Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет43/206
Дата16.01.2023
өлшемі4,63 Mb.
#61433
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   206
ГЕОГРАФИЯЛЫК ЛАНДШАФТ — құрамындағы табиғат 
құраушылары (жер бедері, климат, су, топырақ, ӛсімдік 
бірлестіктері мен жануарлар) мен морфологиялық бӛліктері (фация, 
қоныс, жергілікті жер) ӛзара үйлескен, ӛзіндік құрылымы бар, 
географиялық қабықтың салыстырмалы түрдегі біртектес бӛлігі. 
―Ландшафт‖ (нем. land — жер, schaft — ӛзара байланысты 
білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л.С. Берг енгізген. 
Географиялык ландшафтқа тән негізгі кӛрсеткіштер қатарына 
аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы
құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, 
зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады. Географиялык 
ландшафт терминінің ―тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай 
отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені‖ немесе ―табиғи геожүйе‖ 
деген де анықтамасы бар. Ландшафтар типке, тип тармағына және 
түрге жіктеледі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен 
қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. белгілері ескеріледі.Жер 
шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық 
сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі 
масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады. Қазіргі кезде 
Географиялық ландшафттардың матем. моделі жасалынып, олар 
жайлы мәліметтер компьютерлік ӛңдеуден ӛткізіледі. Адам 
әрекетінен 
ӛзгерген 
ландшафт 
антропогендік 
(жасанды) ландшафт деп аталады. 
ГЕОЖҤЙЕ, географиялық жүйе - географиялық қабыктың ӛзара 
байланыстағы және ӛзара әрекеттес кӛптеген құрамбеліктерінен 
тұратын географиялық түзілім. Қазірге дейін барлық қалыптасқан 
анықтамалар бойынша геожүйе - әр текті элементтердің жүйелік 
қасиеттерінің (тұтастығы, ӛзара байланысы) кӛрінуі; осы 
анықтамалардың екінші бӛлігі - жүйенің теографиялылытъшың 
белтілері (жүйе элементтерінің немесе бӛліктерінің аумақтық 
реттілігінің қатынастары; Жерге, жер бетіне, географиялық 
қабыққа, тағы да басқалары қатыстылығы) кӛрсетіледі. "Геожүйе" 
ұғымының 4 топтағы негізгі анықтамалары қалыптасқан термин: 1) 
табиғи географиялық түзілімдер үшін; 2) табиғаттың, халықтың 
ЭВМ шаруашьшықтың элементтерін бір уақытта бірдей қамтитын 
күрделі түзілім үшін; 3) табиғаттық және әлеуметтік-экономикалық 
түзілімдер 
үшін; 
4) 
Геожүйе 
ғылымдарды 
қамтитын 
ғылымдарының барлық нысандарын белгілеу үшін қолданылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   206




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет