Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата21.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#10073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

У.Қалижан:  Сол  кездегі  қазақы  дәстүрді  сипаттаған 
суреткер  жазушы:  «Ертеңінде  ақындар  аттарын  ерттеп, 
жүрерге тақағанда, Абай шешесін тысқа шығарып алып:
– Апа, екеуіне де жақсы қып тұрып сый беріп аттандыр-
шы, – деді. Ұлжан үндеген жоқ.
Қонақтар қымыз ішіп болып, енді қоштасарға келгенде 
Ұлжан  Барласқа  қарап  бір  сөз  айтатындай  пішін  білдірді. 
Қонақтар іркіліп қалған еді. 
– Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп, ары-
ла алмай қойып еді. Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем 
әкелгендей болдыңдар. Қадамы құтты қонақ болдыңдар! – 
деді. 
Абай шынында да дәл осы кезде өзін-өзі бар сырқаттан 
құлантаза боп арылғандай, нық бір қайрат жиып алғандай 
сезді.  Шешесі  үндемесе  де,  ашып  айтпаса  да,  «білгіш, 
танығыш,  сыншы»  сияқты  көрінді.  Ол  бөгелсе  де  сөзін 
бітірген жоқ-ты. 
– ... Тағы да келе жүріңдер. Анау  кәрі әжесі мен бізді де 

146
Сұхбат
көп  сейілттіңдер.  Жолдарың  болсын!  Келген  сапарларыңа 
тыста бір ырым байлаттым. Ала кетіңдер... Риза, қош боп 
аттаныңдар!  –  деді».  Бұл  енді  біздің  атам  заманнан  келе 
жатқан салтымыз ғой. 
Ш.Сариев:  Осынау  суреттің  түйінінде,  Мұхаң  ұлы 
жазушылығын  танытып,  сол  бір  дәстүр-салттың  жүзеге 
асқанын  былайша  суреттейді:  «Абай  тысқа  шығып,  Бар-
ластарды  аттандырып  жатып,  енді  көрді.  Осы  үйдің  екі 
жылқышысы  Беркімбай  мен  Жарқын  Барласқа  арнап 
бір  семіз  көк  атты,  Байкөкшеге  арнап  бір  торы  құнанды 
ноқталап ұстап тұр екен. 
Екі ақын екеуін жетекке алып, тағы да «қош, қош» айтып, 
жүріп кетті. 
Абай  шешесіне  риза  боп  қуанып  кеп,  бұрынғы  бір 
кішкентай  күніндегі  еркелігіне  басты.  Ұлжанның  мол 
денесін қапсыра құшақтап, қатты қысып, бетінен, мұрнынан, 
көзінен  қайта-қайта  сүйді»,  –  деп  аяқтайды  «Қайтқанда» 
бөлімін.  
У.Қалижан:  Ол  кезде  ақындарда  қаламақы  деген  жоқ. 
Сондықтан ақындарға ат мінгізу, шапан жауып аттандыру – 
дәстүрге айналған салтымыз еді ғой. Бұл жоралғыны қазіргі 
зиялы қауым жалғастыруы – ғанибет. 
Ш.Сариев:  М.Әуезовтың  «Абай  жолы»  роман-
эпопеясының алтыншы томын эпилогпен түйіндеді ғой. Сол 
түйінді  шешімінде  Мұхаң:  «Адал  жар  жоқтауымен  Абай 
жаңаша  жолға  өтті.  Ол  өлмеске  қадам  басты!  Әйгерімнің 
әні мен соған оралып айтылған Дәрмен жыры. Абай туралы 
кейін туатын бар өнердің басы еді. Жаңа туған әннен бастап 
Абай жаңа туысқа ауысқан. 
Осы  күйдің  куәсі  боп  қазір  де  Абай  қабырының  басы-
на  қалың  елдің  өзгеше  көп-көп  жаны  жиылып  қалыпты... 
Бұлар  өтіп  жатқан  көштерден  келген  кәрілер,  жастар,  ер-
лер,  әйелдер...  Әйгерім  мен  Дәрмен  де,  жас  оқығандар  да 
байқамапты...  Бұлар  өз  зары,  мұңы,  ойымен  отырғанда 

147
Сұхбат
сырттарында  Әйгерімнің  барлық  саналы  шерін  тыңдап, 
іштей  құптап  қалың  елдің  тобы  отырған...  Абайдың  жаңа 
бір  туысын  қабылдап  отырған  халық  ата,  халық  ана  осы 
еді...», – деп суреттейді ұлы суреткер. 
У.Қалижан: Осы түйінді айту үшін ұлы Мұхаң эпилогты 
былай бастайды: «Осыдан бір жарым ай өткен соң, күз тақап 
жайлаудың елі Шыңғыстан қайта асып, бауырға қарай үздік-
создық  көштер  созылды.  Абайдың  туған  жері,  анасының 
қонысы, қыс қыстауы Жидебайда пішендік шалғын ұзарып 
өсіп  болған.  Маңындағы  дала  шөбі  сарғайған.  Жидебайға 
тақау жалғыз қара биік Өртеңнің төсіндегі көде, бетеге сап-
сары жадау жүзді. Өткен өмір реңін, тозған тірлік елесін та-
нытады.
Осы  сары  төскей  санадан  солған,  зағыпырандай 
болған  саналы  қайғы  дертін  айтқандай.  Баяу  жел  Жиде-
бай  бойындағы  қалың  шилі  көк  майса  шалғынды  үнемі 
толқытып, ырғалтып, ылғи бір жаққа, теріскей бетке майы-
стырып иілте береді. Шыңғыстан соққан үздіксіз қоңыр жел 
жылы  күнде  оңынан  соғатын  жел  еді»,  –  деп  Абай  траге-
диясын табиғат тылсымымен шертеді. Зейнептің жоқтауын, 
Әйгерімнің жоқтауын, Мұхаң халықтық жоқтауға айналды-
рады. Бұл жоқтаулар асыл жардың ғана жоқтауы емес, бар-
ша қазақ халқының жоқтауына айналған зар. 
Ш.Сариев: Ия, дұрыс айтасыз, зар болғанда жәй емес, за-
пыран зар. Соны айту үшін, Мұхаң: «Қыстаудан күншығысқа 
қарай созылған құлаберісте сондай бір кішкене төбешіктің 
үстінде,  жақын  заманда  салынған  биік,  кең  төрт  құлақты 
бейіт  бар.  Оның  басына  Оспан  аты  жазылған.  Жаз  орта-
сынан бері сол Оспан бейітінің қасына және де сандықтап 
қойған Абайдың бейіті – жаңа бейіт орнаған. 
Бүгін осы бейіттің басына өте көп елдің көштері соғып 
өтті.  Көшпен  келе  жатқан  ата-аналар,  тай-құнанға  мінген 
балалар,  әсіресе,  қой,  сиыр  айдаған  малшы,  жалшы  жал-
пы жұрт. Таң атқалы көп ел келіп өтті», – деп қарапайым 

148
Сұхбат
халықтан. Ұлы Қазақ халқының қайғы-мұңына ұласқанын 
жайлап жүректерге енгізеді.  
Ш.Сариев:  Мұхтар  Әуезов  «Абай  жолы»  эпопеясына 
қадам  тартар  жолда  қалай  жазуды  қолға  алғаны  жайында 
шынайы жүрегімен ақтарыла сөйлейді: «Роман жазам деген 
ойда жоқ, шәкірт кезімде атам Әуездің әңгімелерін тапжыл-
май, ұзақ тыңдайтын едім. Ол Абайдан біраз жас үлкен еді. 
Құнанбай  жайында  біраз  білетін.  Абайдың  алғашқы  әйелі 
Ділдәні да со жылдары көрдім. Мосқал тартып қалған бо-
латын. Абайдан соң он жылдан кейін барып дүние салған. 
Оның айнымас азбас жары Әйгерім небір қымбат жәйттерді 
әңгімелеп берді. 
Материал  жинай  жүріп,  мен  Абайдың  достарымен, 
сыйластарымен,  бұрын  қысастық  жасаған  жаулары-
мен  де  әңгімелесіп  көрдім.  Олардың  ішінде  Абайдың 
тұрғыластары да, солардың ұрпақтары да бар еді. Сонша-
ма ізденудің арқасында болашақ қаһарманым жайында аса 
көп материал жинағаным соншалық, Горькийдің: «Үндемей 
қалуға ықтиярың жоқ нәрсе жайында ғана жаз», – деген ұлы 
өсиетін іштей қайталап айта беруден танғаным жоқ. Тіпті 
қазір Абайдың балалық және жастық шағы жайындағы ро-
ман тәмам болған соң да сол кітапқа кірмей қалған материа-
лым мейлінше көп екенін көрдім», – деп жазады.  
У.Қалижан:  Шынында  да  Мұхтар  Әуезов  алдымен 
зерттеуші  ғалым  ретінде  Абайдың  қазына-байлығын  бар-
лап, терең де жан-жақты зерттеді. Әуелі Мұхаң зерттеуші 
ғалым  болып,  содан  соң  жазушылыққа  бой  ұрғандай 
сезінесің. Соның бір дәлелі, Мұхаң сол өмірбаянында былай 
деп жазған: «Бірте-бірте өз халқының көкірек көзі болған 
Абаймен бірге мен де со халықтың жан-жүрегін ұғуға және 
соны бір абзал қалпында ашып беруге, жайып салуға тыры-
стым. Жас Абайдың жалын атқан сезімі, жігіт ағасы болған 
Абайдың  толғаулы  ойлары  мен  әрекеті,  кәрілік  меңдеген 
шақтағы  халық  қамқоры,  халық  ұстазы  болған  Абайдың 

149
Сұхбат
тартысы  мен  тақсіреті  –  міне  осының  бәрі  сол  дәуірдегі 
халықтың да жаны мен жүрегін ұғуға бастайтын жол еді. 
Халықтың  көрер  көзі,  лүпіл  қаққан  жүрегі,  дана  ойы 
болған Абай менің ұғынуымда да халықтың қажырлы тала-
бы мен асқақ ой-сезімінің, жан-жүрегінің, оның бойындағы 
ең абзал қасиеттің жиынтығы болып табылады. 
Абай бейнесіне мен осындай ойлармен ден қойып ем», – 
деп жазды.
Ш.Сариев: Мұхаң: «Жазушылық жұмысқа қоса мен тіпті 
баяғыдан  бері,  студент  кезімнен  бастап  ғылыми-зерттеу 
жұмысымен де шұғылданып келем», – деген ғой. 
У.Қалижан:  Ия  солай.  Мұхаң  Алматының  жоғары 
дәрежелі  оқу  орындарында  педагогтік  және  лекторлық 
қызмет  атқарғанын  да,  сол  кездегі  Қазақтың  С.М.Киров 
атындағы мемлекеттік университетінің профессоры ретінде 
Абайды  тану  жайында  арнаулы  курс  өткізгенін  де  айта-
ды.  Тоқ  етерін  айтқанда  ұлы  Абайды  алғаш  жан-жақты 
зерттеуші, бас ғалым, Мұхтар Әуезов екендігінде дау жоқ. 
Абайтану ғылымының Бас ғалымы Мұхтар Әуезов.   

150
Г.Орда
ЖЕЛТОҚСАН ШЫНДЫҒЫ САХНАДА
Қазіргі  қазақ  драматургиясының  белгілі  өкілі 
С.Асылбековтың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын арқау ет-
кен «Желтоқсан түні» пьесасы екі бөлімнен тұрады. Оқиғаға 
бар-жоғы  алты-ақ  адам  қатысады.  Желтоқсан  оқиғасының 
20 жылдығы қарсаңында аталған спектакльдің Жастар мен 
жас өспірімдер театрында тұсаукесері болды. Мұнда автор 
20 жыл бұрынғы сол бір аты шулы қаралы күндерді қайта 
тірілткен. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелейтін осын-
дай  пьесалардың  жылына  бір-екі  рет  ғана  көрсетілетіні 
өкінішті. 
Алаңға бара жатқан бір топ жастар көрермендер отырған 
залдың  ішін  дүр  сілкінтіп  жүгіріп  өтеді.  Үріп  ауызға 
салғандай  мөлдіреген  жастарды  көріп  көңілің  алай-дүлей 
болды.  Біреудің  басын  шығарып,  көзін  көгертпек  түгілі, 
тал  шыбықтай  майысып,  өздері  әрең  жүрген  жастарға 
қандай күйелер жақты. Сол кезде бірі сотталып, екінші бірі 
оқудан,  үшіншісі  жұмыстан  шығарылып,  тіпті  барлығы 
дерлік қаладан аластатылды емес пе? Адам айтса сенгісіз 
жазалардың  түрі  де  көбейді,  жазықсыз  сотталғандары 
қаншама? Көрермендер залынан дүркірей жүгірген жас де-
монстранттар,  олар  –  кешегі  біздер  едік.  Иә,  сол  ұрандап 
бара жатқандар менің құрбыларым болатын. Сондықтан да 
мен  сахнадан  өзімді  және  жақын  құрбыларымды  көрдім. 
Әсіресе «держите! Не упускайте! Бей... Пни! Не жалейте!!..» 
«Апа!.. Апажан!...», «Ах, ты дикарь, тебе надо было пасти 
овец, а не демонстрировать тут свою грамотность!..» деген 
сөздердің  барлығы  сол  кезде,  сол  жерде  айтылғаны  анық. 
«Бүгін 1986 жылдың 18-желтоқсаны. Алматы уақыты бой-
ынша  кешкі  сағат  22.00.  Соңғы  хабарларды  тыңдаңыздар. 
Мерейтой

151
Үстіміздегі  жылдың  17  және  18  желтоқсан  күндері 
астанамыздағы Л.И.Брежнев алаңында бір топ наркомандар 
мен олардың ықпалына ерген оқушы жастар ереуілге шықты. 
Олар  қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  соңғы 
пленумының шешімдеріне наразылық білдіріп, ұлтшылдық, 
экстремистік, сепаратистік ұрандар көтеруде, сөйтіп, сүйікті 
партиямыздың айбынды авангардының салиқалы, парасат-
ты  шешімдеріне  шәк  келтіруде»,  –  деп,  қазақ  радиосынан 
берілген  жаңалық  шығарманың  шынайылығын  ғана  емес, 
драматургтың шеберлігін танытса керек. Ендеше шығармаға 
қайта оралайық. 
Қанды оқиғаны автор перденің арғы бетінен суреттеуді 
жөн деп тапқан Себебі ұрып-соғудың қаншама түрін сахна-
да көрсету мүмкін емес. Драматург сол қаралы күннің бар 
шындығын көрсету үшін алаңға жақын маңдағы бір бөлмелі 
пәтерді  таңдап алыпты. Ондағы мақсат – алаңдағы оқиғаны 
терезе жарығы арқылы перденің арғы бетінен көрсету. Оқиға 
өтетін жерді дұрыс таңдай білген, бұл – екі күнге созылған 
қырғынның шешуші сәті болып табылатын 1986 жылдың 18 
желтоқсан түні. Оқиғаға қатысушылардың әрқайсысы жеке-
леген әлеуметтік топтардың өкілдері. Оның бірі – сталиндік 
репрессияның қуғынын көрген, өмірінің он жылын Сібірге 
жер  аударылған  қарт  зейнеткер.  Пәтер  иесі  –  бүгінде  зей-
нетке  шыққанымен  білікті  ғалым,  Одаққа  танымал  тарих-
шы  Баймырза. Екіншісі – зейнет жасындағы Баймырзаның 
жұбайы  Талшын.  Келесі  кейіпкер  –  әскерден  жаңа  кел-
ген, демонстрацияға қатысушы жасы 21-дегі студент жігіт 
Қайсар. Келесі демонстрантымыз – жасы 24-тегі аяғы ауыр 
жас  келіншек  Ақмарал.  Ал,  жасы  45-50  шамасындағы 
Баймырзаның көршісі Мария Петровна Қазақстандағы өзге 
ұлыс  өкілі.  Жасы  45-тер  шамасындағы  беймезгіл  қонақ 
Тимур  Қалдыбаевич  –  Коммунистік  партияның  мүшесі. 
Бұл  буын  өкілдері  кешегі  сталиндік  қырғын  мен  екінші 
дүниежүзілік  соғысты  (Ұлы  Отан  соғысы)  тарихтан  ғана 
Мерейтой

152
білетін,  бір  аяғы  социализмде,  екінші  аяғы  коммунизм-
де  тұрған  бақытты  ұрпақтың  интеллигенциясы.  Көріп 
отырғанымыздай  автор  оқиғаға  қатысушыларды  әртүрлі 
ортадан, әртүрлі жас шамасынан таңдай білген. Бірақ бәрі 
– кәмелетке толған өзіндік көзқарасы қалыптасқан жандар.  
Екі  бөлімнен  тұратын  шығарма  «Алматы.  1986  жыл. 
18-желтоқсан.  Қысқы  кеш.  Ел  орынға  отырған  мезгіл. 
Бір  бөлмелі  қалалық  жайлы  пәтер.  Үстіне  пижама  ки-
ген  Баймырза  залдағы  диванның  үстінде  электр  шамның 
жарығымен кітап оқып отыр» [12,341], – деп, Баймырзаның 
пәтеріндегі жайма-шуақ өмірден басталады. Осы көріністің 
өзі-ақ  қазекемнің  маңдайының  соры  бес  елі  екендігінен 
хабар  береді.  Оның  біріншісі  –  көп  қабатты  үйлердің  тек 
бірінші, не бесінші қабатының қазақтарға ғана берілуі. Міне, 
Баймырзаның үйі де тек қазақтарға тиесілі болған бірінші 
қабатта тұр. Бірінші қабаттың астынан қысы-жазы сыз өтіп, 
едені  еш  уақытта  жылымайды.  Ондай  денсаулыққа  зиян-
ды үйлерді өзге ұлт өкілдеріне беруге болмайды. Қазақтар 
қонақжай халық болғандықтан, жылы жұмсағын қонақтың 
аузына тосатыны белгілі, олай болса бірінші қабатта тұруға 
өздері ешқандай арланбайды. Сол үшін де жоғары қабатты 
келімсектерге беруге қарсылық білдірмейді. 
Екінші  ерекшелік  –  кең  далада  еркін  өскен  қазақтарды 
қаланың да өзгерте алмайтындығы. Ол – есіктің қашан да 
ашық жататыны. Қала халқы әдетте есікке бірнеше ілгіш са-
лып, қоңырау соғылғанда сығалап қарап отырады емес-пе? 
Ал біздің қазақ – сығалауды білмейтін, есігін шалқасынан 
ашып  тастап,  құдайы  қонағын  күтіп  отыратын  дархан 
халық.  Міне,  оқиға  басталмай  жатып,  осындай  ұлттық 
ерекшеліктерге жолығамыз. 
Қуғыншылардан  қашып  келіп,  есігі  ашық  пәтерге 
жансауғалаған  Қайсар  мен  Ақмарал  екеуі  бір-бірін  та-
нымайды  да.  Бұл  да  сол  кезде  болған  шынайы  шындық. 
Жайма-шуақ өмірде бір-бірімен ісі болмайтын жастар, сол 
Мерейтой

153
бір ауыр күндерде бір-біріне бауырмалдық танытып, ағалы-
қарындастай  жақын  болғаны  белгілі.  Мұздай  қаруланған 
әскерді бірде тықсырып, бірде шегініп кезек-кезек шегініс 
жасап  отырған  кездерде  әртүрлі  қақтығыстар  болды. 
Сойылған жығылған қыздардың үстіне құлаған жігіттер ол 
қыздарды  шын  мәнісінде  танымайтын  еді.  Үдере  қашқан 
кездерде  аяғы  мұзға  тайып,  сүрініп  жатқан  қыздарды  екі 
қолтығынан сүйемелдеп ала қашқан да өзіміздің бауырла-
рымыз болатын. 
Сол  оқиғадан  кейін  қазақтардың  бір-біріне  деген 
бауырмалдығы  арта  түскені  көз  алдымызда.  Оған  дейін 
қазақша  сөйлеу  деген  Алматы  қаласында  болмаған  нәрсе. 
Автобустың  ішінде  билетті  компастерге  тестіру  үшін  де 
«передайте»  деп  жататынбыз.  Содан  кейін  қазақтарға 
кәдімгідей  жан  бітіп,  бір-біріне  қазақша  еркін  сөйлейтін 
болды.  Автобусқа  кіргенде  бұрынғы  «проездной»  де-
ген  сөздің  орнына,  енді  «жол  ақысы  төленген»  дейтін 
болдық.  Сол  жүргенде  жетісіп  жүрген  ешқайсысы  жоқ, 
демонстранттардың бәрі де сұрақ-жауаптың астында қалып, 
оқудан, жұмыстан шығу қаупі төніп тұрған болатын. Аял-
дамада, автобуста, қоғамдық ортада  еркіндік сезіле баста-
ды.  Баяғы  біздің  бұйығы  күйіміз  енді  өзге  ұлт  өкілдеріне 
ауысты. Әсіресе еуропа нәсілдеріне, себебі ұйғыр, қырғыз 
тәрізді мұсылман халықтары бізге туысымыздай сезілетін. 
Автобусқа  мінерде,  түсерде  қазақ  жігіттері  апалары  мен 
қарындастарын сүйемелдеп, бір-біріне жылы шырай таны-
тып жататын.
Шығармадағы Ақмарал есімді кейіпкеріміздің Қайсармен 
өз  сіңлісін  таныстырғысы  келетін  әңгімесі  де  шындыққа 
саяды.  Біздің  түсінігімізде  алаңға  барып,  өздерінің  қазақ 
екенін  сезінген  патриоттар  мен  үйде  бұқпантайлап,  те-
резеден  қарап  отырғандардың  айырмашылығы  жер  мен 
көктей еді. Алаңға шығып келгендер ол жердегі қырғынды 
көрген  соң,  саябыр  тауып  үйде  отыра  алмай,  сол  жаққа 
Мерейтой

154
қайта барып қолға түскені белгілі. Ал, алаңға бармағандар 
ол  жақта  не  болып  жатқанына  басын  қатырып  әлек  бол-
май үйлерінде шайларын ішіп, жылы көрпеге оранып, қара 
басын  сауғалағанына  мәз-мейрам  болды.  Осындай  сәтте 
өзіміз де алаңға шыққан жігіттерді қалай қинағанын көрген 
соң  (аудандық  бөлімшелерде),  сондай  ержүрек,  отаншыл 
жігіттерді сыйлап, құрметтеп бақтық. Ал, үйде отырып, ақыл 
айтқандарға сүйектерінен өтетін сөз айтып, бұттарындағы 
шалбарын шешіп беруін сұрағанбыз. Себебі, ол кезде қыз 
балалар қоғамдық ортада шалбаршаң жүрмейтін. Біздерде 
дене шынықтыру сабағына, Медеу мұз айдынына барғанда 
киетін  бір  ғана  спорттық  киім  болатын.  Ондай  киімдерді 
басқа  уақытта  әсте  кимейтінбіз.  Ал  сабаққа  шалбар  киіп 
келген  қыздар  мұғалімдерімізден  естімегендерін  естіген 
соң, бәріміз де шалбар киюге қорқатынбыз. Сабақтан тыс 
уақытта  кисең  кидің,  кимесең  ол  да  жоқ.  Міне,  осындай 
детальдардың барлығы да 1986 жылдың шындығынан шым-
шымдап хабар беріп, сол бір күндерді еске түсіріп отырады. 
Қайсар  мен  Ақмаралдың  ашық  тұрған  пәтерге 
тығылатыны  да  шындық.  Ит  жетектеген  жендеттер 
қоқыстың арасына дейін тінтіп, демонстранттардың соңына 
түсті. Сол сәтте әр подъездің есігін бір қағып, тығылатын 
тесік таппай қиналған құрбыларымыз да болды. Меніңше, 
автор осындай оқиғалардан қорытынды түйін жасап, Қайсар 
мен Ақмаралды Баймырзаның үйіне алып келген. Баймырза 
мен Талшын – өмірден алынған шынайы кейіпкерлер.
«Әй,  сен  қоясың  ба,  жоқ  па?!  Біле  білсең,  бүгін  маған 
бақ  пен  бақыт  қонған  күн!..  Кенесары  бабамның  аруағын 
тірілтем  деп,  сонау  Сібірде  отырған  он  жылда  «Апыр-ай,  
бұ  қазақтың  аяққа  тапталған  ар  мен  намысын  жақтайтын 
ерлер қашан туады, не қылған сорлы елміз, ез елміз...» деп, 
көкірегім шерге толатын еді. Кешеден бері сол сорлы елдің 
намысын қорғауға бел буған мына балалардай мыңдаған ұл-
қызды көріп, төбем көкке екі елі жетпей тұр. «Бар екен ғой, 
Мерейтой

155
иә, Жасаған!..» деп, ішімнен мың тәуба айттым жаратқанға 
түнімен. Сен оны қайдан түсінейін деп едің...» (12, 344), – 
дейтін кезінде  қуғын-сүргіннің талайын көрген, Кенесары 
үшін он жыл жер аударылған Баймырзаның прототипі – та-
рихшы Ермұхан Бекмаханов. 
«Құт па, жұт па – оны бір Жаратушының өзі ғана біледі. 
Сен менің өйтіп тілімді қышытпа, білдің бе!.. Қазақ-қазақ 
дегенде  көкірегің  қарс  айрылады.  Сол  қазақтың  намысын 
жартып, он жыл түрмеде, айдауда жүргенде солардың біреуі 
артында қалған жесірін мына мені мен ана қызыл иек, аш 
құрсақ шиеттей үш бала-шағаңа қол ұшын беріп пе еді? Со-
ларды  енді  екі  көзінен  қанды  жас  ағызып,  иттей  тістелеп 
жүріп, кәмелетке жеткізген сол сенің айта беретін қазағың 
ба  еді,  әлде  мына  мен  бе  едім?  Елуінші  жылдың  аяғында 
түрмеден арып-ашып келгеніңде саған қызмет тауып бермек 
түгіл, кеңсенің есігін сығалатпай қойған төрелер де сол сенің 
айта беретін қазақтарың емес пе еді? Енді бүгін келіп... О, 
несі, жүдә, көсемси қалғаны» (2, 344), – деп, қайдағы шерді 
қозғап  күйінетін  Талшын  әкелері  мен  жарлары  «халық 
жауы»  ретінде  ұсталып  кеткенде,  «халық  жауының  бала-
сы»,  «халық  жауының  жары»  аталған,  балаларын  бағып-
қағып,  қатарынан  қалдырмай  өсірген  мыңдаған  ардақты 
аналарымыздың жиынтық бейнесі. 
Баймырза  мен  Талшынның    мектепте  оқитын  бала-
сы  әке-шешесін  алдап,  алаңға  қашып  кетеді.  Тектіліктің 
қанмен  келетіні  тәрізді,  отаншылдық,  патриоттық  сынды 
қасиеттердің  қанмен  берілетіні  белгілі.  Ол  –  қалада  орыс 
мектебінде  оқып,  қазақша  шала  сөйлегенмен  жүректері 
қазақ деп соққан ұлтжанды қазақ жастарының жиынтығы. 
Ұлтжандылық  ауыл,  қала  тұрғындарына  олардың 
тұрғылықты жеріне қарай берілмейді. 
Шығармадағы  келесі  кейіпкер  Баймырзаның  көршісі 
–  Мария  Петровна.  Басқа  ұлт  өкілі  болғанмен  алаңдағы 
оқиғаға бейтарап қарай алмағандықтан, басы шытынап ауы-
Мерейтой

156
рып тұрғандай әсер береді. Себебі, бұл – өздері қазақ елінде 
отырғандықтан  ұлтаралық  қақтығыстарға  үрке  қарайтын 
өзге  ұлыс  өкілі.  Ол  бәрін  де  білгісі  келеді,  Баймырзаның 
үйіне тұңғыш келіп отырған қонақтарының алыс туыстары 
екеніне  сенгісі  келмей  отырғаны  да  сондықтан.  Алаңдағы 
оқиғаны  көзімен  көріп  отырған  ол,  төпелеген  соққының 
астында қалып құлындай шыңғырған қыздар мен оған ара-
ша болмақ болып өзі сойылға (дубинка) жығылған өрімдей 
ұлдарды көріп отырғандықтан бұлардың сол жақтан қашып 
келгенін  іші  сезеді.  Оның:  «Бәке,  өзіңіз-ақ  айтыңызшы 
енді.  Бүгін  орталық  алаңнан  өтіп  бара  жатып,  өз  көзіме 
өзім  сенбедім.  Кілең  бір  –  екіленген  қазақ  жастары.  Бізге 
түсініксіз бір тілде бұзық ұрандар салып жатыр. Не жетпейді 
соларға  –  түсінсем  бұйырмасын.  Кешке  қарай  дүкенге 
кірдім – бәрі толып тұр: сары май дейсіз бе, ет, жұмыртқа 
дейсіз бе, колбаса мен сервелаттың түр-түрі... енді соларға 
не  керек  –  түсінсем  бұйырмасын»  (2,  349-350),  –  деген 
сөзі  жаңалықта  айтқандай  «нашақор,  бұзақы»  жастарды 
кінәлауға саяды. «Бізге түсініксіз бір тілде бұзық ұрандар 
салып жатыр» деген сөзге мән беретін болсақ, түсінбесе не 
айтып  жатқанын  қайдан  біледі?  деген  сауал  туады.  Бұл  – 
оған дейін Қазақстанда қазақ тілінің қандай мүшкіл халде 
болғанын аңғартатын эпизод.  
Келесі  кейіпкер  –  Тимур  Қалдыбаевич.  Автор  осы 
кейіпкер арқылы қазақтың құрдымға кетіп бара жатқандығын 
көрсеткісі  келген.  ХХ  ғасырдың  соңғы  ширегіне  шейін 
қазақтың  оқығандары  елім,  ұлтым,  жерім  деп  еңіресе, 
Тимурдың қазақтың жастары алаңда қырылып жатқанымен 
шаруасы  жоқ.  Ол  жолдасының  кандидаттық  диссертация 
қорғанына куә болып, сол дастарханның басында ішкеніне 
мәз  болып  отырған  кеудесі  қуыс  жан.  «Я  коммуни-и-ст-т 
со  стажем!..  Партияға  жиырма  бір  жасымда  өткем.  (Сұқ 
саусағын  шошайтып).  Жиырма  бір-і-ір  жаста!..  Так  что, 
біздермен,  коммунистермен  ойнауға  болмайды!..  Қажет 
Мерейтой

157
болса. Біз әлгі жолымызға кесе-көлденең тұрып көрсін! Та-
бамыз біз оларды құртып жіберудің айласын!.. «Костюмнің 
ішкі  қалтасынан  бір  қызыл    книжканы  суырып  алып). 
Нанбасаңыз, міне партбилет!.. Партбилетпен ойнап көрсін 
олар!..  Әлгі  ұлтшылдар  мен...  кім  еді...  империалистерді, 
экстремистерді  айтам.  (Партбилетті  қайтадан  орнына  са-
лып жатып). Мен мұны жанымнан өлсем де тастамаймын. 
Түсінесіз бе, өлсем де... Бәрібір партбилет аман қалуы ке-
рек!.. Ал, кәне, Мария, алып жіберелік... Денсаулық үшін....» 
(12, 364), – дейтін Тимур Қалдыбаевич кешегі коммунистік 
партияның белсенді мүшесі. 
Сыртта  қыздардың:  –  Апа!...  Апажан!...  бауырларым-
ау,  құтқарсаңдаршы,  мыналардан!  Құртты  ғой  бә-рі-міз-з-
ді!,  –  деген  жан  айқайын  –  Ә,  бәлем,  жандарың  қысылды 
ма?!, – деп табалап отырған Тимурды Қайсар қылқындырып 
өлтірмек болады. Оларға Ақмарал араша түсіп Тимур далаға 
сытылып шығады. 
Авторлық  ұстанымды  «(Одан  сайын  оны  қылғындыра 
түсіп). Не қылғанды көрсетем қаз-з-ір-р!... Сатқын!... Бүкіл 
ғасырлар  бойғы  қазақ  халқының  аққан  көз  жасы  сендей 
сатқындардың мойнында, білдің бе?!  Бізді құртқан жоңғар 
да, қытай да, орыс та емес – мына сендерсіңдер!... егер қазақ 
халқы  шын мәнінде  келер күнін ойлайтын болса, ең алды-
мен мына сендерден  құтылулары керек. Сендер тұрғанда 
бізге келешек те, бақ та, бақыт та жоқ!... Сондықтан да мен 
сенің  қазір  қаныңды  ішем-м!...»  (12,  368)  немесе  «Уақыт 
пен заманның атын жамылып, тілін де, дінін де, ар-ожданын 
да  –  бәрін  де  сатып  бітуге  таядыңдар!...  Бұл  өздеріңнің 
болашақтарыңды сату екенін түсінемісіңдер өздерің?!,» (12, 
369) – деген Қайсар сөзінен көруге мүмкіндік мол.  
Осы  эпизод  қазақтың  жауы  қашан  да  қазақ  болғанын 
байқатады.  Кешегі  сталиндік  репрессия  тұсында  бірге 
туған ағайын-туыстарын, көрші-қолаңын қолының ұшымен 
көрсетіп, Итжеккенге айдатып, өздері көкті тіреп тұрғандай 
Мерейтой

158
болып шалқайып жүрген екіжүзділердің тірлігін бүгіндері 
архив деректерінен, көркем шығармалардан оқып-біліп жа-
тырмыз (Н.Айтұлының «Кәмей ұшқан» поэмасына да осын-
дай  шындық  негіз  болған).  Бұл  кезде  де  қазақ  жастарын 
ұстап берген Тимур сынды сатқындар болатын. 
Шығарманың  шешімі  жендеттерден  үрейі  ұшқан 
Ақмаралдың  мерзімінен  екі  ай  бұрын  босанып  қоюы  бо-
лып  табылады.  Өмірге  келген  сәби  өмірдің  жалғастығын 
байқатса,  осы  оқиға  үстінде  дүниеге  келген  шарана  «мың 
өліп, мың тірілген» қазақ халқының болашағы алда екенінен 
хабар береді. Шығарма Баймырзаның: «...Бар екен ғой сен-
дердей  ержүрек  ұл-қыздарым!  Тек  мұнымды  жаратқан 
асылық көрмесін...» (12, 374), –  деп жас ұлтшылды далаға 
ертіп  кетуімен  аяқталады.  Бұл  ХХ  ғасырдың  басындағы 
және  соңғы  ширегіндегі  «ұлтшыл»  атанған  азаматтардың 
тілегінің  бір  жерден  шығуы  болса,  олардың  барлығы  да 
қазақ  халқының  бостандығы,  тәуелсіздігі  үшін  күрескен 
күрескерлер екенінің белгісі. 
Шығармадағы  әрбір  кейіпкер  өз  ортасының,  сол 
әлеуметтік топтың, замандастарының жиынтық бейнесі бо-
лып  табылады.  Драматург  жоғарыдағы  оқиғаға  қатысқан 
кейіпкерлерінің барлығын да типтік бейнеге көтерген. Бай-
мырза кеңестік идеологияның теріс саясатын қолдамағаны 
үшін  жазықты  болып  қуғын-сүргін  көрген    мыңдардың 
бірі  болса,  Талшын  қиын-қыстау  күндерде  күйеуіне 
сүйеу  болған,  шиеттей  бала-шағасын  асырап  шаңырақты 
шайқалтпай  арды  ойлаған  қазақ  әйелдерінің  жиынтығы. 
Өзінен  екі  мүшел  үлкен  адамның  жағасына  жармасып 
жүрген Қайсар өзгеге намысын таптатпаған қазақ халқының 
қайсар ұланы болса, Ақмарал жігіттердің намысын қайрап, 
оларға күш-қуат беріп, елге жау шапқанда атқа қонған жау-
ынгер қазақ халқының батыр қыздарының бүгінгі таңдағы 
жалғасы. Көп ұлтты кеңес халықтарын интернационализм-
ге  тәрбиелеген  кеңестік  идеология  ұсақ  ұлттарды  жоюды 
Мерейтой

159
көздеді.  Сондықтан  оқыған,  көзі  ашық  қазақтар  арасында 
Тимур сынды коммунистер көбейді. Олар үшін Коммунистік 
партия  халықтан  жоғары  еді.  Себебі  бұлар  –  лениндік 
партияның  адал  ұлдары  мен  құлдары  еді.  Коммунистік 
партияның  негізгі  көздегені  жандайшаптары  бойына 
құлдық психологияны сіңіріп, солар арқылы қара тобырды 
қойдай тоғыту еді. Алайда ұлттық қасиетін таза қалпында 
сақтаған ауыл жастары Қазақстанның астанасы Аламатыға 
білім алуға көптеп келе бастағандықтан, бұл содырлы сая-
сат жүзеге аспай қалды. Қазақ жастарын қаладағы өндіріс 
ошақтарының қара жұмысына жегу саясаты да партияның 
өзіне шоқпар болып тиді. Жұмысшы жастар мен білім іздеп 
шалғай  ауылдардан  келген  қазақ  жастары  жетпіс  жыл-
дай  өмір  сүрген  коммунистік  партияның  шешіміне  қарсы 
шығып, өз проваларына қол сұғуға қарсылық білдірді. Бұл – 
Коммунистік партияның көсемі В.И.Лениннің «Ұлттардың 
өзін өзі билеу правосы» еді. 
Мерейтой

160

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет