Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Рудный индустриялық институты
"Металлургия және тау - кен ісі" кафедрасының
ЕСЕП
оқу практикасы бойынша
_______________________________________________________
(практика орнын көрсету-кәсіпорынның атауы)
Баға________________________
Комиссия мүшелері:
_____________________
(жеке қолы Т.А.Ә)
«___» __________ 2021 ж.
___________________
(жеке қолы Т.A.Ә)
«___» __________ 2021 ж.
_______________________
(жеке қолы Т.А.Ә.)
«___» __________ 2021 ж
|
Институттың практика жетекшісі:
________________________________
(ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі)
______________________
(жеке қолы А.Ә.Т.)
«___» __________ 2021 ж.
Студент __________Сағынтай Ә.М (жеке қолы А.Ә.Т.) Топ Мет-20ко Сынақ кітапшасының № _____ «___» __________ 2021 ж.
|
Рудный 2021
|
|
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
Рудный индустриялық институты қазіргі уақытта 4
Рудный индустриялық институтының тау-кен және
металургия кафедрасының тарихы 5
Металургия мамандығы туралы 7
Оқу практикасы 11
Қорытынды 17
Пайдаланған әдебиеттер 18
КІРІСПЕ
Жоғарғы оқу орны студенттерінің практикасы жоғары кәсіптік білім берудің негізгі бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттермен тәжірибенің барлық түрлерін өткізу болашақ дайындық профилін ескере отырып, кәсіби қызмет элементтерін үздіксіз және дәйекті меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған оқу орны түлектерінің кәсіби дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес.
Тәжірибе міндеттері:
1. Оқу кезінде алынған теориялық білімді бекіту;
2. Арнайы дағдыларды дамыту және жинақтау, шешу үшін ұйымдастыру-әдістемелік және нормативтік құжаттарды практикадан өту орны бойынша жекелеу;
3. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымын және жұмыс орнынын басқару жүйесін талдау;
4. Металлургия қызметінің негізгі бағыттарының мазмұнымен танысу, орындалатын жұмыстардың негізгі түрлерін зерттеу және кәсіпорында немесе ұйымда практикадан өту;
5. Болашақ кәсіби қызметте практикалық дағдыларды игеру немесе оның жеке бөлімдерінде білім алушылардың оқу практикасының құрамдас бөлігі болып табылады, қамтамасыз етеді және олардың кәсіби дағдыларын дамыту, сондай-ақ практикалы міндеттерімен танысу.
Оқу практикасы практикалық даярлықтың бірінші кезеңі болып табылады, студенттерге бейінді кәсіпорындарда, мекемелерде, зертханаларда және оқу шеберханаларында бастапқы кәсіптік дағдыларды, білім мен дағдыларды нақты игеру мүмкіндігін береді.
1 Рудный индустриялық институты
Қазіргі уақытта Рудный индустриалдық институты техникалық ғылым саласында инфрақұрылымы дамыған заманауи ғылыми-білім кешені болып табылады.
Институт құрамында – 3 факультет (тау-металлургиялық факультет, энергетика және ақпараттық жүйелер факультеті, экономика және құрылыс факультеті), 7 кафедра бар. Студенттерді оқыту жалпы орта, техникалық және кәсіби, жоғары білім базасында күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде 18 бакалавр мамандықтары бойынша жүргізіледі.
Осы жылдар ішінде Рудный индустриалдық институт қабырғасында көбісі ірі басшы, бизнесмен, мемлекеттік қызметкер және көрнекті ғалым болған 25 мыңнан астам жоғары білім мамандары даярланды.
1 – сурет Рудный индустриялық институты
2 Тау-кен-металлургиялық факультеті
Тау-кен-металлургиялық факультетінің даму тарихы 1959 жылы басталған, Рудный индустриалық институтының тұрғызылу тарихымен тығыз байланысты. Институттың қызмет еткен жылдары ТМФ тау-кен индустриясы үшін жоғары білікті мамандар дайындауға үлкен үлес қосты. Оның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін сипаттайтын кейбір кезеңдер мынадай:
1959 жыл — мамандықтарға 1-ші қабылдау ұйымдастырылды: «Пайдалы қазбалардың кенорындарын өңдеу», «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс», «Темірбетонды құрылымдар және құрылыс материалдары»;
1962 жыл – факультет бірқалыпты деңгейде тұрды;
1964 жыл — құрылыс инженерлері мен тау-кен ісі инженерлерінің 1-нші түлектері;
1968 жыл – оқу үрдісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру мақстаында факультет екі факультетке бөлінді: құрылыстық және тау-кен;
2002 жыл – құрылыс факультеті «Пайдалы қазбаларды байыту» және «пайдалы қазбалардың кенорындарын өңдеу» кафедралары қосылғаннан кейін құрылыстық-технологиялық болып өзгертілді;
2004 жыл – факультет Тау-кен-құрылыстық болып өзгертілді;
2012 жыл – факультет Тау-кен-металлургиялық болып өзгертілді.
Әртүрлі уақыттарда факультет деканы болып жұмыс істеді: Куликова Г.Г., Киров И.П., Первушин Н.Г., Назаров С.К., Жантурин М.Ж., Осадчий В.И., Тойшыбеков И.С., Лучанинова А.А., Кузьмин С.Л. Факультетте әр жылдарда сабақ бергендер: геолого-минералогиялық ғылымдарының докторы, профессор Ивлев А.И., техникалық ғылымдарының кандидаттары, доценттер Маулянбаев Т.И., Мальцева З.Д., Владимирова Е.В., Рябцев К.Г., Ансабаев А.А., Михайловский А.И., Козловских А.И., Кузнецов Н.Г., Хван Л.И., Живайкин И.Г., Абдрахманова Д.К., Барулин А.И., техникалық ғылымдарының кандидаты Рахимов З.Р., Баюк О.В., доцент Киров И.П. Қазіргі уақытта факультетте төрт мамандық бойынша оқыту жүргізілуде:
5В070700- «Тау-кен ісі (мамандандырылуы: «ПҚК ашық әдіспен өңдеу», «ПҚК жерасты өңдеу», «Маркшейдерлік ісі»);
5В070900 – Металлургия;
5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялары;
5В073700 – Пайдалы қазбаларды байыту.
Факультетте жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды, олардың құрамында техникалық ғылымдарының докторы, профессор Найзабеков А.Б., техникалық ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Лежнев С.Н., техникалық ғылымдарының кандидаты Кузьмин С.Л., Верин., Фтонин Е.А., физико-математикалық ғылымдарының кандидаты Шалдыкова Б.А., Арепьева С.В., саяси ғылымдарының кандидаты Тажибаев Р.Х. Соңғы жылдары факультетіміздің кафедраларына жас магистрлер жұмыс істеуге келді: Салько О.Ю., Искаков Р.Ж., Нурмухамбетова Г.Т., Аскарова Р.А, Каттыгарин Ж.Н. және т.б.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдернде жүргізіледі. Колледж түлектері үшін оқытудың қысқартылған нысаны қарастырылған. Факультетте 46 топ бар. Мұнда оқитын студенттердің жалпы саны – 468, оның ішінде 176 – грантта оқиды. Студенттердің қолданысы үшін 43 кабинет ұсынылған, оның 17 зертханалық. Есептеу бөлмелері соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған. Факультеттің ерекше мақтанышы металл және тау жыныстарының құрамын оқыту бойынша зертханалық бөлмелер болып табылады. Онда тегістеуді дайындау үшін және микроскопта зерттеулер жүргізу үшін OLIMPUSВХ-53М микроскопы және «SAPHIR 520» шлифовально-полировальная машина. Студенттер металл мен жыныстың құрылымын қарап, зерттей алады.
2-сурет Металлургия жұмыс барысы
3 – сурет Тау-кен ісі
3 Металлургия мамандығы туралы
Металлургия (грек. metallurgeo – руда өндіремін, металл өңдеймін, metallon - рудник, металл және ergon - жұмыс) - ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
4 – сурет Металлургия өндірісі
Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка селосының жанындағы Артемьев кеніші (жылына 1,5 млн.т мыс, мырыш және қорғасын кенін өндіреді). Металлургияның қарапайым салалары адамзатқа өте ерте заманнан белгілі болған. Кіші Азияны мекендеген халықтар б.э.б. 7-6 мыңыншы жылдардың өзінде мыс өндірген. Сол кезде-ақ адамзат таза алтын, күміс және метеориттік темірмен танысқан.
Алғашқы кезде бұйымдар жасау үшін металдар салқын күйінде өңделген. Темір мен мыс салқындай өңдеуге икемсіз келген. Сондықтан кең таралмаған. Ұсталық өнердің дамуына байланысты металдарды ыстықтай өңдеу тәсілі ашылды. Бұл жаңа технологиялық тәсіл болды. Осыдан соң мыс бұйымдар жасау кең таралған. Тотықтанған рудалардан мыс қорыту және құю әдісі игерілген соң мыс өндіру және оны пайдалану (б.э.б. 5-4 мыңыншы жылдары) шапшаң дами бастаған. Таяу Шығыс пен Орта Еуропада б.э.б. 2000 жылдары сульфидтік рудалардан күйдіру және қайта қорыту тәсілдерімен мыс тазалау және қола өндіру игерілді. Бұл кезең қола дәуірінің басы болды. Осы кезеңдерде мыс өндіретін көріктер, зауыттар мен фабрикалар пайда бола бастады. Мыс өндірісіндегі елеулі бет бұрыс В.А.Семенников ұсынған (1866) штейнді конвертерлеу тәсілінен кейін өріс алған. 1880 жылы француз металлургы Мане балқыламаларға бір бүйірінен ауа үрлеу тәсілін ұсынады.
Мыс металлургиясын әрі қарай дамытуға кен байыту процестерінің кемелдендірілуі, гидрометаллургиялық тәсілдің, бактериялар арқылы кен байыту әдісінің ашылуы әсерін тигізді.
Темір - алғашқы кезде өте қарапайым әдіспен от шоғында балқыту, ал бертін келе үрлеу көрігі арқылы өндірілетін болған. Бұл әдістер бойынша алынған темірдің құрамында көміртек мардымсыз аз болатындықтан, одан жасалған бұйымдар жұмсақ болды. Көміртекті темір алу әдістері ашылған соң темір маталлургиясы жаңа даму алды. Б.э.б. 1000 жылдары адамзат пайдаланған материалдардың ішінде темірдің маңызы зор болды. Көріктің аумағын үлкейту және құрылысын кемелдендіру негізінде 14 ғасырда кішігірім домна пеші (домница) пайда болды. Орта ғасырларда шағын домна пештерімен темір, шойын және болат өндіру игерілді. 1740 жылы Англияда темірді тигель әдісі өндіріске енгізлді. Бұл әдіс бұған дейін шығыс халықтарына белгілі-тін. Тигельдік қорыту әдісі негізінде құйма болат алу игерілді.
Шойын металлургиясының жоғары сатыға көтерілуіне дымқыл ауа үрлу әдісінің ашылуы. қыздыруға коксты пайдалану (1735), ауа үрлеуге бу машинасын пайдалану (1782) т.б. жайттар себепкер болады.
Болат металлургиясының қарқынды дамуына бессемер процесінің ашылуы (1856), мартен (1864) және томас (1878) процестерінің өндіріске енгізілуі зор ықпал жасайды. 20 ғасырда болат өндірісі агрегат қауатын арттыру, таза оттек үрлеу, конвертерді пайдалану, болатты үздіксіз құю т.б. технологиялық жаңа тәсілдердің пайдаланылуына сәйкес жаңа сатыға көтеріледі.
Алтын табиғатта таза күйінде кездесетіндіктен ол ерте кезден-ақ құмды шаю арқылы өндірілетін. Алтынды күмістің қоспасынан тазарту үшін ауамен тотықтандыру және күмісті қыздыру арқылы сульфидке түрлендіріп барып тазарту әдістері пайдаланылады. 13-14 ғасырларда алтыннан күмісті ажырату үшін азот қышқылын пайдалану әдісі ашылды. Орыс ғалымы П.Р.Багратион 1843 жылы алтын рудаларын циандау тәсілін ұсынды. Алтын металлургиясы флотациялық және гравитациялық кен байыту тәсілдері ашылған соң жедел қарқынмен дами бастады. Қорғасын алғашқы кезде күміс галонитінен ажыратылып алынатынды. Бұл процесс руданы күйдіруден көрікпен не ликвациялық балқытулардан тұрды. Қазіргі кезде қорғасын полиметалл рудаларын флотациялық байыту, агломерациялық күйдіру, шахталық пеште тотықсыздандыру және тазалу тәсілдері бойынша өндіріледі.
Қалайы - адамзаттың көне заманда игерген алғашқы металдарының бірі. Ол қарапайым шахталық пештерде қорытылып, бөгде қоспалардан ликвациялық және тотықтандыру тәсілдері бойынша арылтылатын. Қалайының рудадағы мөлшері қорғасынға қарағанда өте аз әрі онда неше түрлі бөгде қоспалар (күкірт, мышьяк, сурьма, висмут, күміс, т.б.) болады. Сондықтан да қалайы күрделі технологиялық процестер (руданы байыту, күйдіру, концентраттағы үстеме қоспаларды қышқылдандыру, магниттік сеперациялау, электр не шахталық пештерде тотықсыздандыру негізінде тазартылмаған (қара) қалайы алу және мұны тазарту) арқылы өндіріледі.
Сынап - алғашқы кезде руданы күйдіру (сынап салқын заттарға конденсацияланады) арқылы алынатын. Бертін келе сынап күйдіру тәсілімен керамикалық (16 ғасыр) және темір астауларда (17 ғасыр) бөлініп алынатын болды. 1812 жылдан бастап сынап бөліп алу үшін шарпыма пеш, ал соңғы кезде шахталық және айналмалы түтікті пештер пайдаланылуда. Сынапты қайнамалы қабатты пештерде өндіру ең алғаш рет біздің елде іске асырылды.
Таза мырыш өндіру тәсілі 6 ғасырда Қытайда, 12 ғасырда Персияда белгілі болды. Ол әдіс Еуропаға 16 ғасырдың соңында келген. Қазіргі кезде мырыш полиметалдық сульфид рудаларын (құрамында қорғасын, мыс, асыл металдар бар) байыту арқылы және қорғасын концентраттарын күйдіру әрі гидрометаллургиялық тәсіл бойынша қайта өңдеу (қышқылсыздандыру және электролиз) арқылы өндіріледі. Таза мырыш өндіруде электролиз тәсілінің маңызы еркеше.
Металлургия салалары:
Қара металлургия — металлургияның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы. Дүние жүзінде өндірілетін барлық металдардың 95% ға жуық үлесі қара металдардың еншісіне тиеді. Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы – темір кентастары. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі мен Лисаковск комбинатында өндіріледі (жылына 36 миллион тонна).
Түсті металлургия — кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металдар мен олардың қорытпалары өндірісін қамтиды. Республикада түсті металлургия шикізатынан сирек және шашыраңқы металдарды ажыратып алу мәселесінен маңызды нәтижелер алынды (Е.И. Пономарева, О.А. Сонгина). Түсті металдардың вакуумдық металлургия саласы жақсы жолға қойылды (Р.А. Исакова).
Галламды металлургия — су ерітінділерінен галламдарды (галлийдің электрлік теріс зарядталған басқа металдармен сұйық қорытпасы) химиялық жолмен қалпына келтіру арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін зерттейді. Металлургияның бұл жаңа саласы дүние жүзінде алғаш рет Қазақстанда 1960 жылдары В.Д. Пономарев, А.И. Зазубиннің басшылығымен жасалды. Алюминий галламындағы сілтілі ерітінділерден алынған галлийдің цементтелуін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми жұмыстар жүргізілді (Пономарев, Е.А. Шалабина, Т.Д. Остапенко). Металлургияның бұл әдісі көптеген шет елдерде (АҚШ, Канада, Жапония, т.б.) патенттелді. Плазма металл бетін тазалауда және әр түрлі беттерді металмен қаптау технологиясында, термоядролық зерттеулерде, плазма химиясында, т.б. қолданылады. Плазма металлургияда қиын балқитын металдар мен олардың қосылыстарын алуда аса қажет. Оның артықшылықтары – түсті және сирек кездесетін металдарды алу кезінде жоғары температура (10000 – 20000 К-ге дейін) алуға және газды ортаның құрамын басқаруға мүмкіндік береді; қыздыру мен балқыту плазмалық доға арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда металлургия саласы бойынша “Металлургия және кен байыту институты”, Химия-металлургия институты, ҚазақӨТУ нәтижелі табыстарға қол жеткізіп келеді. Металлургия ғылымының дамуына өз үлестерін қосқан қазақстандық ғалымдар: Х.К. Аветисян, Е.А. Букетов, А.Қонаев, В.В. Михайлов, И.Онаев, В.Д. Пономарев, М.А. Соколов, А.Л. Цефт, Б.Бейсембаев, А.И. Зазубин, С.Қожахметов, Р.А. Исакова, Е.И. Пономарева, Л.П. Ни, т.б.
4 Оқу практикасы
Оқу практикасы - жоғары оқу орындарында студенттердің алған ғылыми-теориялық білімдерін тереңдету мен бекіту мақсатында жүргізіледі және тәжірибелік және зерттеу жұмыстарының дағдыларын ендіру. Оқу практикасы өндірістік практиканың алдында болады, оны өтудің дайындау сатысы ретінде кіші курстарда өтіледі. Оқу практикасының алғашқы күні біз факультеттің деканымен кездесу болды. Оқу практикасы жайлы түсіндірді. Өзіміздің "Металлургия және тау - кен ісі" кафедрасының тарихына ұғындық.
Екінші күні біз Micromine программасымен таныстық. Сол программа арқылы карьер моделін сыздық. Micromine кен орындарын 3D үлгілеуге арналған бағдарлама кен орындарын бағалау, жобалау, оңтайландыру және тау-кен жұмыстарын жоспарлау құралдарын ұсынатын кен орындарын 3D-үлгілеуге арналған кешенді шешім болып табылады. Жүйе пайдаланушыларға жобаның жан-жақты шолуын ұсынады, соның арқасында табысқа жету мүмкіндігін арттыра отырып, перспективалы учаскелерді мұқият зерттеуге көңіл бөлуге болады. Micromine 10 модулден тұрады. Бағдарламаның ауқымдылығы мен құрамдас құрылымы қазіргі уақытта компанияға қажетті Micromine функционалын таңдауға мүмкіндік береді. 64 биттік жүйемен үйлесімділіктің жаңа мүмкіндігі бұрын үлкен деректер массивімен жұмыс істейді.
Жүйенің мүмкіндіктері;
Бағдарлама құралдары кәсіпорында бірыңғай ақпараттық кеңістік құруға, басқаша айтқанда, геологиялық модель жасауға мүмкіндік береді. Модель тау-кен-геологиялық деректерді құрылымдайды, пайдалы қазбалардың сапалық көрсеткіштері, Тектоникалық бұзылулар туралы ақпаратты қамтиды, қабаттардың және кен денелерінің жатуын көрнекі көрсетеді. Геологиялық модельден басқа, кен орнын жерасты қазу үшін жерасты тау-кен қазбаларының желісі құрылады. Ашық игеру кезінде карьердегі тау-кен жұмыстарының жағдайы, сондай-ақ үйінділер мен жолдар қалпына келтіріледі. Модель негізінде тау-кен жұмыстарын талдау және одан әрі жоспарлау жүргізіледі. ГАЖ-да жоспарлау кен орнын игерудің оңтайлы реттілігін, берілген кезең үшін жұмсалған көлем бойынша қорытынды есепті алуға мүмкіндік береді.
5- сурет Майкромайн бағдарламасы
6 – сурет Майкромайн бағдарламасы
Үшінші күні оқу зертханаларымен таныстық. Кузьмин С.Л. бізге экскурсия жүргізді. Факультетте жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды, олардың құрамында техникалық ғылымдарының докторы, профессор Найзабеков А.Б., техникалық ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Лежнев С.Н., техникалық ғылымдарының кандидаты Кузьмин С.Л., Верин., Фтонин Е.А., физико-математикалық ғылымдарының кандидаты Шалдыкова Б.А., Арепьева С.В., саяси ғылымдарының кандидаты Тажибаев Р.Х. Соңғы жылдары факультетіміздің кафедраларына жас магистрлер жұмыс істеуге келді: Салько О.Ю., Искаков Р.Ж., Нурмухамбетова Г.Т., Аскарова Р.А, Каттыгарин Ж.Н. және т.б. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдернде жүргізіледі. Колледж түлектері үшін оқытудың қысқартылған нысаны қарастырылған. Факультетте 46 топ бар. Мұнда оқитын студенттердің жалпы саны – 468, оның ішінде 176 – грантта оқиды. Студенттердің қолданысы үшін 43 кабинет ұсынылған, оның 17 зертханалық. Есептеу бөлмелері соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған. Факультеттің ерекше мақтанышы металл және тау жыныстарының құрамын оқыту бойынша зертханалық бөлмелер болып табылады. Онда тегістеуді дайындау үшін және микроскопта зерттеулер жүргізу үшін OLIMPUSВХ-53М микроскопы және «SAPHIR 520» шлифовально-полировальная машина. Студенттер металл мен жыныстың құрылымын қарап, зерттей алады.Металл мен жыныстың химиялық құрамын анықтау үшін миниатюрлі рентгендік трубкалар мен қатайтқыш детекторлар технологиясын қолданумен ThermoNiton рентгено-флюоресцентный спектрометрі бар. Көп элементті талдаудың жоғары жылдамдығы және бір уақытта алынған нәтижелердің сенімділігі мен дәлдігі өлшеу уақытын айтарлықтай қысқартуға және құралдарды үнемдеуге, көп жағдайда зерттеудің күрделі зертханалық әдістерін қолданудан бас тартуға мүмкіндік береді. Портативтілік, пайдалану қарапайымдылығы және кез келген түрдегі материалдың, форманың және өлшемнің үлгілерін талдау мүмкіндігі, қызған немесе дірілдейтін нысандар сияқты, аспапты өндіріс жағдайында және дала жағдайында жұмыс істеу үшін мінсіз бейімделген етеді.
7-сурет Құбырлы пеші
8-сурет Thermo Niton рентген-флюоресцентті спектрометр
Оқыту сапасын арттыру мақсатында Рудный индустриалық институтының басшылығы гидравлика, пневматика және автоматика компоненттерінің құрылуына әлемдік көшбасшы болып табылатын «FESTO» концернінен заманауи зертханалық стенд сатып алды. Аталған зертханалық бөлменің басты ерекшелігі мен артықшылығы оның конструктордың принципі бойынша жұмыс істеуінде. Яғни, стенд құрамына әр түрлі комбинацияларда қосылу мүмкіндігі бар компоненттер кіреді. Аталмыш принцип студенттің өзіндік жұмысын белсендіреді, заманауи өнеркәсіптік жұмыстың агрегаттық-тораптық принципінің артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Металлургия және тау-кен ісі кафедрасымен құрылған және жабдықталған геологиялық мұражайда тек Қазақстанның кенорындарының емес, көптеген шет елдердің кенорындарының тау жыныстары мен минералдары қойылған. Мұражайдың құрылуына кафедрада жұмыс істеген геолого-минералогиялық ғылымдарының докторы, профессор Александр Иванович Ивлев пен аға оқытушы Шитова Раиса Валентиновналар үлкен рөл атқарды.
9-сурет Мұражай
2015 жылы СВП-08 өнеркәсіптік бұрандалы стан және Nabertherm неміс фирмасының түтік пеші орнатылған «Металлды илемдеу» зертханалық бөлмесі құрылды. Зертханалық бөлмеде Металлургия мамандығының студенттері «Металлдарды қысыммен өңдеу», «Илемдеу өндірісінің технологиясы» пәндері бойынша сабақтар өтеді және ғылыми-зерттеулік сипаттамасында дипломдық жобалар орындайды. Қазіргі уақытта жабдықтардың жұмысын бақылау үшін өндірісте бұзбайтын бақылау жабдығы енгізілуде және институт түлектері американдық Fluke фирмасының ультрадыбыстық дефектоскоптары мен дірілін өлшеуішінде зерттеулер жүргізуде. Механикалық жабдықты диагностикалау үшін заманауи Fluke 810 діріл өлшеуіші бірден өлшеу нәтижелерін бере алады. Ол жабдық жұмысындағы жоспардан тыс іркілістерді бақылауды, ұқсас проблемаларға жол бермеу және жөндеу, техникалық қызмет көрсету және мерзімдік тексеру кезінде бірінші кезектегі міндеттерді шешу бойынша алдын алуды жүзеге асырады. Бірегей технология көмегімен және құрылғылар мүмкіншілігімен механикалық жабдықтардың диагностикаларын өте жылдам әрі тиімді орындауға болады. Біздің ЖОО-ның 50-жылдығна арнап «ССКӨБ» АҚ МжТІ кафедрасына маркшейдерлер мамандарын дайындау кезінде қолданылатын заманауи геодезиялық және маркшейдерлік құрылғылармен жабдықталған сынып сыйға тартты.
Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ АҚ) — Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кіретін темір кенін өндіретін және байытатын қазақстандық ірі кәсіпорын). Өндірістік бірлестік құрамына төрт Карьер кіреді — Соколов, Сарыбай, Қашар (бұрынғы қашар КБК) және Қоржынкөл, Соколов шахтасы, доломит кеніштері, кен дайындау және шегендеу кешендері, Алексеев доломит кеніші, металл илектеу және Жөндеу-механикалық зауыттары. Энергетикалық құрамдас бөлігі Рудный ЖЭО болып табылады.
10-сурет Карьер ССКӨБ
11-сурет Карьер ССКӨБ
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқу практикасы 1 апта бойы жүргізілді. Осы 1 аптада мен өзімнің мамандығыммен, Рудный индустриялық институтының шығу тарихымен, және де ғылым докторларымен танысып көптеген білім алдым. Практика маған аса қиынға соққан жоқ. Micromine программасымен карьердің моделін сызып, зертханалық көрмелермен таныстық. Практиканың сонында карьерге барып өз көзімізбен көрдік. Бізді карьердің шығу тарихымен таныстырды. Ол жерде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтап 2 сағат көлемінде өзімізді маман ретінде сездіндік.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Официальный сайт РИИ.Режим доступа : мат-тех-каф-МиГД | Рудненский HYPERLINK "https://www.rii.kz/ru/%D0%BC%D0%B0%D1%82-%D1%82%D0%B5%D1%85-%D0%BA%D0%B0%D1%84-%D0%BC%D0%B8%D0%B3%D0%B4/" HYPERLINK "https://www.rii.kz/ru/%D0%BC%D0%B0%D1%82-%D1%82%D0%B5%D1%85-%D0%BA%D0%B0%D1%84-%D0%BC%D0%B8%D0%B3%D0%B4/"Индустриальный Институт (rii.kz)
2 Компания MINEX. Режим доступа : MICROMINE — МАЙНЕКС Россия 2019 (minexrussia.com)
Достарыңызбен бөлісу: |