тектоникалық қозғалыстармен, магмалық, жанартаулық, т.б.
процестермен тығыз байланысты. Сейсмикалық толқындардың жер
мантиясының қимасынан ӛту жылдамдығы да қима деңгейінің
терендігіне тікелей байланысты. Нақ осы байланыс негізінде, яғни
сейсмикалық
толқындардың
мантия
қимасынан
ӛту
жылдамдығындағы ӛзгерістерді саралау нотижесінде Ж.м. шартты
түрде үш бӛлікке бӛлінген: жоғарғы мантия, немесе В облысы —
Мохоровичич және Голицын жазықтықтарының аралығы; тӛменгі
мантия, немесе мантияның
Д облысы (кейде "45 градусты даралану
деңгейі" деп аталады), шамамен 950 км терендік пен жер ядросы
жабынының (2900 км терендік) аралығын қамтиды; алмасу белдемі
деп аталатын мантияның ортаңғы бӛлігі (мантияның С облысы)
Голицын жазықтығы мен "45 градусты даралану деңгейінің"
аралығына орналасқан. Астеносфера (кӛне грекше: asthees — осал
және кӛне
грекше: —
шар)
—
Жер
шарының
жоғары мантиясындағы қаттылық,
беріктік
және
тұтқырлық
қасиеттері тӛмен қабаты, литосфера тӛсеніші. Қатты заттан
құралған астеносфераға кей жағдайда сұйықтық қасиеттер тән.
Астеносфера аз ғана тектоникалық кернеулерәсерінен-ақ аққыштық
қасиетке
ие
болады.
Сӛйтіп
ол
литосфера
массасыныңгидростатикалық тепе-теңдік
жағдайын
сақтайды.
Астеносфераның жоғарғы жапсары құрлықтарда орта есеппен 100
км тереңдікте, мұхит түбінде 50 км тереңдікте, ал тӛменгі шекарасы
250-350 км тереңдікте орналасқан. Астеносфера қабаты ӛзін
кӛмкерген литосфера аумағындағы сан алуан эндогендік
процестердің
(тектоникалық
қозғалыстар,
магмалар әрекеті, метаморфтану т.б.) жүруіне әсерін тигізеді.
Сондықтан
Астеносфераның
планетаның геологиялық даму
тарихында алатын орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: