Максимальді термометр ТМ-1, бақылау мерзімі аралығындағы ең
максимальді температураны кӛрсетеді. Ол будка ішінде
горизонтальді
түрде,
резервуары
сәл
тӛмен
кӛлбеу
орналастырылады. Резервуары цилиндр формалы,
ішіне сынап
құйылған және шыны түтікшенің сынаптан жоғарғы жағы
вакумдалган, шкаласының бір бӛлімі 0,5°С-ға тең, ӛлшеу шекарасы
минус 20-тан плюс 70 °С аралығында, ӛлшеу дәлдігі 0,1 °С.
Резервуарының ішінде, оның табанына жапсырылған шыны штифт
болады. Ол штифтің ұшы шыны түтікшеге
біршама кіріп
тұрғандықтан, түтікшедегі сынаптың резервуарға кайтып кіруін
қиындатады. Ауа температурасы жоғарылағанда сынаптың келемі
ӛсіп, оның бір бӛлігі шыны түтікшемен қозғалады, ал температура
темендегенде түтікшедегі сынап резервуарға кайта кіре алмайды.
Осылайша
максимальді
температура
сақталып
қалады.
Температураны ӛлшеп болганнан кейін
термометрдін ортасынан
ұстап (резервуары тӛменде) бірнеше рет қатты сілкіп түтікшедегі
сынапты резервуарга қайта кіргізу керек, сонда оның кӛрсеткіші
нақты
температурамен
(психрометрлік
термометрдің
керсеткішімен) теңеледі.
Достарыңызбен бөлісу: