Метаморфизм және метоморфтық тау жыныстары Агзамов Елдос



бет1/2
Дата28.04.2023
өлшемі27,12 Kb.
#88119
  1   2

Метаморфизм және метоморфтық тау жыныстары
Агзамов Елдос
ГПР-20-1
Метаморфизм түрлері локалдық (жергілікті) және регионалдық (аймақтық) болып екіге ажыратылады. Локалдық түрі контактілік (шекаралас немесе жап-сарлық) және дислокациялық метаморфизм түрлеріне бөлінеді.


Контактілік метаморфизм ыстық магманын, суына келе (жер кыртысының жоғарғы суық қабаттарында) шөгінді жыныстар арасында интрузиялық денелер (плутондар) түрінде қалыптасу барысында, олардың шекаралық бөліктерінде немесе жапсарларын-да әр түрлі өзгерістер (ореолдар) түрінде байқалады. Шекаралық өзгерістер плутонды айнала қоршаған шөгінді жыныстардың жапсарларын (экзоконтактілік метаморфизм) және плутонның перифериялық шеткі бөліктерін (эндоконтактілік метаморфизм) бірдей қамтиды. Шекаралық өзгерістердің (контактілік ореолдардың) ені бір см-ден бірнеше км-ге дейін өзгеріп отырады (IX. 1-су-Рет). Контактілік метаморфизмнің дамуына әсерін тигізуші негізгі факторлар магмалық дененің ыстық температурасы және магманың дифференциациялық жіктелуі кезінде бөлініп шығатын ұшпалы компоненттер мен ыстық су ерітінділері. Соңғы айтылған фактормен (ыслық су ерітінділерімен) байланысты байқалатын метасоматоздық әрекеттердің нәтижесінде жаңа минералдар түзіліп (метасоматозға ұшыраған), тау жыныстарының алғашқы құрамы өзгеріп жаңарып отырады. Сонымен контактілік метаморфизм: термоконтактілік және контактілі-метасоматикалық болып екі түрге ажыратылады.


Термоконтактілік метаморфизм ыстық магманың (ин трузиялық плутондар түрінде қалыптасу барысында) өз жолында кездескен және оны айнала қоршаған тау жыныстарына тигізетін температуралық әсерімен сипатталады. Бұл процестердің нәтижесінде (қоршаған ортаны құрайтын) тау жыныстары қайта кристалданып жаңа минералдар түзіледі, бірақ олардың жалпы химиялық құрамы өзгеріссіз сол күйінше сақталады. Мысалы, тер-моконтактілік әрекеттерге ұшыраған құмды-сазды жыныстар тығыздала келе қайта кристалданып мүйізшелерге (роговиктерге), ізбесті тастар — мраморға, кварцты құмтастар — кварциттерге айналады.


Термоконтактілік метаморфизмнің ерекше бір түрі- пирометаморфизм деп аталады. Бұл жағдайда ыстық лаваның күйдіру-пісіру әсеріне байланысты, тау жыныстарының азды-көпті өзгерістері (структуралық) байқалады. Мұндай өзгерістердің аумағы әдетте шамалы (бірнеше см-дей) ғана болып келеді.


Контактілік-метасоматикалық метаморфизм кезінде суына бастаған магмалық дененің (интрузиялық плутонның) қоршаған ортаға тигізетін температуралы” әсеріне минералданған ыстық су ерітінділері мен газдардың (магмадан бөлінген) әсері қосылады. Олардың арасында байқалатын әр түрлі химиялық әрекеттерді (реакцияның) нәтижесінде кейбір элементтер бір-бірімен өзара орын алмастырады. Соған байланысты тау жыныстарының алғашқы химиялық және минералогиялық рамы өзгереді. Осындай жолмен пайда болған тау жыныстары — метасоматиттер деп аталады. Олардың ішінде ең жиі кездесетіндері — скарндар мен грейзендер болып саналады. Скарндар интрузиялық денелердің ізбесті тастармен жапсарлас шекаралық зоналарында пайда болады. Олармен байланысты темір, мыс, қорғасын, мырыш, вольфрам рудалары жиі кездеседі.


Ал грейзендер болса, олар гранит, гнейс тәрізді жыныстарға су буы мен әр түрлі газдардың әсер етуі жағдайында пайда болады. Олардың негізгі құрамы — кварц пен слюдалардан тұрады. Грейзендермен байлаиысты сирек кездесетін металдардың рудалары (вольфрамит, молибденит, касситерит, топаз және т. б.) бірге кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет