«Металдар және оның қосылыстары» пәні бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау Мамандығы: 5В070900 Металлургия



бет2/6
Дата06.01.2022
өлшемі30,85 Kb.
#16034
1   2   3   4   5   6
1-тəжірибелік сабақ. Химияның сандық заңдары жəне олардың негізінде

стехиометриялық есептер


1-тапсырма. Атомдар мен молекулалардың дəл массаларын, атомдық жəне пайыздың құрамды, зат массасының қатынасына есептеу

1-үлгі: Темір атомның дəл массасын есептеу.

Шешуі: Кез келген элементтің бір атомының дəл массасын жəне оның (Аr) салыстырмалы атомдық массасын формула бойынша есептейді:

Аr (х)= mu(x): mu (C),

мұнда mu (C)=1,66 ·10-24 көміртектік бірліктің дəл массасы, г.

Темірдің қатыстық атом массасы Аr (Fe)= 55,85 г болғандықтан:

mu(Fe)= Аr (Fe) · mu (C)=55,85 ·1,66 ·10-24=9,27 ·10-23г
2-үлгі: 100г темір оксидінде (III) қанша мольмен молекула бар?

Шешуі: Fe2O3 молекулалық массасы былай анықталады:

Мr(Fe2O3)= 2Ar (Fe)+3 Ar (O)=112+48=160г

100г заттағы Fe2O3 –ң моль саны : n (Fe2O3)=m (Fe2O3): Mr(Fe2O3)=100:160=0,62 моль,

0,62 Fe2O3 - тегі молекула санын формула бойынша табамыз :

n моль (Fe2O3)=NA · n (Fe2O3),

мұнда NA= Аr (С): [mn(C) · Аr(C)]= 12: (1,66-24 ·12)=6,02 ·1023

-тұрақты шама жəне Авагадро саны деп аталады.

Темір оксидіндегі (III) молекула санын анықтаймыз:

nмоль( Fe2O3)=6,02 ·1023·0,62 =3,73 ·1023.

3-үлгі: Химиялық қосылыс құрамына натрий, фосфор жəне оттегі кіреді. Элеметтердің массалық Na-34,6; P-23,3; O-42,1%-ды құрайды.Қосылыстың қарапайым формуласын анықта.

Шешуі:


Есептеу үшін 100г –ға тең, яғни m (x)=100г белгісіз қосылыстың массасын аламыз,г:

Қосылыстағы əр элементтің массасын олардың белгілі массалық үлесі негізінде анықтаймыз,г:

m(Na)= m·w(Na)=100·0,346=34,6;

m(P)= m·w(P)=100·0,233=23,3;

m(O)= m·w(O)=100·0,421=42,1

Заттар санын анықтаймыз, моль:

n(Na)= m(Na): M(Na) =34,6:23=1,5;

n(P)= m (P): M(P)=23,3:31 =0,75;

n(O)= m(O): M(O)=42,1 :16=2,63 .

Заттар санының қатысын табамыз:

n(Na): n(P): n (O)=1,5: 0,75 : 2,63

Теңдіктің оң жақ бөлігін аз санға (0,75) бөліп:

n(Na): n(P): n (O)=2:1:3,5 аламыз.

Қосылу формуласында бүтін сандар коэффициенті пайдаланылғандықтан, енді теңдеудің оң жақ бөлігін екіге көбейту қажет:

n(Na): n(P): n (O)=4:2:7

Қосылыстың қарапайым формуласы шығады: -Na4P2O7.

Əдебиет : 6 нег.[4-16], 5 нег. [18-20]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет