  қыран  құсты,  палуан 
жігітті мақтау, яғни мадақ жырларын айту ежелгі салт еді. 
Бұл көрініс монғолдарда сақталынған. Ислам дінің әсерінен 
болар  Алладан  басқаны  мадақтау  зор  күнә  деген  сенімге 
сай мұндай дәстүр қазақ арасынан қол үзіп кеткен. Алайда 
Шоқан  Уәлихановтың  жазбаларында  қазақ  арасында  атты 
мақтау  жырлары  болғандығы  жайлы  айтылады.  Осындай 
мадақ  жырлар  әр  халықтың  батырлық  жырларының  туып 
қалыптасуына  негіз  болғаны  белгілі.    Ең  әуелгіде  Алтай-
ды  киелі  жалғыз  мекеніміз  деп  таныған  олар  Алтайды 
мадақтауды  өздеріне  борыш  санаған.  Ұлы  сапарға  шығар 
алдында, жыр толғаудың алдында Алтайды мадаққа қосқан, 
өйтпегенде,  Алтайдың  иесі  Әулие  қоңыр  ренжиді,  соның 
қарғысына  ұшыраймыз, - деп сенген. 
Түркі  тілдеріндегі  «бір»,  «бир»,  «пір»  сөздері  орыс 
тіліндегі  «первый»/бір-бир-бер-пер/  сөзінің    жасалымына  
негіз болғандығында дау жоқ. Әлде керісінше. Олай дейін 
десеңіз,    О.  Сүлейменовтің  айтуынша,  гректердің  ежелгі 
моархиялық  титулынан  бастау  алатын  латын  тіліндегі- 
prlnceps-  принц(бірінші  басшы,  көсем,  патшаның  ұлы), 
мысырлықтардың  fero-  пірғауын(пер-үй,  он-ун-үлкен)
сөздерінің  төркінін  түркі  тіліндегі  «бір-пір»  сөзімен  не-
месе  осыны  символдаған  нүктемен  байланыстырады, 
үндіеуропалықтар реттік сан есім идеясын түркілердің титул 
құрамында пайдаланылған «бірінші» сан есімінен алғанын 
айтады. Тағы да былай дейді: «Сонымен қатар,..реттік сан 

28
Әдебиеттану
есім нүкте мен сызыққа басымдық берді».
  Кейіннен  Үндістанға  кең  тараған  «Б(І)РХРАХМАН» 
дінінің  аталуында    негізінде  «бір»  немесе  «пір»,  «пері» 
сөздері  жатқан  жоқ  па  екен  деген  ойда  қаласың.  Қазіргі 
монғол тілінде бір санын «некі»(нэг) деп атайды. Осы екінің 
көмескілеген  түрі  қазақ  тілінде  де  сақталғанын  байқауға 
болады.  Ол  –  некен  саяқ,  яғни  жалғыз-жарым  дегенді 
білдіреді.  С.  Қондыбай  ұсынатын  «нг\\нт»  этомоимінің  
кейінгі  жаңғырығы  түркі-монғол  тілдерінде  нүкте-некте 
түріне ұласқан деуге болады. Төркіні латын тілінен деп та-
нылып жүрген музыка тіліндегі «нот(а)» сөзінің арғы баста-
уын осыдан іздеуге де болады. Сол сияқты орыс тіліндегі 
«брак» сөзі түркіні «бір+оқ болу», «бір+ақ болу» тіркесінен, 
былайша  айтқанда  «екі  жарты  бір  бүтін  болудан»  бастау 
алып  жатқандай  көрінеді.  «Один»  сөзінің  этимологиясы 
туралы  айтқанда  «о»,  «он(д)»  сілтеу  есімдіктерінің  жасы-
рын  тұрғандығы  байқалады.  Ал,  «одиноки»  –  жалғыздық, 
«единица»  сөзі  –  бір,  бірлік  дегенге  сәйкес  келеді.  Хәкім 
Абай орыс тіліндегі «единица» сөзін қолдана отырып, бір 
санының  көшбасшылық  сипатынан  ық  жеткізеді:  «Едини-
ца  –  жақсысы,  ергенелі  бейне  нөл.  Единица  нөлсіз-ақ,  өз 
басындық болар сол. Единица кеткенде, Не болады өңшең 
нөл?» 
Бір саны, оның таңбасы  Ұлы Жасампаздықты білдірсе, 
нөл – өзі әйгілеп тұрғандай ештеменің жоқтығын, бар бол-
са  оының  мағынасыздығын,  кеңістіктегі  хаосты  білдіреді. 
Кілең нөлді тізе берсең не шығады? Бірақ ол бір (1) емес. Ол 
бір саны бар кезде ғана мағынаға ие. Бір (1)= бар - абсалюттік 
ақиқат - мәңгілік. Нөл(0)= жоқ - болуы мүмкін - жоқ болады.
Бір сөзбен айтқанда БІР саны –Ұлы Жаратушыға қатысты 
символды белгілесе, Нөл, ол - Жаратушының құдыретімен 
жаратылғандар.  Сондай-ақ,  Бір  саны  ҰЛЫ,  ДАРА, 
МӘҢГІЛІК дегенді айғақтайды, ал біз –нөлміз. «Бір нәрсені 
қаласа,  Оның  бұйрығы  «Бол!»  деу  ғана.  Сонда  әлгі  нәрсе 
бола қалады»- дейді Құран аяттары(Иасин сүресі 82 -аят)  

29
Әдебиеттану  
Араб  алфабитінде  [а]  дыбысы,  сандық  жүйесінде  бір 
саны тік қойылған жалғыз таяқшамен таңбаланғаны белгілі. 
Алфабитте ол [а] дыбысын, реттік санда бір деген цифрды 
білдіреді.  Бір  санының  таңбалық  кескіні  намазға  тұрған  
мұсылманды  бейнелейтіндей.  БІР  АЛЛАНЫҢ  алдында 
құлшылық қылып тұрған бір мұсылман... 
Әлемдік философияда «ego» – «мен» деген субьектінің 
(практикалық,  ойлау,  танымдық  қызмет  атқаратын  адам) 
өзегін белгілейтін категория бар. Ол оның оның ішкі руха-
ни әлемін немесе тұтас тіршілігін белгілейді. Меннің күш-
қуатын  ерекше  дәріптеген  батыстық  ғылым  адамның  жан 
мен тәннен жаралған биологиялық өскін, физикалық күш, 
психикалық  сезім  иесі  екендігін  ұмытып,  жеке  тұлғаның 
артықшылығын  дәріптеумен  айналысып  кетті.  Құдайын 
ұмытқан  адамдардың  арасында  менменшілідік,  яғни 
«эгоизм»  кең  өріс  алды.  Осы  «эго»-дан    шыққан  эгоизм 
дегеніміз – адамның өзін өзі шамадан тыс жақсы көруі, өз 
мүддесін  өзгелерден  жоғары  қоюы,  қара  басының  қамын 
ғана күйіттеуі. Ондайларды баяғы қазақ, «өзім дегеннің өгіз 
қара күші бар» - деп бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген.  «Эго»-
«я»-«мен» деген өздік есімдік түріндегі сөз қашанда «Мен-
біріншімін!» дегенді әйгілесе, ол өз ортасында менмендіктің, 
өркөкіректіліктің, 
астамшылықтың, 
тәкаббарлықтың, 
дандайсушылықтың  қасиетсіздігін  танытып  отыра-
ды.  Мұндай  қасиетсіздік  адамның  жеке  басына  және 
әлеуметтік  ортаға  опа  таптырмайтыны  белгілі.  Керісінше, 
қарапайымдылық, 
кішпейілділік, 
қайырымдылық, 
көпшілділік  секілді  көркем  мінездер  дәріптелетін  ислам 
дінінде  астамшыл  адамның  ақыры  не  болатыны  жайында 
былай дейді: «Кім де-кім жүрегінде тозаңдай өркөкіректік 
болса, ол кісі жұмаққа кірмейді» (Муслимнен руаят етілген 
Пайғамбарды  хадисі).  Аллаға  жақпайтын    адамның  ең 
бірінші жаман мінезі, ол – МЕНМЕНДІК һәм тәкаббарлық.  
Мұсылманның  ахлақ  этикасында  және  соған  негізделген 
қазақы  тәрбиеде  «МЕН»  деп  сөйлеуді  өте  әдепсіздік  деп 

30
Әдебиеттану  
таныған  және  осының  өзі  Аллаға  күпірлік  деп  саналған, 
ауыр  күнәға  есептеген.  «Мен  емес  Алла  істеді  немесе 
Алланың  ризашылығы  үшін,  Алланың  бұйрығымен  -  деп 
айт»  -  дегенді  қатаң  ескертіп  отырған.  Әрине,  ізгілікті 
жақсы  істерді.  Соған  қарағанда  «МЕН!»  -  деп  айту  тек 
Аллаға  ғана  жарасса  керек.    Бірінші  жақтағы  МЕН,  яғни 
БІРІНШІ  болу    құдыреті  күшті  Алланың  ғана  еншісінде 
екен. Тілдік тұрғыдан алғанда «БІРІНШІ – менемес – ОЛ» 
немесе  ОНІКІ.  Данышпан  Абай  ол  туралы  былай  дейді:  
«Ақылға сыймас Ол Алла...» немесе «Адам ғапыл дүниені 
дер «менікі», «Менікі» деп жүргені бәрі онікі» Қазіргі қазақ 
тіліндегі  ана,  ол  түріндегі  сілтеу  есімдіктерінің  байырғы 
түбірі [а, о] екендігін ескерсек, Бір саны «мен емес – ол» 
деген мағынадағы сілтеулік тұлғасында қолданылған.  Олай 
болса, Алланың сәлби сипаттарының бірі «Әл-уахданияға» 
сай,  Оның бір, дара, жалғыз екендігіне иллаһи иланасыз. 
БІР-БІРІНШІ  деген  сандық    қатынастың  символы    түптеп 
келгенде абсалюттік санаға,  Жаратушыны тануға қатысты 
өлшем екендігіне көз жеткізуге болатындай.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет