Мәрияш үйге келін боп түсті. Шешемнің төбесі көкке жетті



Дата14.10.2023
өлшемі16,93 Kb.
#114360

Аманат
«Мәрияш»... Көзімді жұмсам болды ып-ыстық алақанымен күліп кеп бетімді басып ойнағандай болады. Еш көлеңкесіз күлгенін көремін. Оның қасында дүниені жаяу аралауға да ықтиярмын»... Үйленуге келісім бердім.
Мәрияш үйге келін боп түсті. Шешемнің төбесі көкке жетті.
Алда түн... «Екінші күн. Той тарқап, екі жас оңаша қалды. Мәрияш бұрыщта төмен қарап отыр. Тұсында көне сұрыптан құрастырып тіккен ақ шымылдық. Өз қолымен тіккен шымылдық. Үрпиіп дір-дір етеді.
«Жаңа ғана тәтті ұйқыда жатқан Мәрияш шошынып тұрып, еңіреп жіберді.
Сол кездегі жылаған сәтін кімге де болса көрсетпесін. Қандай азап болса да көтеруте бар, тап әлгідей көз жасын бұл өмір көрсетпесе екен. Ер жігіт бәрін де көтерер еді, артында қалар жас жары болмаса. Кісіні жасартатын да, қартайтатын да махаббат-ау әсте».
Сәске болмай-ақ ауданнан Жалбызбайды әскерге шақыртқан бұйрық келді. Кеше ғана қолы жеткен бақытының, жас келіншегінің касында екі-ақ күн болды. Жүрегі сыздап, жаны егіліп артына қарай-қарай соғысқа аттанды. Сүйгенінің жанында екі-ақ күн болып, есінен танғанша еңіреп, солығын баса алмай, жақында ғана тіккен ақ сұрып шымылдықты құшып Мәрияш қалды. Жалбызбайдың соңында әсем күлкісі, кеше ғана иіске үзген жауқазыны қалды...
Берлин. Ашу-ызаның, үміт-тілектің тоғысқан жері. Қаралы шерудің біткен жері. Жалбызбай бұл күнгідей ашына қимылдаған жоқ шығар өмірі. Өзін-өзі ұмытқандай болды. Түнгі шабуылда екінші рет жараланды. Мәскеудегі салют күні операция үстелінің үстінде жатты. Бұл жолы қатал тағдыр дегенін істеді...
Мың тоғыз жүз қырық жетінші жылдың көктемі. Рейк өзенін салқын тұман басып жатыр. Дүниенің бәрі сыз. Кең ашылған аурухана есігінен сылти басып жүдеу кісі шықты. Самайына ақ түскен. Бұрынғы ойнақы жанардың орнында мұңға толы терең қос тұңғиық қалған. Күжірейген жауырыннан заманның ауыр салмағы өткендей. Аяғындағы ауыр бәтеңке әлдебір жерді жоқтағандай. Кетіп барады.
Бұл Жалбызбай еді.
«Алыстағы жым-жырт ауылдан хабар жоқ. Мәрияштан да хат алмағалы үшінші жыл. Күдер үзген де болар. Қайтіп жүр екен? Жалғыз басты, сүйеуі жоқ келіншекті кім аясын. Жарым менің, не күйдесің?!».
Жалбызбай азапты оймен шығысқа жол тартты. Төрт жыл соғыстан да ауруханада өткізген соңғы екі жылы жанына қатты батты. Өшпестей жара салды. Жарым жасын алып кеткендей болды.
Шығысқа жол тартып келеді. Мінеки, сынық моржалы шеткі үй! Ауласын шөп басып кетіпті. «Үйде неге жарық жоқ? Марияш қайда кеткен?!»
- Мәрияш! Мәрияш! Не болғансың?!
Марияш орнынан тәлтіректей тұрып іштегі шамды жақты. Үйде ешкім жоқ екен. Төрдегі үлкен төсек салулы. Бұрынғы өз төсегі. Жалбызбай Мәрияштан көз алмай тұр. Әлгіде ғана сағыныштан еріп түскен кейпі көрінбейді. Аңсау, уайым, бәрі-бәрі тас түйін боп ішіне түскендей. Бойын жинап алған. Мәрияш оның жүзіне үрейлене қарайды. Ауық-ауық денесімен селк-селк етеді.
Ақырын қимылдап төрдегі үлкен сандыққа жетті. Мәрияш ішіндегі заттарды бірінен соң бірін шығарып тастап жатыр. Ескі тымақ, камзолдар, қызыл барқыт.
Ең түбінен бір ораулы нәрсені алды. Әлгіні сындырып алатындай, қос қолымен кеудесіне басып келіп Жалбызбайға көрсетті.
Жалбызбайдың көз алдында көне сұрыптан құрастырып тіккен ақ шымылдық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет