Мерзімі: Қазақ тілі І тоқсан «Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен әлемнің жеті кереметі»



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі16,39 Kb.
#123375
  1   2   3
Байланысты:
6бжб2қт


Мерзімі:
Қазақ тілі І тоқсан «Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен әлемнің жеті кереметі»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Білім алушы __________________________________________ 6 А сынып

Оқу мақсаты:

6.2.5.1 Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
6.3.4.1 эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі);
6.4.2.1 екпіннің түрлері (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану.

Орындау уақыты:

15-20 минут

Отбасы – тәрбие көзі
Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысының серіктесі. Себебі, ұрпақ тәрбиесінің отбасында, білім ордасында, қоғамда нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы – адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі, ол материалдық және рухани үдерістерімен сипатталады. Отбасы – жас ұрпақтың тәлім-тәрбие алып, өсіп-өнетін негізгі институты. Тал шыбықтай жас ұрпаққа бесіктен бастап берілген тәлім-тәрбие, ұстаным-тәртіп қағидалары есейгенде оның мінез-құлқының, сана-сезімінің, ар-ождан намысының темірқазығына айналады. Данышпан Абай былай деген: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі – құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана ұрпақ тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Ұрпақ – әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Ата-ана, ұстаз, қоғам – үшеуі тәрбие басы. Бір тұтасып, біріктірсе тәрбиенің үш мектебі адамның мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді. Адамның кім болмағы ата-ана, ұстаз, қоғамға ғана тәуелді емес, ол адамның өзіне байланысты. Ұрпақ тәрбиенің үш сатысы негізінде өсіп, жетіледі. Олар: ой саулығы, жан саулығы, тән саулығы. Жақсы қасиеттер кез келген адамның жан дүниесінен табылады. Тек оны уақытымен анықтап, өрісін кеңейте білу керек. Ұрпақ дүниеге келісімімен өзін-өзі тануға икемсіз. Сондықтан ұрпақтың бойындағы қасиетті дұрыс қалыптастырып тәрбиелеу ата-ананың міндеті. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Ұрпақ өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштары – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың ұрпақтарының алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал ұрпақтары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады, отбасы қазығы нық қағылса, шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болады. Қай қоғамда өмір сүрмейік, ұрпақ – ол біздің болашағымыз, жарқын күндеріміз. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп айта аламыз. (271 сөз)
//talimger.org/load/elektron/zhinak/otbasy_ltty_ndyly


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет