Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Абылай хан туралы жырларының негізінде



Дата08.04.2023
өлшемі52,67 Kb.
#80476
Байланысты:
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Абылай хан туралы жырларының негізінде


(Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Абылай хан туралы жырларының негізінде)
Мәшһүр Жүсіп Көпеев – қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Ақынның шығармашылық мұрасы түркі әлемі әдебиетіндегі халықтың рухани байлығына айналғаны көпшілікке мәлім. Ақын өзі өмір сүрген кезеңнің уақыт шындығын, дәстүр жалғастығын жинақтап, саралап қана қоймай, оны көркемдік тұрғыдан толықтырып, тарихи деректермен молықтырып отырған.
Сөйтіп, өз құндылығын арттырып, ел арасында қанатты сөздерге айналып, еліміздің рухани игілігін еселей түскен. Ертегі, аңыздары мен дастандарындағы ислам діні тарихына қатысты тұжырымдары мен көрікті ойлары көңілге қонымды. «Алаш мұрасы» баспа үйінен жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шы­ғар­малары бәрімізге де үлкен ой салды. Ақын дастандары арқылы ғасырлар бойы қалып­тасқан аңыздық баяндауды жазба әдебие­тіміздің төл дүниесіне айналдырып, ондағы образдарды жоғары сапаға көтерді. Соның бірі – Абылай ханның өміріне қатысты дастаны. Онда тарихи жәдігерлерді көркемдік тұрғыда өріп, ұлт мұрасын барынша байыта түскенін көреміз. Абылайтанушылардың М.Жүсіп шығармаларындағы ханға қатысты мәселелерге терең зер салады. Ақынның «Абы­лайдың тұтқын болуына» қатысты мәлі­мет­­тер, расында да аса қызық. Мәселен, «Абы­­лайдың бір жорығы», «Жәнібек батырдың түсін Абылайдың жоруы» сынды дәйектер кімді болса да ойландырмай қой­майды.
«Абылайдың бір жорығы» екі нұсқадан тұрады. Осындағы: «Абылай екеуміздің таласымыз – дін емес, дүние ғой! – дейтіні бар. – Дүние үшін жұртымызды қырғын қылмалық! Мен жекпе-жекке өзіме қараған қалмақтан бір сырттан тауып шығарайын. Абылай да өзіне қараған елінен бір сырттан тауып шы­ға­рар. Менің (менім) кісім Абылайдың шығар­ған кісісін күші асып өлтіріп кетсе, мал менен жаннан ол безіп шықсын, біз олжа қылайық. Абылайдың кісісі менің кісімді күші асып, өл­тір­се, мен (ман) мал мен жаннан бездім. Ол олжа қылсын! – дейді – Уағда осы болса, менің де уағдам, – осы! – депті», – деген екі нұсқада да бір ойды білдіргенімен кейбір айыр­­машылықтарына назар аударған жөн. Мәселен, 1-нұсқада: Жәнібектің Абылайдың үйіне келетіні суреттелмейді. Ал керісінше 2-нұсқадағы: Жәнібекті тапқан әйел «Қатаған ханы» атанған хан Тұрсынның қызы екен. Ташкенде хан болып тұрған кезінде еңсегей бойлы ер Есім Қатағанды қырып, хан Тұрсынды өлтіріп, қырғын шапқыншылықты: бір қызы Есім ханның олжасына үлеске түсіп, оны Салқам Жәңгірге қосқан екен.Бір қызы Шақшақ батырдың олжасына үлеске түсіп, оны Қошқарға қосқан екен», – деген эпизод бірінші нұсқада суреттелмейді.
2-нұсқада: Хан Шыйеш атшысын шақырса, 1-нұсқада: «Менің қарт Бөгенбай берген Нарқызыл атымды алдына алып кел!» – деп бұйырады. Міне, екі нұсқадағы мәтіндік ерекшеліктер оқиғаның өрбуіне екі түрлі әрекеттер берген.
«Абылай аспаған сары бел» тіркесінің шығуына негіз болған бес түрлі нұсқаның тарихи мәнін салыстырар болсақ, мұнда да өздеріне тән ерекшеліктер бар. Тіпті, тарихи кейіпкерлер әрекеттері де өзгеріп шыға келеді. Мәселен, 2-нұсқада: «Абылай хан қазақтың ханы болған бір Ботақан де­генді тірі көрге салған», – деген басқа нұс­қа­ларда оқиғаның шиеленіскен сәті ретінде орын алған. Тек 5-нұсқада: Абылай ханның Ала­тауға жорыққа бара жатып, Қаракесек Шаншар деген елдің бір ұлы жиын асына кез болды дейді. Басқа нұсқаларда бұл сөйлем оқиғаның шиеленісу сәтінің бастамасы ретінде суреттеледі.
1-нұсқада:
Кешегі өтіп кеткен хан Абылай,
Соғыпты құбыладан ескен желдей.
«Сонау бір сары белден аспадым!» деп,
Кетіпті арман қылып біздің елді-ей! [63-бет]. Назар аударарлық жайт, 2-4-5 нұсқа­ларда бұл өлең жолдары кездеспейді. Ал 3-нұсқада бұл өлең жолдары төртуыл ішінде жүрген Төлеген қожаның өлеңі болып бейнеленген.
«…Сонау бір сары белден аспадым!» деп,
Кетіпті арман қылып біздің елді-ей!
Көліне Итемгеннің қонған болып,
Шоң биім үйде жатыр қорған болып.
Атадан он үшінде жетім қалған,
О да жүр жұрт иесі Шорман болып…
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Абылай аспаған сары бел» дастанының бес нұсқасын қарас­тыра келе, қайсыбір кішігірім болса да мәтіндік ерек­шеліктерге куә болдық. 2-нұсқа басқа нұс­­қа­ларға қарағанда, өзгеше оқиға желісі­мен көрініс тапқан мазмұны, көлемі жағынан да басқа нұсқаларға қарағанда кішірек.
1-нұсқада: Абылай хан Алатаудағы: қыр­ғыз­ға, қалмаққа жорыққа бара жатқан жолында Өрдегі Қаз дауысты Қазыбек бидің елінде бір… асқа кез болып, сол аста Шаншар деген елдің бозбалалары аңыз қылыпты:
– Анау тұрған ханның басындағы бөркін қағып түсірер ме еді, не қаһар қылар еді? – депті. 2-нұсқада бұл эпизод жоқ. 5-нұсқада 1-3 нұсқаларға қарағанда өзгерген. Абылай хан Алатауға жорыққа бара жатып, Қаракесек: Шаншар деген елдің бір ұлы жиын асына кез болды дейді. Сол аста: «Ішкен – мас, жеген – тоқ» – ерігіп тұрған Шаншардың желбастары аңыз қылысты дейді:
– Басындағы бөркін біреу қағып түсірсе, хан хандық қылып, қандай қаһар қылар еді? – деседі. 1-нұсқада: Қаз дауысты Қазыбектің інісі, «Мөр таңдайлы балапан» деген арт жағынан барып, аңдаусызда ханның басын­дағы бөркін шыбықпен қағып түсірді. Хан дә­неме демеді, жердегі бөрікті басына ки­меді. 2-нұсқада бұл көрініс. 3-нұсқада 1-нұс­қа­­да­ғы­ сөздер қайталанып хан жауабы өз­геріске түскен.
Хан дәнеме демеді:
– «Ішкен – мас, жеген-тоқ!» – деген осы ғой! – деп. – Жерге түскен бөрікті қайтып алып киюге жарамайды! – деп, – жерде қала бер­сін! – деп, бөрікті жерден алдырмады. Бөрік жерде қала берді, хан да үндемепті. 1-нұсқада: Замандардан заман өткенде, Қаракесек, Төртуылдың қаласы Қызылжар, Көкшетауға базар шығып барғанда, сол басынан бөркін қағып түсіргенін ұмытпай жүр екен, соны сөз қылып қозғап, Төртуылдан – Ботақанды, Қаракесектен – Жанай дегенді байлап алып қалыпты дейді.
Қазымбеттің баласы – Қанай, Жанай,
Ортаншысы – Атымбай, кенжесі – Анай.
Қараұзақ пен Сарыұзақ қара қалған,
Қол тигесін сұраймын, әлдеқалай? –
дейтұғын өлеңге қосылған Жанай-соқыр Бибаланың әкесі, Қаз дауысты Қазыбектің немересі.
2-нұсқада: Абылай хан қазақтың ханы болған бір Ботақан дегенді тірі көрге салған. Қайтып үйіне келген, қатынына:
– Ботақанды көрге салып келдім, – дейді, – Бұ Орта жүзден бізге үкім бұйырмаған екен. 2-нұсқада 1-нұсқаға қарағанда әңгіме желісі басқаша суреттеледі. 1-нұсқада ІІІ жақта әңгімеленсе, 2-нұсқада І жақта Абылай атынан суреттеледі.
…Күндердің күні өтіп, ол ұмыт болып кетіп, Қызылжар базар болған соң, Қаракесек, Сүйіндіктің базаршысы көтеріле Қызылжарға базар базарлап баратұғын болып, көп базаршы барғанда, өкпесі-кегі баяғы бастан бөрікті қағып түсіргендік болып, Қаракесектен бір кісіні, Төртуылдан бір кісіні тірі ұстап қалып, екеуін тірілей көрге салып тастады. Сонда Қаракесектен алып қалған кісісі – Қаз дауыс­ты Қазыбектің немересі Қазымбеттің баласы Жанай екен.
1-нұсқада: Ботақан байлағанына ыза­ла­нып, долданып, ас-су ішпей тұт­қын­да жатып өліпті де, Жанай байлауда жатып, отын оттап, суын ішіп жата беріпті.
2-нұсқада бұл эпизод: Көрден бірі тартып шығарайын деп жатқанда, жүрегі жарылып кетті деп суреттелсе, 3-нұсқада: Хан өзі көрден бері тартып шыға­райын деп, иіннен тарта бергенде Ботақан өзінен-өзі долданып, жарылып өлді. 4-нұс­қада: Хан өзі көрден бері тартып шығарайын деп жатқанында, жүрегі жарылып, Ботақан өлді. 5-нұсқада: Ботақан:
– Өлгенде жататұғын көріме тірілей жаттым. «Үйге кірген құр шықпайды, //Көрге кір­ген тірі шықпайды», – деген. Бүйтіп жұрт көзіне көрінгеннен өлгенім артық деп! – деп, ыза бойына сыймай, долданып, жүрегінің басынан тарс етіп жарылып өліп кетті дейді. Шиеленістің басты себебі, осы батыр Ботақанның Абылай қолынан қаза табуы болып есептелгеннен соң, Мәшһүр жинақтарында жарық көрген бес нұсқада бес түрлі өзгеріспен суреттелген.
Бүгінгі таңда хан Абылай жайлы кез кел­ген деректің өз атқарар қызметі бар. «Абылай­дың бір жорығы», «Абылай аспаған сары бел» сөзіне қатысты да әдеби-мәтіндік талдаулар жүргізу керектігі рас. Өйткені, әр жерде әр­қилы аңыз боп айтылған әңгімелердің түйіні шешілуі керек-ау. Өйткені, тарих тазалығы үшін ұрпақ алдындағы жауапкершілік қашан да қымбат.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет