алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа
бӛледі:
1. продуценттер (ӛндірушілер);
2. консументтер (тұтынушылар);
3. редуценттер (ыдыратушылар).
Табиғи байлықты тиімді, ұқыпты пайдалану үшін Биоценозды жан-
жақты зерттеудің маңызы зор.
БОРА (грек. boras — солтүстік жел) аласа жоталардың (300 — 600
м) ық беткейімен градиенттік қысым мен тартылыс күші әсерінен
үлкен жылдамдықпен (40 — 60 м/с) тӛмен
қарай бағытталып
соғады. Қазақстанда Солт. Балқаш ӛңірінде байқалады. Бора —
теңіздің дәл жағасындағы аласа тау жотасынан қатты күшпен тӛмен
соғатын суық жел. Бора кӛбіне қысты күні соғады. Бора
Адриатикалық теңіздің жағасында, Новороссийск ауданында,
Байқалда,
Жаңа жерде, Прованста, Техаста тағы басқа жерлерде
жиі байқалады. Боран – күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам)
әсерінен
топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып
соғуы.
БОРАН соққан кезде айнала түтеп, ештеңе кӛрінбей кетеді.
Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді.
Қарлы Боранның
Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды ӛңірлерде
Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы
Боранды Ебі Бораны, Сӛгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында
жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді.
Боран — қатты жел соққандағы және ауа температурасы тӛмен
болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің
далалы аудандарында қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: