Эксперименттік есептер – тең тапсырмалардан тұратын өз бетінше орындайтын жұмыстың түрі, экспериментті шешудің және жүргізудің жолдарын оқушылар өздері өз беттерінше анықтайды және таңдайды. Жұмыстың мұндай түрін орындау оқушылардан тек теориялық білімдерін пайдалануын ғана емес, сәйкес тәжірибелерді жүргізе алу қабілеттіліктерінің болуын талап етеді.
Эксперименттік есептерді орындаудың мақсаты- теориялық білімді практика жүзінде қолдана білуге үйрету, әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп үйрену үшін эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыру.
Практикалық сабақтар мен зертханалық тәжірибелерден эксперименттік есептердің айырмашылығы эксперименттік есептерді әрбір сабақта жаңа материалды меңгеру жане қорытындылау (бекіту) кезінде, оқушылардың білімін тексеру немесе үй жұмысын тексеру үшінде орындауға болады. Эксперименттік есептерді жеке-жеке, топпен немесе бір мезгілде бүкіл класс болып орындауға болады. Оқушылар эксперименттік есептерді орындай отырып бұрынғы қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, алған білімдерін қолдана білуге үйренеді. Бұл алға қойған міндеттердің теориялық шешімін өз бетінше табуға және алынған нәтижелердің дұрыстығын тәжірибелік жолмен тексеруге мүмкіндік береді.
Танымдық жағынан сандық есептерге қарағанда эксперименттік есептер тиімді (бағалы) болып келеді. Ол былай түсіндіріледі: эксперименттік есептерді шешу үшін тек теориялық дұрыс негіздеу жеткіліксіз, тәжірибе жүргізу керек және оның мәнін түсіндіру керек.
Эксперименттік есептерді орындау мұғалімге оқушылардың материалды қаншалықты меңгергендігін және алған білімдерін практикада қалай қолдана алатындығын қысқа уақыттың ішінде тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді.
Есеп нәтижелерін талдау оны шешудегі қателіктерді табуға, оның себептерін анықтауға, оларды түзете білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кейбір оқушыларға жеке көмек бере отырып эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыруға жол көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |