Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану экономикасы және экономикалық бағалау теориясы



бет68/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79
Байланысты:
2 лекция тезЭКОЖуйе

2.Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану экономикасы және экономикалық бағалау теориясы

Табиғатты пайдалану экономикасында жалпы және арнайы экономикалық көрсеткіштер қолданылады. Олардың негізгілері табиғатты қорғауға және пайдалануға жұмсалатын бір мезгілдік және ағымдағы шығындар, Өндіріс шығындары мен тиімдері, абсолютті және дифференциалды рента, қоғамдық қажетті ең жоғарғы (шеткі) шығындар, табыс, пайда, дисконтталған таза табыс, өнімнің (қызметтің) өзіндік құны, бағасы және пайдасы ресурсты қалпына келтіру құны, балама құндылықтар, табиғи ортаға, адамдардың денсаулығына, шаруашылық салаларына келтірілген экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зияндар, оларды болдырмауға, алдын-ала алуға жұмсалатын шығындар, өндірісті экологиялау шығындары, экстерналийлер, табиғатты қорғау шараларының экономикалық тиімділігі, т.б.


Ағымдағы шығындар – тауар өндіруге, қызмет көрсетуге, табиғатты қорғауға қажетті күнделікті шығындар.
Келтірілген шығындар – күрделі және ағымдағы шығындардың бір мезгілге (өлшемге) келтірілген шамасы.
Күрделі қаржы (шығындар) бір мезгілдік шығындар өндіріске қажетті негізгі қорды құруға жұмсалады, ал қор ұзақ мерзімде – тозғанша жұмыс істейді. Ағымдағы шығындар өнімнің, жұмыстың шамасына байланысты қайталанып отырады. Сондықтан оларды тікелей тура қосуға болмайды. Ол үшін ерекше тәсіл – келтіру коэффициенті Ен қолданылады. Коэффициенттің шамасы негізгі қордың қызметі істейтін мерзіміне байланысты. Өндірісте әртүрлі мерзімде қызмет істейтін негізгі қорлар құрылады. Сондықтан келтірілген шығындар есептелгенде орташа салалық немес шартты келтіру коэффициенттері қолданылады.
Қолданылатын келтіру коэффициентінің шамасы негізгі қорды жаңарту саясатына да байланысты.
Келтірілген шығындарды анықтау формуласы:
S = U + Eн K,
(2.1)

мұнда S – келтірілген шығын;


U – ағымдағы бір жылдық шығындар;
K – күрделі қаржы (өндіріске қажетті);
Eн –келтіру коэффициентінің нормалы шамасы.
Өнімнің (қызметтің) бір өлшеміне келтірілген шығындар:

Sүл = C + Eн Kүл, (2.2)


мұнда Sүл – өнімнің бір өлшеміне келтірілген шығын;


С – өнімнің өзіндік құны (амортизация, есептелген);
Kүл – өнімнің бір өлшеміне есептелген үлестік күрделі қаржы.
Келтірілген шығындарды уақыт бойынша бір мезгілге (салыстыруға) келтіру үшін уақыт факторы ескеріледі (арнайы әдіспен).
Шеткі шығындар – біраз уақытқа (жағдайға) белгіленген нақты өнімді өндіруге (қызмет көрсетуге) жол берілетін қоғамдық қажетті шығындар шегі.
Дербес шығын – жеке табиғат пайдаланушылық нақты өнім өндіруге (қызмет көрсетуге) жұмсалатын табиғат пайдалану (қорғау) шығындары.
Дифференциалдық рента – сапасы жақсы және орналасуы қолайлы табиғат ресурстарын (жағдайын) пайдаланғанда алынатын қосымша табыс, пайда. Рента нақты табиғат ресурсын пайдаланғанда алынатын олжа шамасын
көрсетеді және осы ресурсты экономикалық бағалау негізі болады.
Дифференциалдық рента шамасын бірнеше тәсілмен анықтауға болады:
– белгіленген шеткі шығын мен дербес шығынды салыстырып:

R = Z – Si,


(2.3)

мұнда R – дифференциалдық рента;


Z – шеткі шығын;
Si – келтірілген дербес шығын.
– табиғат ресурсынан өндірілетін өнімнің бағасынан өнімнің өзіндік құнын нормалы пайдасымен қоса шегеріп:

R = Ц – С + Пн, (2.4)


мұнда Ц – өнімнің кадастрлық, шеткі шығындар негізінде анықталған бағасы;


С – өнімнің өзіндік құны;
Пн – нормалы пайда.
– кадастырлық баға мен өндірістік дербес бағаны салыстырып:

R = Ц – Цi, (2.5)


мұнда Цi – нақты дербес шығындармен анықталған өндірістік баға.


Табиғатты қорғау экономикасында көптеген жалпы экономикалық көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішінде: баға, өзіндік құн, пайда, табыс, тиім, тиімділік, пайда нормасы немесе нормалы пайда, дисконттау, экономикалық зиян, зиянның орнын толтыру (компенсация), ресурсты қалпына келтіру шығыны т.с.с.


Баға – тауардың (қызметтің) құнының ақшалай шамасы. Өндірістік, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, қызмет көрсету, өндірушінің, тұтынушының, кадастрлық көтерме сауда, бөлшек сауда, нарықтық бағалар ажыратылады. Сондай-ақ, әлемдік, мемлекетаралық, мемлекеттік, аймақтық жергілікті болжамдық, жоспарлы, нақты, сметалық т.с.с. бағалар болады.
Өнімнің (қызметтің) өзіндік құны - өнімді өндіруге, қызмет көрсетуге, табиғатты қорғауға жұмсалатын шығындардың ақшалай өлшемі.
Құн – тауардың құны оған жұмсалатын қоғамдық қажетті еңбек шамасымен анықталады.
Табыс – өнімді өндіру, қызмет көрсету, табиғатты қорғау нәтижесінде түсетін ақша немесе материалдық игіліктер.
Пайда – табыстың жұмсалған шығыннан артық шамасы. Жеке өнімнен (қызметтен) түсетін пайданы, оның бағасынан өзіндік құнын игеріп анықтайды.
Тиім – нәтиже мен шығынның айырмасы. Тиім тек қана ақшалай экономикалық емес, әлеуметтік, экономикалық, саяси т.с.с. болуы мүмкін.
Тиімділік – тиімнің, пайданың, соған қол жеткізуге жұмсаған шығынға қатынасы, кең мағынада тиімділік атқарған жұмыстың пайдалылығын сандық және сапалық көрсеткіштермен білдіретін ұғым.
Жалпы шаруашылық әрекеттердің, оның ішінде табиғатты қорғау шараларының пайдалылығын білдіреді. Нәтиже мен шығын салыстырылатын болғандықтан экономикалық
Тиімділік коэффициентпен немесе пайыз шамасы бойынша өлшенеді.
Жұмсалған шығындардың, күрделі қоржынның, инвестицияның қайтарылу мерзіміне кері көрсеткіш болып табылады.
Күрделі қаржының қайтарылу мерзімі – жұмсалған инвестицияның пайда есебінен қанша уақытта қайтарылатынын көрсетеді. Тиімділікке кері шама. Оны анықтау үшін жұмсалған күрделі қаржы, инвестиция шамасын, жылдық пайда, тиім шамасына бөледі.
Экологиялық зиян – шаруашылық т.б. әрекеттердің (әсерлердің) салдарынан табиғи ортаға (табиғат ресурстарына) келтірілген зардаптардың ақшалай өлшемі.
Дисконтталған ақша түсімі – белгілі уақытқа келтірілген табыстар мен шығындар. Оны талдаудың екі әдісі бар: қазіргі таза құндылық (NPV) және пайданың ішкі нормасы (JRR). Алғашқы әдіс болашақ ақша түсімінің қазіргі құндылығын таңдап алынған дисконт коэффициенті бойынша анықтауға негізделген. Соңғысы – ақша түсімінің қазіргі құны жұмсалатын қаржыға теңестіретін дисконтау коэффициентін анықтау.
Ақшаның қазіргі құндылығы – уақыт өткен сайын ақшаның құнсыздануын есептеу, жұмсалатын қаржының (инвестицияның) пайда әкелетін аралыққа дейінгі уақыттың бағасы. Бұл түсінік бойынша ақша іске жұмсалу керек, іске жұмсалмаған ақша құнсызданады.
Қазіргі таза құндылық (NPV) – инвестиция шамасын есептеу әдісі.
Мұнда болашақ ақшалай түсім (пайда), ақшалай шығын (күрделі қаржы) капиталдық қайтарымын қамтамасыз ететін дисконт коэффициентімен есептеледі. Егер NPV оң мағынаға ие болса, қаржы жұмсауға болады деп есептеледі.
Дисконт коэффициенті – болашақ ақша түсімінің (шығынның) қазіргі құндылығын есептеу үшін қолданылатын коэффициент (пайыз), ақшаның қазіргі құндылығын бағалау белгісі.
Пайданың ішкі нормасы (JRR) – болашақ ақша түсімінің қазіргі құндылығы жұмсалатын қаржы тең болатын жағдайға сәйкес пайда нормасы (пайызы). Соған сәйкес дисконт ставкасы анықталады.
Табиғат ресурстарын экономикалық бағалаудың қажеттілігі келесі жағдайлардан туындайды:
-ұлттық байлықты ақшалай есептеу;
-табиғат ресурстарын игерудің оңтайлы мерзімін, түрін,
кезегін, мөлшерін анықтау;
-ренталық табыстарды, төлемдерді анықтау;
-өндіруші салалардың өнімдерінің өзіндік құнын дұрыс есептеу;
-табиғат ресурсын пайдаланушы кәсіпорындардың
Шаруашылық мүмкіндіктерін болжау;
-жеке аймақтардың экономикалық мүмкіндіктерін есептеу және болжау;
-табиғатты пайдалануды болжау, жобалау және жоспарлау;
-жеке шаруашылық әрекеттердің жобасын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу;
-арендалық және концессиялық, т.б. төлемдерді есептеу;
-табиғи ортаға келтіретін зияндарды есептеу және табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау.
Жалпы экономикалық бағалау әдісі таза тиімдермен бірге қосалқы, жанама тиімдерді есептеуге негізделген, ол төрт қосындының жиынтығы = тікелей пайда + жанама пайдалану тиімі + мүмкін пайда + орнын толтыру пайдасы.
Аталған табиғат ресурстарын экономикалық бағалау әдістерінің барлығының да кемшіліктері бар. Қазіргі қолданылатын рента әдісінің негізгі кемшіліктері:
- болашақ рента шамасын дәл есептеу мүмкін болмайды;
- дисконттау коэффициенті тұрақты шама деп қарастырылады.



Жалпы экономикалық құндылық







Пайдалану құндылығы



Пайдаланбау құндылығы







Тікелей
пайда



Жанама
пайда



Мүмкін
пайда

Тіршілік құндылығы







«Төлеу ынтасы»





Нақты
игіліктер



Табиғат
қызметтері



1 және 2
болашақта
пайдалану


2 сурет-Жалпы экономикалық құндылық


Ренталық теория бойынша табиғат ресурсы оны пайдаланудан алынатын тиімнің мөлшерімен бағаланады. Дифференциялдық рента шамасын есептеу үшін нақты ресурсқа қоғамдық қажетті ең жоғарғы (шеткі) шығын мен нақты шығын (нормалы пайдамен бірге) салыстырылады.
R = Z – S, (2.6)
мұнда R – дифференциалды рента;
Z – шеткі шығын;
S – дербес шығын (нормалы пайда қоса есептелген).

Рентаны есептеудің бірнеше жолдары бар. Олар: нарықтық (әлемдік) баға мен жеке өндіріс бағаларын салыстырып, қоғамдық қажетті шығын мен дербес шығынды салыстырып және шикізаттық өнімнің бағасынан дербес шығынды және нормалы пайданы шегеріп.


Табиғат ресурстарын экномикалық бағалаудың екі түрі: абсолютті және салыстырмалы бағалаулар ажыратылады. Абсолютті бағалаудың өзі екіге: ағымдағы және ұзақ мерзімдік бағалауларға бөлінеді. Ағымдағы бағалау жылдық рента мөлшерімен анықталады:

R = (Z – S)Q, (2.7)


мұнда Q – бір жылда пайдаланатын ресурс немесе одан өндірілетін өнім мөлшері.


Ұзақ мерзімдік абсолютті экономикалық бағалау үшін табиғат ресурсы пайдаланылатын барлық жылдардағы жиынтық рентаны есептеу қажет болады. Жиынтық рента уақыт факторын ескеріп дисконттау арқылы анықталады. Оның мағынасы әр жылдары алынатын ренталардың қазіргі құндылығын анықтау. Рента (тиім) неғұрлым тезірек алынса, соғұрлым құндырақ болады.

TZt  St
R =∑ ()t , (2.8) 1+ E


t =1
íï

мұнда Zt – t жылғы шеткі шығын, өндірілетін құндылық;


St – t жылғы дербес шығын;
t(1 + Енп) – дисконттау коэффициенті;
Енп – дисконттау нормасы, әдетте сарқылатын ресурсатар үшін 0,08, сарқылмайтындарға 0,02;
t = 1, 2, 3 ... Т – табиғат ресурсын пайдалану жылдары.
Салыстырмалы экономикалық бағалау келтірілген шығындар төмендегі формуламен жүзеге асырылады:

U + Ен Кmin, (2.9)


мұнда U – ағымдағы шығындар;


К – бір мерзімдік күрделі қаржы;
Ен – күрделі қаржының тиімділік нормасы.

Бірдей нәтижеге қол жеткізетін нұсқалардың қайсысында келтірілген шығындар аз болса, сол нұсқа тиімді деп есептеледі. Абсолютті бағалаулардағы сияқты мұнда құндылық мөлшері анықталмайды, тек қана толық шығындар есептеледі.


Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау екі негізгі қызметті атқарады:
Бірінші, есептеу – табиғат ресурстары ұлттық байлық, өндірістің материалдық ресурсы, қоғамдық еңбекті үнемдеу факторы, тіршілік ортасы ретінде бағаланады.
Екінші, ынталандыру – бағалау арқылы табиғатты қорғау және ұтымды пайдалану ынталандырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет