Мессбауэр (гамма-резонанстық) спектроскопия. Орындаған: Омарова. А



бет2/4
Дата09.05.2022
өлшемі168 Kb.
#33168
1   2   3   4
Байланысты:
9231fe52-97ad-4e7b-9635-2a4f38d1be06

Мэссбауэр спектроскопиясы

1957 жылы неміс физигі Р.Мэссбауэр ядролық гамма-резонанстық құбылысын ашқан және оны Мэссбауэр эффектісі деп атаған.1961 жылы Р.Мессбауэр осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығына ие болды.

Мессбауэр Эффектісі (ядролық ү-резонанс) – қатты денедегі бір-бірімен байланысқан атом ядроларының ү-кванттарын шығаруы немесе жұтуы.

Мэссбауэр эффектісі қатты денелердің электрондық құрылымын зерттеуде кең қолданылады. Мессбауэр Эффектісі металдар мен шала өткізгіштердегі қоспа атомдардың электрондық күйлерін және ол атомдардың тербеліс ерекшеліктерін зерттеуге пайдаланылады. Мессбауэр Эффектісі биологияда (мысалы, гемоглобиннің электрондық құрылымын зерттеу), геологияда (табиғи шикізатты барлау және шұғыл талдау жасау), заттарды хим. талдау жасауда, денелердің жылдамдықтары мен тербелістерін өлшеуде қолданылады

Мэссбауэр спектраскопиясындағы Монохромдық гамма квант көзінде қысқа өмір сүретін белгілі изотобы бар изомерлер болады. Қазіргі кезде Мэссбауэр эффектісі байқалатын 90 изотоп белгілі .Солардың ішінде тәжірибелерде жиі қолданатын 2 изотоп : 57Fe және 119Sn. Осы изотоптардың өмір сүру уақытына 140 және 25,4 нс сәйкес келеді. Ұзақ өмір сүретін аналық ядрода 57mFe және 119mSn изомерлері пайда болады, 57 Co ядросы қолданылады . Сосын жұтушы қойылады – ол дегеніміз сәулеленудегідей изотобы бар зат, одан кейін гамма кванттық детектор . Сәулеленуден шыққан гамма кванттар жұтушыға түседі.





Изотоптың энергиясы негізгі және қозған күйдегі энергияларына сәйкес келеді. Осы кезде ядро детекторға түспей қозады. Басқа бөліктен кванттар жұтушы арқылы еркін және детекторда тіркеліп өтеді. Спектрлі сызық алу үшін жұтушының гамма кванттың энергиясын өзгерту керек. Мэссбауэр эффектісінде спектр сызықтары өте жіңішке және жұтушының гамма кванттың жиілігінің өзгерісі көп болмау керек. Сондықтан Доплер эффектісін қолданады. Доплер эффектісі дегеніміз –электромагниттік энергияның жиілігіне сәулелену көзінің қозғалыс жылдамдығына қатынасы. Мэссбауэрлік өлшеуде сәулелену –V және +V жылдамдықпен қозғалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет