Мергенбаева А. Т., Абишова А. У., Уразбаева Г. Ж. «Экожүйе және құқық» пәнінен


Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы



бет66/79
Дата28.11.2023
өлшемі0,51 Mb.
#130731
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79
Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасы
2012 жылы Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.
Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттер:

  • ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа) пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;

  • қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып, жаңаларын салу;

  • қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;

  • ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін көтеру болып табылады (www.strategy.kz).



Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

  • бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;

  • екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;

  • үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.

Жобаны іске асыру бағыттарына келетін болсақ, жоспар ашық түрде айқындалды.
Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.
Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.


Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.
Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.
Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы
Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:

Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру
Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.
Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру
Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.
Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту

Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.


Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару
Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.
Есептеу бойынша 2050 жылға қарай «жасыл экономикасы» аясында түрлену ЖІӨ-ді қосымша үш пайызға арттырып, 500 мыңнан астам жұмыс орнын құруға, өнеркәсіптің жаңа салаларын қалыптастырау, халыққа барлық жерде мір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Атқарылған ауқымды істер
Жоғарыда айтып өткеніміздей, дамудың «жасыл» жолына көшу барысында алға қойылған негізгі бағыттардың орындалу деңгейін атап көрсеткеніздей, бүгінгі күні ел үшін ресурстарды тиімді пайдаланатын жаңа инфрақұрылым құрудың бірегей мүмкіндігі туындап отыр. Атап айтатын болсақ, 2015 жылдан бастап БҰҰ ДБ-мен бірлескен «Төмен көміртекті дамыту үшін орнықты қалалар» жобасы іске асырылып келеді. Және де өткен жылы Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ ДБ-мен бірлесіп, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру және Қазақстан қалаларын көшелік жарықтандырудың техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу мақсатында «Энергетикалық тиім­­ді жарықтандыру» бағ­дар­ламасы шеңберінде Павлодар облысында 298 шамасында энергия үнемдейтін шамдар орнату бо­йынша екі қанатқақты жоба іске асырылғанын жеткізді.
Осылайша, көшелерді жарықтандыруды энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру еліміздің бар­лық қалаларында жүргізіліп жатыр. «Энергия үнем­деу-2020» бағдарламасы шеңберінде жер­гілікті атқарушы органдар бюд­жеттік энергоаудитін өткізуде. Бағдарламаның мақсаты энергия тұтынуды төмендету және отын-энер­гетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы елдің ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету және энергия тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау болып табылады, дейді «Жасыл экономика» департаментінің басшысы Б.Дүйсенбайұлы.
Жекелеген жобаларға келетін болсақ, инвесторларды ынталандыру арқылы соңғы екі жылда Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін пайдалану нарығына ЖЭК-тің 25 нысаны іске қосылған. «Жасыл» экономикаға көшу жолында Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл» экономикаға көшу жөнінде кеңес құрылғанын айта кеткен абзал. Сондай-ақ, еліміздің су ресурс­тарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы қабыл­данып, ол лайықты дең­гейде жүзеге асырылуда. Және де отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасы бекітілді.
Ағымдағы жылы 28 сәуір­де Президент «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заң­намалық актілеріне Қазақ­стан Республикасының «жасыл» эко­номикаға көшу мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қо­йылды. Осы және басқа да іске асы­рылып жатқан шаралар елдің табиғи ресурстарын ұқыпты әрі ұтымды пайдалануға негіз болатыны хақ.
«Жасыл» экономиканы жол­ға қою мақсатындағы негізгі бағыттарға тоқталар болсақ, олар жаңғырмалы энергия көздерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лы­ғын­дағы энергия тиім­ділігі, ауыл шаруашы­лығындағы орга­никалық егін шаруашылығы, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру, «таза» көлікті дамыту, ауаның ластануын азайту болып табылады. Осы бағыттар бойынша қазіргі таңда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мысалы, 2020 жыл­ға дейін электр энергиясын өндірудегі газ электр стансаларының үлесін 20 пайызға дейін жеткізу жұмыстары бойынша алсақ, бүгінгі күннің өзінде бұл көрсеткіш 19,9 пайызды құрап отыр. Ал тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығындағы энергия тиімділігі мәсе­лесінде энергия тұтыну тиім­ділігін 2020 жылға қарай 25 пайызға азайту жөніндегі міндет айқын. Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес 2013 жылы энергия тиімділігі 18,6 пайызды құрады. Ал қал­дық­тарды басқару жүйесін жетілдіру жұ­мыс­тарында да алға басушылық бай­қа­лады. Мысалы, Энергетика министрлігінде 2020 жылы ҚТҚ шығаруды 90%-ға, қоқысты санитарлық сақтауды 50%-ға, қалдықтарды өңдеу үлесі 10%-ға жеткізу міндеті тұр. Өткен жылғы нәтиже бойынша халықты ҚТҚ шығарумен жабу - 59%, қоқысты санитарлық сақтау - 11%, өңделген қалдықтар үлесі 40%-ды құрады. Алдағы төрт жылда қалған пайыздық көрсеткіштердің орындалатыны даусыз.
Сарапшылардың айтуы бойынша, «жасыл» экономиканың осы заманғы экономикалық жүйелерді тұрақтандыруға, қорларды тиім­ді қолдану арқылы адамның және табиғаттың арақатынасын теңгеруге мүмкіндігі көп. Кедей­шілік деңгейін төмендету, ха­лықтың денсаулығы көрсеткішін арттыру, қоршаған ортаны жақ­сарту арқылы «жасыл» экономика адам капиталының сапасын көтеріп Қазақстанның XXI ғасырда экономикалық және әлеуметтік тиімділігін, табысын тұрақтандырады және әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан елдің ішінде де, Орталық Азия өңірінде «жасыл» экономика принциптерін енгізу белсенді жүргізіліп келеді, деп есептейді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қоршаған орта жөніндегі Директоры Анжела Буларга.
Жасыл экономика негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар. Мамандардың айтуынша, «жасыл» экономиканы дамыту елімізге экологиялық дағдарыстан қашып құтылуға мүмкіндік береді.
«Жасыл экономикаға» көшудің негізі бағыттарының бірі энергетикалық аспект болып табылады. Қазақстанға ескірген техникалық парк құрадл-жабдықтары ме ехнологиялық желілерді жаңарту арқылы көмір мен көмірсутекті пайдалануды азайтуға қол жеткізу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет