БРИЗ (фр.
brise —
жел)
— теңіздердің, кӛлдердің (
кейде
ірі
ӛзендердің) жағасында тәулік ішінде ӛз бағытын карама-қарсы
жаққа ӛзгертіп соғатын жел. Күндізгі Бриз теңізден (
кӛлден)
құрлыққа карай соқса, ал түнгі Бризқұрлықтан теңізге (
кӛлге) қарай
соғады. Құрлық пен судың бірдей жылынбауы салдарынан беткі
ауа қабаттарындағы атмосфералық қысымда айырма пайда болады
да, ауаның қозғалысы басталады. Күндізгі Бриз (теңіздік) теңізден
қызған құрлық бетіне (жағалауға), ал түнгі Бриз (жағалық)
салқындаған құрлық бетінен теңізге қарай соғады. Бұл табиғи
құбылыс негізінен жаз айларына тән. Себебі, жазда құрлық пен
теңіз үстіндегі тәуліктік ауа темп-расының айырмасы 20ӘС-қа
дейін жетеді. Бриз жер бетінен жүздеген метр (кейде 1 км-ден
астам) биіктікке дейінгі ауа қабатын қамтиды, ондаған қашықтыққа
дейін соғады. Теңіздік Бриздің жылд. 7 м/с-қа дейін
жетеді.
[2]
Бриздер теңіздер мен үлкен кӛлдердің жағалауында
байқапады. Олар су айдындары мен құрлық арасындағы тәулік
ішіндегі температура мен қысым айырмашылығынан пайда болады.
Күндіз жел теңізден жағалауға (теңіздік бриз), ал түнде жағалаудан
теңізге (жағалық бриз) бағытталады. Бриздердің жылдамдығы,
әдетте, 3—5 м/с, тропиктерде бұл кӛрсеткіш әлдеқайда жоғары.
Теңіздік бриз құрлықта ауа температурасын тӛмендетіп,
салыстырмалы
ылғалдылығын
арттырады.
Мәселен, Үндістандағы Мадраста теңіздік бриз әсерінен ауа
температурасы 2—3°С-қа тӛмендеп, ылғалдылық 10—20%-ға
жоғарылайды, ал Батыс Африкада бұл кӛрсеткіштер тиісінше 10°С
пен 40%-ды құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: