Мәртебеге ие болған наурыз мерекесі жыл өткен сайын


туған тілім – тірлігімнің айғағы



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата06.03.2017
өлшемі4,91 Mb.
#8165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

туған тілім – тірлігімнің айғағы

Отан! Отаншыл болу мемлекеттік тілді құрметтеуге 

бастайды. Осы орайда тіл жөніндегі өз ой-пікірімді ор-

таға салсам деймін. 

Бұл сөзде терең мағына жатыр. Бұл адамның ең қым -

бат , терең және күшті сезімін білдіретін сөз. Отанға деген 

сүйіспеншілік, Отан үшін барлық қиындыққа  да йын 

болу, қоғамның дамуын да рухтандыратын қайнар бұлақ 

іспетті. 

Қоғамда тілдік орта болмайынша, тілдің өз деңгейінде 

дамуы екіталай. Сондықтан қазіргі уақытта іс қағаздары 

мемлекеттік тілде жүргізіліп отыр, ақпарат құралдары да 

жеткілікті, балабақшаларда қазақ топтары, мектептерде 

қазақ тілінде оқытатын сыныптар көбейді. Демек, тілдік 

орта жоқ дей алмаймыз.

Өзім екінші жыл орыс сыныптарына қазақ тілінен 

сабақ беремін. Алдыма қойған мақсатым – өзге ұлт 

балаларына тілді ғана үйрету емес, халқымның салты 

мен дәстүрін, жомарттығы мен парасатын ұғындыру, 

әр шәкірттің жүрегіне иман ұялатып, ниетіне ізгілік пен 

мейірім шапағатын себу. Қазақ тілінің маңызын, басқа 

ұлт балаларына сездіріп, тілге деген қызығушылығын 

арттыру.

Орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілі сабақта-

рының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамы-

ту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, 

сауат ты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, 

қа зақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айту болса, 

мен өз сабағымда қосымша ретінде халық әндерін, 

Абай атамыздың әндерін әуелетіп айтып, көр-

некті жазушылардың шығармаларынан үзінділерді 

сахналағанды дұрыс көремін.

Мемлекетіміз өзінің тұғырында нық тұру үшін ол 

халықтың тілі сақталып, Әнұраны шырқалып, Туы 

желбіреп, Елтаңбасы айбарлы болуы шарт. Ана тілі – 

анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, жүректің 

терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін 

ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. 

Менің түсінігімде адамның Отаны оның бесігі 

тербетілген жерде. Менің Отаным – Қазақстан. 

Сондықтан да ана тілімді білу менің парызым.

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін, – деп ақын 

Ә.Тәжібаев ағамыз жырлағандай, тіл қай елде болса 

да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынты мақ-

тастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі 

жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сыны-

нан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен 

толыққанды ақиқат десек жаңылыспаймыз. 

Гүлзира ҚылыШбаева,

С.бәйішев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен 

қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ақтөбе облысы

Темір ауданы

Темір қаласы

Елена – болашақ журналист 

Ұлттық намыс 

туралы ой

біз қашанда намысты биік қойған ұлтпыз. Қазақта 

«бөріктінің намысы бір» деген ұлағатты, жақсы сөз бар. 

Мен соңғы уақыттары намыс мәселесі туралы ойланып, 

толғанып жүрмін. Неге десеңіз, қарап тұрсақ, біздің барлық 

өміріміз, тіршілігіміз өз алдына, ал рухани дүниеге, ұлттық 

құндылықтарымызға келгенде намыстың орны бөлек екен. 

Намыс қай жерде болсын керек. Мәселен, ғылым мен 

білімде, мәдениет пен өнерде, спортта, т.б. салаларда өз 

ұлтының намысын биік қойған адам бәсекеге қабілетті 

болуға талпынады. Тілге де намыс керек. Тіл – намыссыз 

дамымайды. Біз кейде неге өзіміздің қаракөздеріміз ана 

тілін құрметтемейді, үйренбейді деп өзімізге сауал қойып, 

ой жүгіртеміз. Себебі бұл мәселеде де намыстың жоқтығы 

болмай отырғаны сезіледі. Намыстың жоғары болуы 

отаншылдыққа бастайды. Патриоттық сезімді арттырады. 

Өз еліңнің, жеріңнің қадірін айрықша білуге, қастерлеуге 

үйретеді. 

Осы айтылған мәселелердің бір адамның бойы-

нан табылуына да, меніңше, намыс ерекше әсер етеді. 

«Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» дегендей, бойында 

ұлттық намысы бар адам ол өзінің мәдениетін, тілін, дінін 

қастерлейді. Жақында мынадай бір оқиғаның куәсі бол-

дым. Бір кеңсе дүкеніне кіріп едім жасы егделеу тартқан 

бір қазақ апай сол кеңсенің ұлты қазақ қызметкеріне 

ұрсып тұр екен. Сондағы сөзін тыңдап көрсем: «Ты сна-

чала на русском нормально разговаривать научись» дейді. 

Сонда әлгі қызметкердің бар айыбы әлгі апайға қазақша 

сөйлегені ме? Сұрастырып білсем, ол апай өзіне керек 

затты әлгі дүкеннен таба алмай, ашуланған екен. Содан 

барып, өзіне қазақша жауап берген қызметкерге осындай 

сөздер айтқан екен. Өзі тек орысша сөйлейтін кісі көрінеді. 

Мен де араласып, оған мұныңыз дұрыс емес деген сыңайда 

пікірімді айттым. Өйткені тілдің намысы аяққа тапталып 

жатқанда үндемей қала алмадым. Себебі бойымда ұлттық 

намысым бар. Тілімді жақсы көремін, салтымды сый-

лаймын. Ата-анамнан да көрген тәрбием сол. Сондықтан 

өмірдің күнделікті көрінісіне мән беріп, қарап жүрсең, 

өзіміздің қазақ азаматтарымыздың бойы нан намыстың 

аздығын байқаймын. Бәлкім, біз өзгерген шығармыз. За-

ман басқа шығар. Бірақ ұлттық намысты ұмытуға, естен 

шығаруға болмайды ғой. Бізді ұлт еткен намысымыз емес 

пе?! Жастарға да айтарым сол – ұлттық намысыңды сақтай 

біл. Сонда ар-ұжданың да биік болады. Еліңе пайдаң тиетін 

жақсы азамат болып өсесің. 

айдос МаРаТҰлы

Қарағанды облысы

Ассамблеяның басты миссиясы 

«Бір ел – бір халық – бір тағдыр» 

ұраны, ел ішіндегі татулық пен 

достықты насихаттау екені анық. 

Шынында да, ырыс пен ынтымақ, 

бақыт пен байлық – ел бірлігі, 

ұлттар мен ұлыстар достығы бар 

жерде ғана болмақ. 

Түрлі ұлттар мен ұлыстарды 

бір шаңырақ астына біріктірген 

Ассамблеяның айтулы мерекесі 

өңірлерде түрлі іс-шаралармен ата-

лып өтуде. Мәселен, солардың бірі 

Павлодар қаласында облыстық 

т і л д е р д і   д а м ы т у   ж ө н і н д е г і 

басқармасының ұйытқы болуымен 

өткен этнос жастары арасындағы 

«Тіл – татулық тірегі» байқауын 

айтуға болады. Байқауға 18 бен 30 

жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері 

қатысты. Олар өңірдің қала мен ау-

дандарында осы байқаудың іріктеу 

кезеңінен өткен жеңімпаздар. 

Қатысушылар мемлекеттік тіл ту-

ралы бейнероликтер дайындап, 

берілген тақырыпқа эссе жазды. 

Байқау қорытындысы бойынша 

І орынды Ақсу қаласының өкілі 

Елена Гаркава, ІІ орынды Павлодар 

қаласының үміткері Майя Иванова 

және ІІІ орынды Екібастұз қаласы 

намысын қорғаған АидаМагерра-

мова иеленді. Жүлдегерлер арнайы 

диплом, алғыс хат және бағалы 

сыйлықтармен марапатталды.

Байқау жеңімпазы туралы 

кеңірек таныстыратын бол сақ, 

Елена Гаркава – украин қы зы. 

С.Торайғыров  атын да ғы  Пав лодар 

мемлекеттік  уни вер ситетінің  4-курс 

студенті. Бо лашақ мамандығы – 

журналист. Университеттің қо-

ғам дық өміріне белсенді қа тыс-

қаны,  үз дік оқуы мен жеке же-

тіс тіктері үшін университеттің 

 гран ты на ие болған. Ол «VІІІ 

 Мәш  һүр-Жүсіп  оқулары»,  «V 

С.Торайғыров оқулары», «ХІІІ 

Сәт баев оқулары» халықаралық 

және республикалық ғылыми-

практикалық конференцияларға 

тұрақты қатысып келеді. Қазақ 

ақын-жазушылары  шығар ма ларын 

мәнерлеп оқу бойынша қалалық, 

облыстық және республикалық 

байқауларда бағын сынап, бірнеше 

мәрте жүлделі орындар иеленген. 

Тіл саясатын жүзеге асыру аясын да 

өтетін «Тіл – адам жанын танудың 

кілті», «Абай оқула ры», М.Мақатаев 

және М.Көпейұлы шығармашылық 

мұра ларын насихаттауға арналған 

кон курстарға да белсенді қаты-

сады. Астанада өткен «Тіл – тату-

лық  тірегі»  атты  мемле кет  тік 

тілді меңгерген өзге ұлт өкіл дері-

нің жастары арасындағы ІV рес-

публикалық форумына қатысты.

А р м а н ы   а с қ а қ   Е л е н а н ы 

 құрбы-құрдастары ерекше мақтан 

тұтады. Болашақ журналист оқу 

тәжірибесін облыстық «Сарыарқа 

самалы» газетінде өткен. «Қазақ 

тілінде мақала, тезис, шолу мен 

сараптамалық материалдар жа-

зуды үйрендім, шығармашылық 

қабілетімді шыңдадым» дейді. 

Елена мектепте орыс тілінде 

оқыған. Қазақ тілін оқып-үйренемін 

д е г е н   қ ұ л ш ы н ы с ы   м е н   з о р 

талабының арқасында мемлекеттік 

тілді еркін меңгерген. Еленаның 

осындай еңбегі өзгелерге үлгі бо-

лады деген ойдамыз. Мемлекеттік 

тілді еркін меңгерген Еленаның 

мерейі әрдайым үстем боларына 

кәміл сенеміз. 

ақылбек СаТыбалДИН

ПАВЛОДАР


нәрсе жөніндегі құқықты қуаттайтын іс 

қағаз мағынасындағы араб тілінен енген 

сөз)  сөзінің бірігуі нәтижесінде пайда 

болған термин. 



Пайыз – «1) пайда; 2) қайырым ды-

лық, жомарттық» деген мағына беретін 

арабтың «фэйз» (Персидско-русский 

словарь: В 2-х т.т.. – М.: Рус. Яз., 1985. 

– 864 с.) деген сөзі. Бұл жерде термин 

ретінде «пайда әкелу» деген мағынасын 

алғандығы байқалады. Пайыз термині 

термин қабылдаудағы жүйеге сай (өзге 

тілден термин қабылдауда туыстас 

тілдерге басымдық беру) болып табы-

лады. 

Ж а л п ы ,   т і л і м і з г е   ө з г е   т і л д е н 



сөз қабылдауда мынадай үш негізгі 

қағиданы ескергеніміз жөн. Біріншісі 

– жаңа пайда болған ұғымға атау беруде 

қазақ тілінің өз мүмкіндігін пайдала-

ну, түбірге жұрнақ жалғап жаңадан 

сөз жасау; екіншісі – қазақ тілінен 

табылмаған терминдерді басқа түрік 

Бауыржан ЖОнКЕШОв,

А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі

институты терминология бөлімінің

жетекші ғылыми қызметкері


6

7

№12 (1270) 



27 наурыз – 1 сәуір

2015 жыл


№12 (1270) 

27 наурыз – 1 сәуір

2015 жыл

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

Ілия ЖАҚАнОв

еліН сүйгеН – елі сүйгеН

2001 жыл. 

Теміртауда алтын күз. Жып-жылы… 

желсіз тынған маужыр сәт. Көк жүзінде 

қимылсыз қалқыған ақша бұлт.

Осы сапар мені Теміртаудағы бір 

қадірлес жан Тілеукен Смағұлов қарсы 

алды. Тілеукен Қарқаралы жағынан. 

Менімен кездескен сайын жанға жайлы 

жұмсақ әзіліне басып: «Сіз біздің қара 

ормандай қайысқан Қаракесек тің ком-

позиторысыз. Бір Балқантау жөнінде 

төрт әніңіз бар. Бірінен-бірі өтеді. Ол 

тек махаббат жыры емес, біздің еліміз 

бен жерімізге деген ыстық ықыласыңыз. 

Сізді сол үшін сыйлаймыз. Өз азама-

тымыз дейміз, мақтанып. Қарағанды, 

Теміртауда төңірегіңізде дуылдасып 

жүретін сері жігіттердің бәрінен сізге 

мен жақындаумын» деп мені елден ерек 

өбектеп жүреді. 

Сол келген күні кешінде Тілеу кеннің 

үйінде бір келісті отырыс болды. Арқа 

азаматтарының игі дәстүрі бар, баста-

ры қосылып, жинала қалса мәзірі, мәні 

жоқ қысыр әңгіме айтылмайды, тегі. 

Көкейдегі сөздер арғы-бергі тарихтан 

қозғалады, ән төңірегінде ғана өрбиді. 

Арқаның «Жиырма бесі», «Екі жирені», 

«Дударайы», «Қаракесегі», «Әупілдегі», 

«Ләйлімі», «Балқадишасы», «Хорла-

ны»… әрқайсысы бір-бір хикая, тек сол 

әндер ғана ма, біздің заманымыздың 

«Қарлығаш», «Кестелі орамал», «Жас 

қазақ», «Ақерке» секілді әндерін де 

сүйсіне сөз еттік. Оларды сағынышты 

жүректің лүпілімен емірене әндеттік. 

Ән саябырлаған бір сәтте әңгіме 

басқа бір салаға ойыса берді:

–Теміртауыңыз осы… жүз жетпіс 

мың халқы бар, тоқсаннан астам ұлт 

тұрады.


– Ал ол бір кезде Қарағандының 

шетіндегі Самарқан деген қалашық еді. 

Ол да өзінше бір тарих.

–Кешегі Екінші Ұлы Отан соғысы 

басылған жыл. Сол жылы күзде Қазақ-

стан Үкіметін басқарып отырған Нұртас 

Оңдасынов Мәскеуге барыпты.

–Е, осыны айтшы… 

–Оңдасынов КСРО Ауыр өнер кәсібі 

министрі  Тевосянның  қа был дауында 

болады. Барған мәселесі –жаңағы 

Самарқан қалашығын болашақ метал-

лургтер қаласы ету. Тевосян сабырлы, 

тоқтамды кісі екен, Оңдасыновпен емін-

еркін пікірлесіп, дұрыс шешімге келеді. 

Бір кезде Тевосян ойланып отырып: 

«Сіз бұл қаланы «Самарқан» дейсіз, ә? 

Өзбекстанда әйгілі Самарқан қаласы 

бар емес пе?» деп оқыс сауал қояды. 

Оңдасынов бұл сөзге не дерін білмей, 

мүдіріп, сасқалақтап қалады. Тевосян 

жұмсақ үнмен: «Қазақтар металды не 

дейді?» деп сұрайды. Оңдасынов «Темір» 

деп жауап береді. Тевосян «дұрыс» деп, 

жымия бас изейді. Оңдасынов жүрегі 

лүп ете түсіп: «біз темір кенін тау-тау 

ғып өндіретін боламыз. Сіздің «Темір» 

деген сөзіңізге «Тау» деген сөзді қоссақ 

қайтеді?» дейді еркінси сөйлеп. Қойшы 

не керек, екеуі әрі-бері ойланып, осы 

мәмілеге тоқтайды. Кейін Қазақстан 

Орталық Комитеті мен Жоғарғы Кеңес 

Президумы металлургтер қаласын 

«Теміртау» деп мақұлдапты.

–Бізге көп нәрсе беймәлім, әлі. О 

баста аталарымыз осы жерді «Са мар-

қан» деп қалай атаған, оны біз білмейміз.

– Арқаның күре тамыры дерлік 

Нұра өзенінен бөлінетін бір кең арна 

бүгінде осы Самарқан көлі… үлкен 

суқоймасы, ол. Оның жобасын сол кез-

дерде Қазақстан Ғылым Академиясының 

президенті Қанекең –Қаныш Сәтбаев 

жасатқан. 

– Бұл жерді ертеде Қареке-Мұрат 

деген ел жайлаған. Жазушы Ғабиден 

Мұстафиннің, Нұрсұлтанның жары 

Сара Алпысқызының елі… бұл елден 

Батыраш-Қотыраш есімді алпауыттар 

шыққан.


Мен үшін осындай тосын сырлар 

шертілді.

Отырыс ұзаққа созылды. Түннің бір 

уағында бәріміз тысқа шықтық. Тым-

аймалаған Сарыарқаның самалы! 

Іңкәрлік сезім. 

Төртінші шумағы – Теміртаудың 

кербез көлі Самарқан… самал тербеген 

ақ айдын… аспанда қалқыған алтын 

Ай! Ай сұлу ма, қыз сұлу ма, жүрек 

жандырған құмарлық оты. 

Бесінші шумағы – теміртаулықтар 

айлы түндерде Самарқан көлінің 

жағасындағы сейілден қайтып бара жа-

тып, дәйім:

Не забудь и ты эти летние,

Темиртауские вечера,–деп әндетеді 

екен. Солардың  арасында  Нұрсұлтан 

мен Сара бар! Ән дәл осылай қимас 

көңілдің ұмсындырған сезімімен 

аяқталуы тиіс!

Қасымхан осы сөздерді үнсіз тыңдап, 

бас изей берді.

Мен Қасымханды жеке қалдыр дым 

да ауланың ішінде әрі-бері жүріп, одан 

әлі де болса желегі желкілдеп тұрған 

бақты аралап, өз ойыммен өзім боп 

кеттім.


Шамалы уақыттан кейін Қасымхан 

алғашқы екі шумақты көрсетті:

Жарқылдаған сырғаң-ай,

Толықсып бір туған Ай!

Теміртаудың аруы,

Жаным, саған, жаным, құрбан-ай!

Қыз сөзіне еліткен,

Жігіт едім желіккен.

Көрген сәтте өзіңді,

Толқыдым мен, айтшы, неліктен?

Қасымханның асығыс жазылған 

шимайына қарап тұрып, «Великолеп-

но!» дедім, басқа сөз аузыма түспей. 

Қасымхан қағазға қайта шүйілді. 

Іркілген жоқ:

– осы! Дәл осы кездерде сіз жазған 

«Теміртау түні» әнінің қуанышы біз үшін 

ерекше бір патриоттық сезім болғанын 

жасыра алмаймыз. Бұл жаңалықты қала 

басшысына арнайы барып айтамыз, – 

деді.

Тілеукен бұл жайды сол күні қала 



әкіміне мақтаныш сезіммен айтыпты. 

Сөйтіп, әкімдіктің қызыққаны сондай, 

қаладағы мәдениет қызметкерлерімен 

тез арада мәміле түзіп, бұл әнді 

орындаушыларға конкурс жариялатып-

ты. Теміртаулықтар өстіп дүбірледі-ай 

кеп.

Арада біраз күндер өткенде Тілеукен 



тағы да телефон соғып: «әншілер кон-

курсында өзіміздің теміртаулық квартет 

–екі жігіт, екі қыз ерекше көзге түсті. 

Осы бір күндері Мемлекет хатшысы 

Әбіш Кекілбаев Теміртауға арнайы 

іссапармен келіп еді, бір әсерлі кездесу-

де «Теміртау түні» әнін сүйсіне тыңдап, 

жылы лебіз білдірді» деді.

Дәл осы кезде (2001-жыл, 11-қараша) 

«Жас Алаш» газетінің бетінде «Теміртау 

түні» әнінің нотасы жарияланды. 

 Қараша айының 23-жұлдызы күні 

Теміртаудың  Мәдениет   сарайын да 

«Теміртау түні» деп аталған авторлық 

кешім Тәттімбет атындағы академиялық 

оркестрдің шалқымалы дүбірімен ба-

сталды. Дирижеры Алдаберген Мырза-

беков! Арқа әншілері менің әр кезеңде 

жазылған жиырмадан астам әндерімді 

шырқады. Концерттің орта тұсында 

«Теміртау түнінің» жазылу тарихы ай-

тылды. Теміртаулық квартет – Жанна 

Хасенова, Табысбек Шәкей, Айдар 

Серікұлы, Төлжұма Арыстанбаевтар 

оны сырлы сезіммен мөлдірете орында-

боп есептелесіздер. Осындай шалқыған 

әндеріңізбен жиі келіп тұрыңыздар! – 

деді.


Концерттен соң бір топ кісі дуылдаса 

құттықтап, мені жібергісі келмеді. Бір 

азамат тұрып: – Сіз «Алматы кешінде», 

«Жайлаукөл кештері», «Кеңгірдің 

қоңыр кештері» дейтін әндеріңізбен 

қазақ даласының қызарып батқан 

кешіне қызықтырдыңыз… о, шіркін, 

сондай… сондай кештеріміз!–деді.

Жаныма жақын жүретін ақын 

і н і м   З а ғ ы п а р : – О с ы   ә н д е р д е н 

кейін алаулаған кештер жүрегімізді 

толқытатын болды. Оны өлеңмен бей-

нелеп те көрдік. Бірақ тіл де дәрменсіз 

екен,–деп шабыттана сөйледі.

Осы сөздерді күлімсірей тың даған 

профессор  Қаб дол ла  Құлқыбаев:– 

Максим Горький 1925 жылдары жазған 

бір мақаласында «Джон Рескин 

возвестил глубокую истину, ска-

зав, что закаты в Англии стал 

прекраснее после картин Тер-

нера» дейді. Сіздер сол сөзді 

айтып тұрсыздар… енді, міне, 

«Теміртау түні» деп аталатын 

ән… бұл ән де мақпал түндерде 

шертілген махаббат сырымыз-

ды дәйім еске салады... сондай 

түндерді «аһ» дегізе аңсатады… 

соған сұқтандырады,– деді өзі 

де тебірене қалып. 

  * * *

  А т ы р а у д а   Т ө к е н 



Жұмағұлов есімді бір текті 

азамат бар. Оны жұрттың 

бәрі қадірлеп, үлкені де, 

кішісі де «Төкен Танаевич» 

дейді. Маған жан-жүрегімен 

Темиртауские вечера,– деп Самар-

қанның жағасынан кете алмай, бір-

бірімізге жымың қағып, тұрып алушы 

едік.

Ілеке, осының бәрі есімізде. Нос-



тальгия! Жастықтың жайнаған роман-

тикасы! 


Біздің Теміртауды кезінде екі атақты 

композитор әнге арқау етті. Бақытжан 

Байқадамов «Қазақстан магниткасы 

жастарының маршын» дүбірлетсе, 

Сыдық Мұхамеджанов «Жарқырайды, 

Теміртаудың оттары» әнін жалындат-

ты. Ол әндер бүгіндері алмағайып бір 

концерттерде, не радиода орындала 

қалса Теміртаудың сол кездегі тынысы 

көз алдымызға келіп, өткен өмірімізді 

елестетіп, кәдімгідей желпініп, көтеріліп 

қаламыз. Өмір… тарих өз белгісін 

әндерде де қалдыра береді екен.

Тілеукен осы сөзімен жүрегімнің 

пернесін жайлап қана басқандай болды.

 * * *


Екі күннен кейін мен «Қарағанды 

– Алматы» пойызында келе жаттым. 

Пойыздың бір сарынды жүрісі… мұндай 

сәтте адамды қым-қиғаш ой қамалайды. 

Көңіл түкпіріндегі әр жай кино лен-

тасындай көз алдыңнан өте береді. 

Елес бәрі… мен Тілеукеннің үйінде 

шертілген әңгіменің бәрін еске түсірдім. 

Теміртаудың мақпал түнін елестеттім. 

Күлкісі, әндері шалқыған жастар… 

олардың ортасында Нұрсұлтан мен 

Сара! Екеуі қол ұстасып, Самарқан 

көлінің жағасында сейіл құрып келе 

жатыр. Нұрсұлтан Сараға күлімсірей 

қарап: «Айға бетіңді бұршы» дейді. 

Сараның күміс күлкісі төгіледі. Осы 

көріністер іштей тамылжытты. 

түні


еміртау

тырыс тына қалған дүние… қала 

шуы басылған. Күздің салқын 

лебі. Толықсып Ай да туған екен. 

Жұл дыздар биіктеп, алыстай 

бастапты.

Т і л е у к е н :   –   М і н е , 

б і з д і ң   а у л а .   Б ұ л   ж е р -

г е 

біз жақында ғана көшіп келдік. 



Ескі үйді балаларға қалдырдық. 

Әні… екі қатарлы үй… шамы да 

сөнбепті. Сол үйде Нұрсұлтан 

Назарбаев тұрды. Көзімізге 

ыстық көрінеді. Кезінде осы үйде 

әндетіп, дүрілдетіп жатушы едік. Со-

дан бері неше рет күз келді, неше рет 

қыс түсті, өмір өз әуенімен жүре береді 

екен. Нұрсұлтан Әбішұлы Теміртауға 

келсе болды, бұл үйге соқпай 

кетпейді. Тарихи үй! – деді, 

жылы сезіммен.

 Қасымыздағы жігіттердің 

бірі: –О, шіркін, Теміртау түні! 

Самарқанның лебін қарашы, 

жайлап қана желпіп жатыр, – 

деп қалды.

Мен көк жүзіне көз салдым, 

Ай да жылжып барады…

Ертеңінде Тілеукен екеуміз 

Теміртауды араладық. Ол мені ә 

дегеннен қаланың орталығында 

салынып жатқан металлургтер 

монументіне алып келді. Екі 

металлургтың бейнесі… оған 

ұзақ қарадым. Мені қандай сезім 

биледі, білмедім, сол бейненің бірін 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа 

ұқсаттым. Бұл не түйсік, құдай-ау, 

бірдеме дегім келді, бірақ ешнәрсе 

айта алмадым. Өте… өте тартымды 

монумент! 

Тілеукен жайлап қана сөз бас-

тады:–Нұрсұлтан 1958 жылы 

онжылдықты бітіре сала Алматы 

облыстық комсомол комитетінің 

жолдамасымен өзі секілді бір топ 

жастардың қатарында Теміртаудың 

жаңадан салынып жатқан металлур-

гия зауытына келді. Энтузиастар! 

Келе сала білек сыбанып, қауырт іске 

араласты. Жас маман ауадай қажет. 

Зауыт басшылары біраз жігіттерді 

іріктеп, Украинаның Днепродзержинск 

қаласына оқуға жіберді. Солардың 

ішінде Нұрсұлтан да бар еді. Онда ол 

училище бітіріп, металлург мамандығын 

алды. Құю машинасының шойыншы-

сы боп шыға келді. Бұл –1960 жыл. 

Сол жылдардан бастап, Нұрсұлтанмен 

жұмыстас, қызметтес… дос-көңілдес 

боп бірге жүрдім.

Қазақстан магниткасы! Бірінші 

және екінші домна пештері шойын 

селін ағызды. Мартен пештері мың 

градустық жалынмен лаулады. Бұл не 

деген ғаламат десеңізші! Сол бірінші 

домна іске қосылғанда Нұрсұлтан аға 

горновой боп тағайындалды. Осы кезде 

белсенді комсомол ретінде де жұлдызы 

биіктеді. 1962 жылы Қазақстан ЛКЖО-

ның Х  съезіне, Москвада БЛКЖО 

ХІV съезіне делегат боп қатысты. Ме-

таллургия зауытының жолдамасы-

мен институтқа оқуға түсті. Қараңыз, 

енді бір сәтте ол бірінші домнаның 

диспетчері! 

Нұрсұлтан білімімен де, іскерлігімен 

де ерекше көзге түсті. Ол қалалық 

комсомол комитетін басқарды. Одан 

қалалық партия комитетінің екінші 

хатшысы… Қарағанды металлургия 

комбинаты партия комитетінің хатшы-

сы… қараңыз, Алматының іргесіндегі 

шағын бір ауылдан түлеп ұшқан кешегі 

балауса жігіт ысылған азамат боп, көз 

алдымызда өмір белестерінен осылай-

ша өрлей-өрлей, міне, бүгін Тәуелсіздік 

алған Қазақстанның тұңғыш Президенті 

Нұрсұлтан өскен Жетісу өңірінің әндері 

екен. Жібек самалдай желпитін қоңыр 

әуез. Жүрекке сондай жылы тиеді. «Ә, 

шіркін, қазақ әні!» дейтініміз де содан 

ғой. 


 Нұрсұлтан домбырамен Арқаның 

кең тынысты әндерін кербез сезіммен 

керілтіп шырқағанда «үстіне оқалы 

шапан, басына үкілі бөрік кигізсе 

баяғының серісі боп шыға келер 

еді» деп қызығушы едік. Сол құштар 

сезіміне қоса ойлы да еді. Басқа бір 

әншілерден «Хорлан», «Әупілдек», 

«Арман-ай», «Қаракесек», «Үшқара» 

әндерін тыңдағанда бар дүниені 

ұмытып, тұңғиық ойға батып кететін-

ді. 


К е ш е г і   ф и л ь м д е р і м і з   д е 

гуманистік идеялардан туды ғой. 

Соның бірі –«Весна на заречной 

улице» фильмі. Сол фильмдегі:

Когда придет весна не знаю,

Пройдут дожди, сойдут снега.

Но, ты мне, улица родная,

И в непогоду дорога,–деп айты-

латын ән Нұрсұлтанның ең сүйікті 

әні еді.


Сол жылдарда «Разные судь-

бы» дейтін фильмдегі бас кейіпкер 

композитор Рощиннің романсы да 

жұрт жүрегін ерекше тебірентті. 

Нұрсұлтан сол романстың:

Голова стала белою,

Что я с ней поделаю, –деп келетін 

қайырмасын мұңая қоңырлатқанда 

бәріміз қоғадай иіліп, үнімізді шығар-

май, мүлгіп қалушы едік. 

Сонда осындай бір тұнжыр сәттен 

бізді Нұрсұлтанның өзі құтқаратын-

ды. Иә, сезімі алмас қылыш жүзіндей 

жарқылдап:

Ой, красивый над Волгой закаты,

Ты меня провожала в солдаты.

Руку жала, провожала, 

Провожала, провожала! –деп 

шалқытып ала жөнелуші еді. Оған ілесе 

бәріміз заматта дүр сілкініп, әнге қосыла 

кетуші едік.

Е, осының бәрі қадірлі күнде ріміздің 

шуақты елесі екен. Көл жағасындағы 

сондай дулы кештерде қыз-жігіт атау-

лы Нұрсұлтанның ғана аузына қарап, 

төңірегінде дүркіреп жүретін-ді. 

Олардың арасында Сара да жұлдыздай 

жарқырап, Нұрсұлтанның қасынан 

бір елі ажырамайтын-ды. Біз екеуіне 

сүйсіне қарайтынбыз. Сол жастардың 

ішінде украиндық қыз-жігіттер бастап, 

«Киевский вальс пен» үйірсе, оның 

толқынды әуезі сол толқыған күйі біздің 

«Қазақ вальсіне» ұласатын-ды. Сайра-

нымыз, сейіліміз түннің бір уағына дейін 

созылатын-ды. 

О, шіркін, Теміртау түні! Самарқан 

көлінің самалы… саф ауаны жұтып жүре 

бергің келеді. Бірақ ертең жұмыс… біз 

үйді-үйімізге қайтар кезде:

Не слышны в саду даже шорохи,

Все здесь замерла до утра.

Не забудь и ты эти летние,

Мен пойыздан түскенде жүрегіме 

жібектей есілген бір сырлы әуездің 

толғанын сездім… 

 * * * 

Мына бір күз… тағы бір ән мөлдіреді. 



Оны елуінші жылдардың әні десе бола-

ды. Дәл солай. Сол кездегі лирика!

Әр жаңа ән туғанда ойлайтыным 

– ақын мен әнші. Әрине, ән сөзін өзім 

жазсам, онда көңілімде тек әнші ғана 

тұрады. Ал бұл жолы да әдеттегіше біраз 

ақынмен іштей тілдесіп көрдім. Біріне 

тоқтағам жоқ. Қасымханға ғана елеңдей 

бердім. Менің композиторлық лаборато-

рияма еркіндеп еніп,  көңіл дітіме әбден 

көнген төзімді ақын Қасымхан ғана. 

Сондай етене, ілкімді… ойымды әріден 

сезіп, үйлесе кетеді. Жаңа ән «не» деп 

тұр, соны түсінуге бар жанын салады. 

Кейбір ақындар сияқты «өзімшілдігі» 

жоқ. Қасымханның болмысы олардан 

мүлде бөлек. Қасымханды мойындайтын 

ақын ағалары оны «Махаббат ақыны!» 

дейді. Дұрыс сөз! Қасымханға тоқтадым. 

Үш күннен кейін Қасымханға теле-

фон соқтым. Ол жаны қалмай елпектеп, 

Алматымен іргелес Абай селосындағы 

үйіне шақырды. Келдім.

Күздің тып-тынық жайма-шуақ күні. 

Қасымханның ауласы жайнаған гүл. 

Жұпары көкірек жарады. Гүлдің ор-

тасында дөңгелек үстел. Екі кресло. 

Бірақ біз жүре әңгімелестік. Іштей 

толқулымын. Жүрек лүпілін зорға ба-

сып, діттеген ойымды шашыратпай 

суыртпақтап, шығара бастадым: –

Бірінші шумағы –түн. Теміртау түні! 

Толықсыған толған Ай! Айдай сұлу қыз 

көркіне құлай берілген албырт сезімді 

жайсаң жігіт. 

Екінші шумағы–бұлғақтап, желігіп 

жүрген сол жігіт қыз алдында сөз 

айта алмай толқып, тек көзімен өртеп, 

сұқтана қарай береді. 

Үшінші шумақта – Қыз жүзін 

Сарыарқаның самалын, 

Аймалатқан жамалың!

Жүрегімді жандырды,

Сырға толы мөлдіреген жанарың, –

деген шумақты жарқ еткізді. Мен «Тама-

ша экспромт!» дедім сүйсініп. Қасымхан 

қоян ілген қаршығадай жұтынып:

Көл тербетіп жағаны,

Жұлдыз жымың қағады.

Алаулаған жүзіңді,

 Ай да қимай батып барады, – деген 

сөздерді асықпай, бипаздап жазды. Мен: 

«Какая красота!» дедім, енді концовка!..

Қасымхан  шамырқана  қозғалақ тап:  

– Ілаға, әндетіңізші, – деді.

Мен осы шумақтардың бәрін әнге 

қосып, екі рет қайталадым. Қасымхан 

екі көзі қара бұлақтай тұнып:

Теміртауда мақпал түн,

Жан сырыңды ақтардың.

Армандай бір ән қалды,

Белгісі боп, қимас шақтардың!-

деген шумақты еш кідіріссіз мөл діретті. 

Елестеткенім де, күт ке нім де дәл осы 

көрініс, осы сөз! Қасымханға үн-түнсіз 

төгіле қарадым… 

* * *

Екі күннен кейін телефон арқылы 



ж а ң а   ә н н і ң   т у ғ а н   м ә н - ж а й ы н 

Теміртаудағы Тілеукен Смағұловқа 

жеткіздік. Телефонда әндетіп айтып та 

бердім. Тілеукен желпіне сөйлеп, жер-

көкке сыймай қуанды.

Қасымхан іле-шала Теміртаудағы 

жергілікті газеттің редакторы Аман-

жол Ақынға факспен әннің нотасы 

мен сөзін салып жіберді. Сол күні бізге 

теміртаулық азаматтардың риза болған 

лебізін де естідім. Солардың ішінде бәр-

бәріне ағалық сөзі өтетін Тілеукен тағы 

бір телефон соғып: – Өзіңіз білесіз, 

біздің Теміртауда көп ұлттың өкілі 

тұрады. Тәуелсіздікке қол жеткелі бері, 

құдайға шүкір, өзіміздің жұрт кәдімгідей 

көбейе бастады. Көңілге үлкен медеу 

ды. Теміртаулықтар дүріл дете қол соқты. 

Қасымдағы екі қызым – Қарлығаш, 

Ләйла… және осы Теміртауда тұратын 

нағашы жеңгеміз Мұқтарима құшақ-

құшақ гүлдің ортасында тебірене толқып 

тұрдық.

С о н ы ң   е р т е ң і н д е   Қ а р а ғ а н д ы 



жұрты «Шалқыма» атты концерттік 

залда «Арқаның айлы түнінде» деген 

авторлық кешімді тамашалады. Кешті 

медицина ғылымының докторы, про-

фессор, атақты кардиолог… әдебиет пен 

музыкаға білікті эстет жан Қабдолла 

Құлқыбаев жүргізіп, әр әннің хикаясын 

лирикалық сезіммен баяндап отырды. 

Бұрыннан белгілі әндердің ішінде жұрт 

«Теміртау түнін» ерекше ықыласпен 

тыңдады. 

Кеш соңында облыс әкімі Камалтин 

Мұхамеджанов ел атынан ризалық 

сезімін білдіріп: – «Теміртау түні» әні 

– Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың романтикаға толы 

жастық шағына арналған ән. Мұндай 

әннің шығуы заңды да. Халқымыздың 

маңдайына біткен кемеңгер жанды 

қалай ардақтасақ та біздің жүзіміз 

жарқын. Сол пейілімізге лайықты да. 

Ілекеңнің осы бір сәулелі әні жүрекке 

сондай жылы, оның аңызы да ел ара-

сына кең тарап барады. Әннің сөзі 

де жібектей есілген көркем дүние 

екен. Ілеке, «Теміртау түні» үшін ақын 

Қасымхан Бегманов екеуіңіз қашанда 

біздің Қарағандыға, әлбетте, оның 

ішінде Теміртауға ең қадірлі жандар 

берілген, ділі кіршіксіз таза, бір бекзат 

жан. Екеуіміз жиі бас қосамыз. Сейілге 

де бірге шығамыз. Арамызда айтылмай-

тын сөз, ашылмайтын сыр болмайды. 

 Төкен Танаевич бір жолы үйіне 

ша қырды. Дастарқан басында адамды 

иба лы мейірмен үйіретін жан-жары 

Дина ның балдай тәтті ақбұйра  шайын 

іш іп, әңгіме-дүкен құрдық. Төкен Танае-

вич ағынан жарылып, шешіле сөйледі: 

– Іле ке, Қазақстанның қай жеріне бар-

майын, әндерің шырқалады да жатады. 

Сол әндеріңнің бірі – «Теміртау түні»… 

бұл әнге бір  бейнебаян түсіріліпті. Теле-

дидардан көріп, ой, қатты толқығаным. 

Оны қарағандылық әншілер тобы сон-

дай әсерлі орындады, мені тәтті қиял 

тербеді. Ойым өткен күндерге зымырап 

ала жөнелді. Баяғы елуінші, алпысыншы 

жылдар… Теміртаудың металлургия ком-

бинаты… көк тіреген домна пештерінің 

б у д а қ т а ғ а н   қ а р а қ о ш қ ы л   т ү т і н і … 

Самарқан көлінің жағасында торғын же-

лек жамылған қаланың қайнаған өмірі… 

бастарында жап-жалпақ қалпақтары, 

қолдарында темір ожауы бар болат 

қорытушылар… гүлдері көз тұндырған 

бульварлар… қол ұстасып кетіп бара 

жатқан жарқын жүзді жайсаң жастар, 

міне, осылардың ортасында зәулім терек 

тізілген тротуарда, о, құдая тоба, құдды 

аумаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-

ев! Иә, иә, Нұрекең–солқылдаған боз-

бала! Екі көзі жас қыранның көзіндей 

жалт-жұлт етеді. Қасында уылжыған 

бір мөлдір көз… мен оны Сара дедім! 

болып отыр. Жалындаған жас жігіттің 

сол жылдардағы азаматтық келбетіне 

қызығып, «Аядай ғана Теміртаудың 

уысына сияр ма, екен!» деп қиял жете 

бермейтін асқар шыңнан көргендей 

таңғалушы едік. Бұл сүйінішті сөзді, 

әрине, Нұрсұлтанмен тағдырлас болған 

ескі көз мен айтпағанда бүгінгі ұрпаққа 

кім айтады? Қыран қияға самғайды де-

ген осы!

Тілеукен осылай деді де ажары 

кіріп, сәулеттене түскен көшелер мен 

гүлзарларды көрсетіп, Самарқан көлінің 

жағасына кеп тоқтады. Ол көлге ойлана 

қарап тұрып, сөзін жалғастырды:–Ой, 

сол кездегі қайнаған өмір… зауыт та 

жалындап, лаулап жатады, болат құйып. 

Нұрсұлтан да жайсаң жастарды тың ой, 

тың бастамалармен үйіріп, қат-қабат 

істің басында жалындайды да жүреді. 

Демалыс күндері… бәріміз лек-лек боп, 

көл жағасына келеміз. Жастар думаны 

дүрілдейді. Ортамызда Нұрсұлтан… дом-

быра тартты, ән салды. Халық әндерін 

жақсы білді. Оның ішінде «Біздің шешей 

айтушы еді» деп бір сырлы әннің: 

Құралай,


Отырсың жайды сұрамай,

Мәнісін айтшы, қалқам, бұл қалай? 

–   д е й т і н   о й н а қ ы   қ а й ы р м а с ы н 

лыпылдатқанда көзінен ұшқын атып, 

жанып кетуші еді. Сонымен қатар 

«Дедім-ай, ау!», «Топ дуадақ дегенде, 

топ дуадақ» деп басталатын тағы бір 

шалқымалы әні, «Угәй-ай, угәй- угәй, 

әй, угәй» дейтін биязы, мақпал әні… 

кейін ойлап қарасақ, бұл әндердің бәрі 

«Апыр-ай, ә!» деп таң-тамаша болғаным. 

Бұл қандай нәрсе, Ілеке, а? Осы аяулы 

жандардың сол жастық шағы сенің 

«Теміртау түні» әніңнің өзегі боп тарты-

лыпты. Мен осы ән орындалып біткенше 

өміріміздің сағымдай бұлдырап, артта 

қалған алтын күндерін елестетіп, өзгеше 

бір хал кештім. Ләззатқа бөлендім. 

Мен бүгінде тек Қазақстанда ғана 

емес, шетелдерге қанат жайған «Тенгиз-

нефтестрой» акционерлік қоғамының 

директорлар кеңесінің төрағасымын. 

Республика бизнесмендерінің келелі 

жиындарында Президентпен жиі-жиі 

жүздесеміз. Мүдделі ортақ мәселелерді 

б і р г е   т а л қ ы л а й м ы з .   Е м і н - е р к і н 

ақылдасамыз. Нұрсұлтан Әбішұлы біздің 

әрқайсымызды жылы сезіммен бау-

рап, пікірімізді тыңдайды, ой бөліседі. 

Ал Ілеке, сен болсаң елімізді нұрлы 

болашаққа бастап бара жатқан осы 

бір кемеңгер жанды «Теміртау түні» 

әніңмен ардақтапсың, бұл – ол кісіге 

деген халық махаббаты. Бәріміздің 

жүрегіміздегі ізгі сезім, Ілеке! 

Төкен Танаевич сол жолы осылай 

деді.

 * * * 


2003 жыл. Қаңтар айының екінші 

жартысы… бір күні үйде мазам болмай, 

сырқаттаныңқырап отыр едім, Төкен 

Танаевич телефон соқты.

– Ілеке, саламат па? 

– Ә, Төкен Танаевич, сәлем… сәлем!

– Жол жүргелі жатырмын, бүгін… 

кешкі рейіспен.

– Қай жаққа?

– Президент бастаған бизнесмендер 

делегациясымен Швейцарияға барады 

екенбіз. Осы топтың ішінде Аслан Му-

син, Қырымбек Көшербаев, Владимир 

Школьник, Григорий Марченко бар. 

Делегация құрамына ұлым Абай да кірді. 

Ол «Тенгизнефтестрой» акционерлік 

қоғамының президенті ғой. Жас биз-

несмен! Біз Абай екеуіміз Атыраудан 

Женеваның өзіне тіке ұшамыз. Делега-

циямызбен сол жерде бас қосамыз.

– О, Төкен Танаевич, Абайжан-

ды үлкен сапарға алып бара жатыр 

екенсің, қуаныштымын! Қоғамның 

бүгіні мен ертеңі осы Абай секілді жас 

азаматтардың қолында ғой. Қырық 

шілтен шылауында болсын, Қыдыр ата 

қолдай жүрсін!

– Рақмет, Ілеке, рақмет! Імм… ендігі 

сөз былай: «Теміртау түні» әні бар емес 

пе?


– Иә. 

– Мынадай жақсы сапарға бет 

алдық…сол «Теміртау түнін» ақ 

тілегің ретінде Швейцарияға ала 

кетіп, өз атыңнан Президентке 

табыс етсем деймін! Маған нотасы, 

кассетасы керек. 

– О, Төкен Танаевич… нота бар, 

ал, кассета… «Теміртау түні» әзірше 

кассетаға жазыла қойған жоқ.

– Ілеке, Атырауда ол әнді орын-

дайтын әншілер бар ма?

– Бар.

– Кімдер олар?



– Гүлнар, Зина есімді екі қыз. 

Әдемі дуэт.

– Ілеке, өтінем… осы әніңе пейілім 

кетіп тұр, қалай етсең де бүгін кешкі 

алты-жетіден қалдырмай әнді жаздыр 

да қолыма тигіз! Және «Еділ-Жайық» 

әніңнің тарихы баяндалған бір кітапшаң 

бар еді ғой, соны да қос. Осының бәрін 

бір пакет етіп әзірле. Жан досыңның 

бұйрығы осы!

Орындамай көр, мына тілекті. 

Сырқат жайына қалды. Мен ұлы сәске 

кезінде Дина атындағы Мұнайшылар 

сарайына келдім. Ішке кіре бергенімде 

сызыла әндеткен дуэтті құлағым шал-

ды. Таныдым. Гүлнар мен Зина! Олар 

мені көргенде қуанып кетті. Менің 

ішкі дітімді алдын ала сезгендей екеуі 

қосарлана сөйлеп: – Аға… аға, біз 

бағанадан бері біраз әндерді орындап, 

әзірлік жасадық. Сіздің «Теміртау түні» 

әніңіз дауысымызға сондай ыңғайлы, 

тыңдап көресіз бе? – деді, елпілдеп.

– Иә, қані, – дедім, жүрегім лүп ете 

түсіп.

Ән орындалды. Бір емес, екі-үш рет 



қайталанды. Екі әнші қыздың сырлы 

үніне қатты тебірендім. 

Ән кешкі сағат бестің кезінде 

кассетаға жазылды. Сәлден соң Төкен 

Танаевичтың қолына тиді. 

Кейін сол Швейцария сапарын 

Төкен Танаевичтың ұлы Абай былай 

деп әңгімеледі:–Біздің бизнес делега-

ция әуелі Женевада, одан кейін Цю-

рих қаласында өткен конференцияға 

қатысты. Цюрихтағы беделді жиын-

д ы   Е л б а с ы   Н ұ р с ұ л т а н   Ә б і ш ұ л ы 

кіріспе сөзбен ашып, Қазақстанның 

бүгінгі және болашақтағы мүмкіндігі 

жөнінде жарқын мысалдар келтірді. 

Мемлекетімізді жан-жақты таныс-

тырды. Банкирлер мен инвесторлар-

ды Қазақстанда кең көлемде бизнес 

жасауға шақырды.

Содан кейін Аслан Мусин, «Ұлттық 

банктың» бастығы Григорий Мар-

ченко баяндама жасады. Қазақстанға 

қызыққан шетелдік инвесторлар бірінен 

соң бірі сөйледі.

 Бір кезде үзіліс жарияланды. Міне, 

дәл осы сәтте Елбасы трибунадан түсе 

бергенде папам орнынан тұрды да ол 

кісінің алдынан шығып, қолын алып, 

сәлемдесті. Сосын сіз берген пакетті 

тапсырды. 

Б ұ л   ж а й ы н д а   м а ғ а н   Т ө к е н 

Танаевичтың өзі де мақтана сөйлеп: 

«Нұрсұлтан Әбішұлы, Сізге Атырауда 

тұратын композитор Илья Жақанов 

сәлем хат беріп еді. Мына пакеттің 

ішінде өзіңізге арналған «Теміртау 

түні» әні және Сіз сүйіп тыңдайтын 

«Еділ-Жайық» әнінің тарихы жазылған 

кітапша бар. Композитордың Сізге 

деген лебізі және бар. Қабыл алыңыз» 

дедім.

Елбасы пешенесі жазылып: «Жақсы, 



Төкен Танаевич, Сіз бен Біз дос-көңілдес 

жандармыз, жас кезімізде Ілекеңнің 

әндерін айтып өстік, ол кісіні ерек-

ше сыйлаймын. Мына жолдаған әнін 

тыңдаймын, әрине… кітапшасын да 

оқимын, өзіне ризашылық сезімімді хат 

арқылы білдіремін. Рақмет, Сізге!» деп, 

қолымды қайта-қайта қысты. Ал Ілеке, 

күте бер, бір сәтті күні Пре зи ден тіміздің 

сәлем хаты да қолыңа тиіп қалар, – деді.

 * * *

Сол жылы желтоқсан айында Ел-



басы Атырауға келді. Осы бір күндері 

мен Орал, Ақтөбе жағында жүрдім. 

Біраздан кейін Атырауға оралдым. Бір 

күні таңертең телефон шылдыр ете 

түсті. Трубканы көтердім.

– Аға, сәлеметсіз бе?

– Ә, Гүлнармысың, сәлемет пе, ай-

налайын?


– Ана жолы… Президент келгенде 

сіз қалада болмадыңыз.

– Иә.

– Мен Президенттің алдында ән 



салдым.

– О, қай жерде?

– Облыс әкімі Аслан Есболайұлы 

Мусиннің резиденциясында. Аға, сол 

отырыста біраз әнші болдық. Менің 

кезегім келгенде гитарамен «Теміртау 

түні» әнін айттым. Нұрсұлтан Әбішұлы 

орнынан ұшып түрегелді де: «Қалқам, 

бұл әннің сөзі бар ма, өзіңде?» деді 

күлімсіреп. «Бар, аға» дедім, блокно-

тымды көрсетіп. Нұрсұлтан Әбішұлы: 

«Қалқам, енді осы әнді екеуіміз айтып 

көрейік» деді, ортаға шығып. Мен гита-

раны жүрексіне шертіп, жайлап әндете 

бастап ем, Нұрсұлтан Әбішұлы бірден 

қосыла берді. Үні мақпалдай жұмсақ… 

сезімі сырлы… таңғалдым! Ән орын-

далып біткенде жүзінен нұры төгіліп: 

«Рахмет, қалқам, бұл әнді ылғи айтып 

жүр…біздің жастық шағымыздың әні» 

деді. Аға, адам өмірінде сәттіліктер 

бола береді ғой, ал мен үшін Елбасымен 

әндеткен күнім ең бақытты күн. Ондай 

әнді жазған Сіз де бақыттысыз!

– Е, Гүлнар айналайын, Прези-

дентпен екінің бірі қосылып ән салып 

жатқан жоқ, бұл да болса Тәңірдің игені. 

Жұлдызың әнмен биіктей берсін!

Атыраулық әнші Гүлнар Тұра лие ва-

ның осы әңгімесі әжептеуір аңыз боп 

тарап, жұрт Нұрсұлтан Әбішұлының 

кішіпейіл қасиетін дәйім сүйсіне сөз 

етеді.

 * * *


2004 жыл. Қараша айының соңғы 

күндері…


Астанада  желтоқсанның  бі рін ші 

жұлдызында «Конгресс-Холл» сарайын-

да «Еділ-Жайық» ат ты концертім болуға 

тиіс. Соның қамымен ертерек келгем-ді. 

Репетиция басталды. Бір күні мені Пре-

зидент аппаратының бастығы Иманғали 

Т а с м а ғ а м б е т о в   қ а б ы л д а д ы .   М е н 

кабинетіне кіре бергенімде Иманғали 

орнынан күлімсірей түрегеліп: – Ілаға, 

орденіңізбен құт тық таймын! – деп 

құшақтай алды.

М е н   а ң - т а ң   б о п   ү н д е й   а л м а -

дым. Иманағали:–Бүгін Бішкектен 

Қырғызстанның Мемлекеттік хатшы-

сы жолдаған құттықтау хат алдық. Сіз 

«Данекер» орденімен наградталыпсыз, 

– деді.

Мен Иманғалиға осы қуанышты 



хабары үшін және осы жазда Алма-

тыда Республика сарайында өткен 

«Еділ-Жайық» атты концертіме, мына 

Астанада болатын концертіме жан-

жақты көрсеткен көмегі үшін разылық 

сезімімді білдіріп, жаңа ғана шыққан 

ком пакдискімді сыйладым. Иманғали 

дис кіге ойлана қарап отырып:–О, 

«Теміртау түні» әні де кіріпті ғой, маған 

тағы біреуін… Нұрсұлтан Әбішұлына 

берейін, – деп жымың ете түсті.

Абырой болғанда портфелімде 

екі-үш дискі бар еді, Иманғали соның 

біреуіне Президенттің атына автогроф 

жаздырып алды.

Ж е л т о қ с а н   а й ы н ы ң   б і р і н ш і 

жұлдызында Астанада «Конгресс-Холл» 

залында «Еділ-Жайық» атты авторлық 

кешім өтті. «Теміртау түні» әніне қол 

соққан жұрттың сол дүбірін еш уақытта 

ұмыта қоймаспын. Ол да әндеткен 

өмірімнің бір сәулелі күні! 

Сол желтоқсанның он алтыншы 

жұлдызында мен қазақтың бір топ 

зиялыларының қатарында «Парасат» 

орденімен наградталдым. Осы қуаныш 

үстінде Президент Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаев дүйім жұрттың алдында 

маған осы орденмен қоса бір конверт 

ұсынды. Жұрт бұған елең ете қалды. 

Сәлден соң жүрегім толқып, конвертті 

ашып қарасам президенттің өз қолымен 

жазылған хаты екен. Міне, сол хат: 

 «Құрметті композиторымыз Илья 



Жақановқа!

Леке, өзіңізді және әндеріңізді аса 

құрметтейтінімді Сіз білесіз. 

Қуанышы да, ауырлығы да мол 

о с ы   Т ә у е л с і з д і к   ж ы л д а р ы н д а   ә р 

уақытта қолдау көрсетіп, жанымда 

болдыңыз. Зор рақмет! Бұл Сіздің елге, 

Отанымызға істеген еңбегіңіз деп 

білемін.

Әндеріңіз басылған табақшаны 

алдым. «Теміртау түні» әнін бізге 

(жанұямызға) арнапсыз. Рақмет!

Аман-сау болыңыз. Әлі де талай та-

маша әндер күтуші Н.Назарбаев. 

 15.ХІІ.2004 ж. Астана»

Осы хатта қаншама жан жылы лығы 

бар, ізгі жүректің лүпілі... әр кез көзіме 

оттай басылады.

 * * *

2005 жыл. Президент сайлауы қар-



саңында Елбасы бүкіл Қазақ станды ара-

лап жүрді. Еліміз шаттық құшағында. 

Сол күндердің бірінде Атырау облы-

сы әкімшілік аппаратының бастығы 

Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов маған 

 телефон соғып:–Аға, Сізді Қарағанды 

жаққа «жол жүреді» деп естідім, бөгеле 

тұрғаныңыз жөн. Елбасын күтіп отырған 

жайымыз бар. Қат-қабат әзірлік. Аслан 

Есболайұлы сол шараның басы-қасында 

сіздің болғаныңызды қалап отыр, – 

деді. 


Мен бұл сөзге елең етіп, ізеті мен 

әдебі зипа бойына бек жарасқан 

сүйкімді азамат Сәрсенбайдың тілегін 

қабыл алдым.

Маусым айының жиырмасыншы 

жұлдызы күні Елбасы Атырауға келді. 

Атырау жұртшылығы мәз, қаланы ме-

рекедей безендіріп, салтанатты түрде 

қарсы алды.

 Сол күні «Атырау» қонақүйінің 

Мәжіліс залында Елбасы облыс арда-

герлері мен интеллигенция өкілдері, 

диаспора жетекшілері қатысқан 

көшелі жиын өткізді. Шын ықыласты 

әңгіменің бас кезінде маған сөз берді. 

Мен Нұрсұлтан Әбішұлының нұрлы 

жүзіне қарап:–Нұреке, хош келдіңіз, 

алдымызда Президент сайлауы. Соның 

қарсаңында Қазақстанның біраз 

жерінде болдыңыз. Халық Сізді шат-

тана қарсы алып, әр сапарыңыз ұлан-

асыр мерекеге айналып жатыр. Міне, 

енді, атыраулықтардың ортасында 

осы Тәуелсіздік жылдарындағы тари-

хи жетістіктерімізді жарқырата ай-

тып, болашақтың жарқын мүмкіндігін 

көрсетіп отырсыз. Еліміздің ұлы көшінің 

алды сондай нұрлы, біз Сізге, сенеміз! 

Сіздің жолыңыз –қаһармандық жол! 

Біз Сіз бастаған жолмен жүреміз!–

дедім.

 Сосын жүрегім тебірене толқып, 



«Атыраулық жерлестерім білсін» де-

ген оймен Елбасының өткен жылы 

өзіме жазған хатын оқып, «Теміртау 

түнін» әндеттім. О, ғажап… ойда-

жоқта Нұрсұлтан Әбішұлы шабыт-

тана шалқып, менің «Толағайымды» 

шырқай жөнелді. Мен де жүрегім 

өрепкіп, қосыла кеттім. Ән айтылып 

болғанда Нұрсұлтан Әбішұлы мені 

құштар сезіммен құшақтай алды. Жұрт 

масаттана қол соқты. Облыс әкімі  Аслан 

Есболайұлы: – Великолепно! –деп 

қолымды қысты. 

Елбасымен болған осы кездесу теле-

дидардан әлденеше рет көрсетілді.

Бұл оқиға да әнмен өтіп келе жатқан 

өмірімнің бір жарқын беті…

* * *


Сол жазда біз отбасымызбен 

Қарағандыға келдік. Теміртауда 

болдық. Мұндағы дос-көңілдес жан-

дармен қауыша жүздестік. Көңілімізді 

елең еткізген бір жай – қарағандылық 

азамат Ерлан Төлеутайұлы «Теміртау 

түні» әніне клип түсіріпті. Түрлі-

түсті бұл клиптен де Теміртаудың 

елуінші жылдардың аяғы, алпысыншы 

жылдардың басындағы дүбірлі өмірін, 

қайнаған тынысын, Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың жас тық романтикаға 

толы жайсаң кезін көрдім. 

«Теміртау түні»… жүрегімді жас 

жігіттің жүрегіндей соқтырып, айлы 

түндерге сұқтандырып қойған ерке наз-

ды әуезім!


8

9

№12 (1270) 



27 наурыз – 1 сәуір

2015 жыл


№12 (1270) 

27 наурыз – 1 сәуір

2015 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет